Оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұСҚау хат


Орта білім беру саласындағы зерттеулер нәтижелерін жариялау және



Pdf көрінісі
бет54/78
Дата04.08.2023
өлшемі1.9 Mb.
#475959
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   78
ӘНХ - 2023-2024 оқу жылы ЖОБА

Орта білім беру саласындағы зерттеулер нәтижелерін жариялау және 
озық педагогикалық тәжірибемен алмасу 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім» (ғылыми-
педагогикалық) және «Алтынсарин Академиясының хабаршысы» (әдістемелік) 
атты екі журнал шығарады. 
«Білім» журналында орта білім берудегі ғылыми-педагогикалық 
зерттеулердің нәтижелері жарияланады. 
Журналдың тақырыптық бағыты:
1) білім беру үдерісіндегі білім беру саясаты, инновациялар және 
цифрландыру; 
2) орта білім берудегі менеджмент 
3) пәндерді оқыту әдістемесі; 
4) тәрбие теориясы мен практикасы; 
5) білім беру жүйесіндегі психология мәселелері
6) арнайы және инклюзивті білім беру; 
7) үздіксіз педагогикалық білім беру. 
Журналдың редакциялық саясатымен, жарияланым этикасымен, жариялау 
мерзімімен және ғылыми мақалаларды жариялауға қойылатын талаптармен 
толығырақ журнал сайтынан танысуға болады: 
https://bilim-uba.kz/
 
«Алтынсарин Академиясының хабаршысы» журналында білім беру 
саласындағы оқу-әдістемелік, ғылыми-эксперименттік, ақпараттық-талдамалық, 
педагогикалық инновациялық тәжірибені тарату бойынша материалдар 
жарияланады. 
Журналдың тақырыптық бағыты:
1) білім 
берудегі 
инновациялық 
және 
педагогикалық, 
сандық 
технологиялар; 
2) үздік тәжірибе шеберханасы және әдістемелік қызмет
3) бастауыш білім берудің теориясы мен практикасы; 
4) жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесі; 
5) қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесі; 
6) техникалық және кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері; 
7) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет және тәрбие үрдісін 
ұйымдастыру; 
8) арнайы және инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы. 
Мақалаларды жариялауға қойылатын талаптармен келесі сілтеме бойынша 
танысуға болады: 
https://uba.edu.kz/qaz/nauka/10
.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет