Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту



Pdf көрінісі
бет11/78
Дата04.08.2023
өлшемі1.9 Mb.
#475959
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78
ӘНХ - 2023-2024 оқу жылы ЖОБА

Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту 
Қазіргі цифрлық әлемде ақпаратты іздеу, өңдеу және сақтау, байланыс 
және ынтымақтастық, цифрлық мазмұнды құру, киберқауіпсіздік және сенімді 
әрекет ету, мәселелерді шешу, нәтижелерді талдау және ұсыну сияқты дағдылар 
қажет. 
Цифрлық дағдылар цифрлық құрылғылар мен онлайн-сервиске қол 
жеткізу және пайдалану үшін электрондық құрылғылар мен қосымшаларды 
пайдаланудағы функционалдық сауаттылықпен байланысты.
Қазіргі білім алушылардың цифрлық дағдыларын табысты қалыптастыру 
үшін білім беру процесінің барлық қатысушыларының: педагогтердің, ата-
аналардың, білім алушылардың өзара іс-қимылы қажет. 
Цифрлық сауаттылық пен дағдыларды қалыптастырудың маңызды 
шарттарының бірі цифрлық ресурстарды, цифрлық платформаларды, цифрлық 
оқулықтарды, цифрлық контентті пайдалану болып табылады. 
Білім беру ұйымдары цифрлық платформалар арқылы білім алушылардың 
цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз етуі қажет. 
Цифрлық білім беру мектептегі дәстүрлі білім беруді алмастырмайды, 
толықтырады. 
Білім алушыларда цифрлық дағдыларды қалыптастыру кезінде мынадай 
ерекшеліктерді ескеру қажет: 
- информатика пәнін оқу кезінде цифрлық дағдылардың негіздері 
қаланады; 
- цифрлық дағдыларды қалыптастыру барлық пәндерді оқу барысында 
үнемі жүреді, ал белгілі дағдыларды қалыптастыру кезінде кейбір пәндердің рөлі 
артуы мүмкін; 
- мұғалімдер цифрлық дағдылардың деңгейін үнемі арттыруға ұмтылуы 
керек. 
Инклюзивті білім беру ортасын құру 
Инклюзивті білім беру ортасы ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім 
алушыларды қоғамға, ортаға қосу үшін білім беру жағдайларын жасауды 
көздейді. 


17 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жеке көзқарастың 
заманауи тенденциялары баланы жалпы оқу ортасына қосуды, қосымша білім 
беру құрылымдары мен қолдау әдістерін құруды, олардың икемділігін 
қамтамасыз ету, дидактикалық технологияларды бейімдеу, оқу мақсаттары мен 
міндеттерін саралау арқылы мектеп бағдарламаларына қол жеткізуді қамтамасыз 
етуді көздейді. 
Инклюзивті білім беру балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
балалар арасындағы арақашықты біртіндеп жоюмен сипатталады. 
Бұл жерде назар басқа көрсеткіштерге аударылады: оқу нәтижелері
баланың әлеуметтенуі және әл-ауқаты, мектептегі қоршаған ортаны бағалау 
және жағдай сапасы. 
Білім беру процесінің барлық қатысушыларында инклюзивті мәдениетті 
қалыптастыруға, білім алушының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға 
көбірек көңіл бөлу ұсынылады. Әлеуметтену процесінде, оқу бағдарламаларын 
игеруде қиындықтарды жеңуде білім алушыға қолдау көрсету қажет. Білім беру 
ұйымдары ата-аналармен, дәрігерлермен, тәрбиешілермен, әлеуметтік 
серіктестермен, мамандармен байланыс орнатуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет