Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат



Pdf көрінісі
бет9/78
Дата04.08.2023
өлшемі1.9 Mb.
#475959
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78
ӘНХ - 2023-2024 оқу жылы ЖОБА

PIRLS-2021 
PIRLS-2021 нәтижелері білім алушылардың ақпараттық мәтін
интерпретация, интеграция және бағалау бойынша тапсырмаларды орындауда
балдарының төмендегенін көрсетті. 
Білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша ұсыныстар: 
- оқу процесінде ақпараттық мәтіндерді пайдалануды кеңейту; 
- шынайы оқу материалдарын (басқа мектеп пәндерінің материалдары, 
нұсқаулықтар (рецептер), өмірбаян, электрондық хаттар, газет мақалалары, 
әлеуметтік желілердегі жазбалар) пайдалану; 
- оқуды оқытуды басқа пәндермен интеграциялау; оқу сауаттылығы 
дағдыларын дамыту тек тілдік пәндер сабақтарында ғана емес, пәнаралық 
контексте де жүруі тиіс; 
- оқудың әртүрлі стратегияларын қолдану дағдыларын дамыту, атап 
айтқанда білім алушылардың оқуды интеграциялау, жалпылау және бағалау 
дағдыларын дамыту; 
- өз пайымдауларын келтіруді талап ететін тапсырмаларды (ашық 
сұрақтар), сондай-ақ «қарапайымнан күрделіге» қарай тапсырмаларды 
пайдалану; 
- оқу үшін мәтінді таңдағанда сараланған тәсілді қолдану; 
- цифрлық мәтіндермен, оның ішінде интернет-ортада жұмыс істеу 
дағдыларын дамытуға машықтану; 
- пәнді оқыту шеңберінде білім алушылардың цифрлық сауаттылығын 
дамыту. 
TIMSS 
Қазақстанның TIMSS циклдарына қатысу нәтижелері бойынша мынадай 
ұсынымдар беруге болады. 
Неғұрлым 
күрделі 
тапсырмаларды 
орындауға 
қабілетті 
білім 


15 
алушылардың үлесін арттыру үшін білім алушыларда стандартты емес 
міндеттерді шешуді, деректерді түсіндіруді, нақты өмірлік жағдайларда білімді 
қолдануды, себеп-салдар байланыстарды орнатуды, экожүйелердегі процестер 
мен қатынастарды түсінуді қоса алғанда, жоғары тәртіптегі дағдыларды дамыту 
қажет. 
Бастауыш мектептегі математика сабақтарында қарапайым және ондық 
бөлшектермен жұмыс істеуге, сондай-ақ деректерді ұсынуға ерекше назар 
аудару сұралады. Кестелік мәліметтермен, графиктермен, диаграммалармен 
тапсырмаларды көбірек қолдану қажет. 
Жаратылыстану-ғылыми пәндерін оқыту процесінде білім алушылардың 
практикалық және зерттеу қызметіне ерекше назар аудару керек. Қазіргі заманғы 
физика, химия және биология кабинеттерінің барлық мүмкіндіктерін пайдалану 
қажет. Физикалық және химиялық құрылғылармен жұмыс істеу, бақылаулар
эксперименттер жүргізу және оны өз бетімен жасауға үйрету дағдыларын 
дамыту. 
Пәндік электрондық оқулықтарды пайдалана отырып, сабақтарда тест 
тапсырмаларын электрондық форматта қолдану. Экожүйе, ағзалар және олардың 
өзара әрекеттесуі, табиғат процестерін қарастырылатын бөлімдеріне ерекше 
назар аудару керек. Осы бөлімдердің тест тапсырмалары бірқатар циклдарда 
мектеп оқушыларына белгілі бір қиындықтар туғызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет