2.2 БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ
«Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес:
✓
бастауыш білім беру деңгейінде «Әліппе» (1-сынып), «Ана тілі» (1-
сынып), «Букварь» (1-сынып), «Обучение грамоте» (1-сынып), «Қазақ тілі» (2-4
сыныптар), «Қазақ тілі» (оқыту орыс тілінде 1-4-сыныптар), «Әдебиеттік оқу»
(2-4 -сыныптар), «Орыс тілі» (2-4-сыныптар), «Шетел тілі» (3-4-сыныптар);
✓
негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақ тілі» (5-9 сыныптар), «Қазақ
тілі мен әдебиеті» (5-9 сыныптар), «Орыс тілі» (5-9 сыныптар), «Өзбек тілі»,
«Ұйғыр тілі», «Тәжік тілі» (5-9-сыныптар), «Шетел тілі» (5-9-сыныптар), «Қазақ
әдебиеті», «Орыс әдебиеті» (5-9 сыныптар), «Өзбек әдебиеті», «Ұйғыр әдебиеті»,
«Тәжік әдебиеті» (5-9-сыныптар);
✓
жалпы орта білім беру деңгейінде оқытудың екі бағыты бойынша:
«Қазақ тілі» (10-11 сыныптар), «Қазақ тілі мен әдебиеті» (10-11 сыныптар),
«Орыс тілі» (10-11 сыныптар), «Өзбек тілі», «Ұйғыр тілі», «Тәжік тілі» (10-11-
сыныптар), «Шетел тілі», «Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті» (10-11 сыныптар),
«Өзбек әдебиеті», «Ұйғыр әдебиеті», «Тәжік әдебиеті» (10-11-сыныптар) пәндері
оқытылады.
Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан
Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік
оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының
(өзгерістер мен толықтыруларға ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022
№ 412
бұйрығымен енгізілген) 1–3, 11–15-қосымшаларында (1-4 сыныптар), 6–8, 16–
20-қосымшаларында (5-9-сыныптар), 21–30, 85–90-қосымшаларында (10-11-
сыныптар) көрсетілген.
«Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмұны басқа оқу пәндерімен
пәнаралық байланысты пайдалануды; білім алушылардың жас ерекшеліктеріне,
қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес тілдік дағдыларын дамытуды;
қазіргі әлемде тілдерді оқытудың маңыздылығын түсінуді; рухани-адамгершілік
құндылықтардың дамуын; көптілді және көпмәдениетті әлемнің тұтастығын
түсінуді; қарым-қатынас процесінде тұлғаарлық және мәдениетаралық
байланыстарды орнатуды; оқыту тілінде түрлі ақпарат көздерімен, оның ішінде
интернет ресурстарымен өз бетінше жұмыс істей білуді; шығармашылық және
сын тұрғысынан ойлауды дамыту және пайдалануды қамтамасыз етеді.
|