1162-нұсқа
1-Мәтін
Тасып жүргенім жоқ...
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны
теңгере алмадың, біреу біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара алмадың», - деп өкпелепті. Нұралыға
бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді. Сонда Нұралы:
-Батыр, қайырылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің –ау! – депті. Сонда Сырым:
-Хан, тасып жүргенім жоқ, алты алаштың басын қоса алмай сасып жүрмін, - депті.
1. Мәтінде қолданылмайтын қарама – қарсы ұғымдар
A) Аз бен көп
B) Тасу - сасу
C) Ақ пен қара
D) Нашар мен мықты
Е) Тату мен араз
2. Сырым Нұралы ханның қандай әрекетіне өкпелі?
A) Қаталдығына
B) Тілінің қыршаңдығына
C) Әділетсіздігіне
D) Көпшілдігіне
Е) Өктемдігіне
2-Мәтін
Марс ғаламшары туралы қызықты деректер
Марс – күннен алыстығы жөнінен төртінші ғаламшар саналады. Ғаламшардың аты ежелгі
римдіктердің соғыс құдайы Марстың құрметіне қойылан. Оған себеп жұлдыздың қан түстес қызыл
болғандығы деп айтылады. Ғаламшардың ұсынған болжамы бойынша, мұндай түс ғаламшардың
атмосферасында темір оксидінің өте көп болуымен байланысты. Өз осінен айналуы бойынша Марс
шамамен Жермен бірдей айналым жасайды. Марстағы бір жыл Жердегі 687 тәулікпен пара – пар.
Марстың диаметрі Жерден екі есе кіші болса, салмағы 9 есе жеңіл.
Марс Күн жүйесіндегі ең ірі тау массивіне ие. Оның ең үлкені – Олимп сөнген жанартауы. Марс
бетінде Жердегі ең биік шың саналатын Эверестен бірнеше есе биік таулар кездеседі.
Ертеректе Марста судың мөлшері біршама көп болса керек. Алайда ол кей беймәлім
құбылыстарға байланысты жоқ болған. Оған дәлел – қазіргі кездегі ғаламшар бетінде қалған өзен
сағалары. Сондай – ақ, тек қана судың әрекет етуімен түзілетін минералдардың табылуы.
Арнайы скафандрсыз Марс бетінде адам да, кез келген жануар да бір сәт те тіршілік етіп тұра
алмас еді. Ғаламшар бетіндегі қысымның төмендігі соншалық, тірі жанның қан құрамындағы оттегі
газға айналып кете береді. Бұл дегеніміз адам 5-10 секундтың ішінде жан тапсырады деген сөз.
Марстағы тәуліктік орташа температурасы шамамен – 60
℃ құрайды. Марста азон қабатының
болмауы себепті, Күн шығыстан шыға саласымен ғаламшар беті адамды күйдіріп жіберетін радиация
дозасын қабылдайды.
3. Ертеде Марста судың көп болғанының дәлелі
A) Марста темір оксидінің көп болуы
B) Марста биік таулардың болуы
C) Судың әрекет етуімен түзілетін
минералдардың табылуы
D) Ғаламшарда өзен сағаларының болмауы
Е) Қысымның өте төмендігі
4. Марста азон қабатының болмауының адамдарға тигізер зияны
A) Күйдіріп жібереді
B) Қан құрамын өзгертеді.
C) Үсітіп жібереді
D) Оттегі газға айналады
Е) Дене қысымы төмендейді
5. Марстағы орташа тәуліктік температура қанша болады?
A) -22,7
℃
B) -687
℃
C) -24
℃
D) -60
℃
Е) -37
℃
6. Ғаламшардың қызыл түсті болуын ғалымдар немен болжайды
A) Темір оксидінің көп болуы
B) Өзен сағалары
C) Тау массивіне ие болуы
D) Озон қабатының болмауы
Е) Минералдардың табылу
3-мәтін
Достарыңызбен бөлісу: |