14
практикалық есептерді шешуге бағытталған;
•
Жаратылыстану сауаттылығы: зерттеу әдістерін қолдана отырып,
әртүрлі құбылыстарды, фактілерді, оқиғаларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре білу.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығының негізгі құзыреттерін
қалыптастыру кең ауқымды дағдыларды қалыптастыратын қосымша
компоненттермен бірге жүреді: креативті ойлау; сыни ойлау; зерттеу дағдылары;
коммуникация; рефлексия; жаһандық құзыреттілік.
Функционалдық сауаттылықты дамыту үшін үш негізгі компоненттер үшін
дұрыс тапсырмаларды таңдау маңызды. Функционалдық сауаттылықты дамыту
жөніндегі тапсырмалар жыл бойы оқу процесінде біркелкі бөлінуі, балалардың
жасына және олардың когнитивтік ерекшеліктеріне сәйкес келуі тиіс. Бастауыш
мектепте тапсырмалардың оқушылардың практикалық тәжірибесіне сәйкес келуі
маңызды. Орта және жоғары сыныптарда білім
көлемін және ақпаратты
талдаудың күрделілігін біртіндеп арттыру ұсынылады. Пәнаралық және
метапәндік сипаттағы интеграцияланған тапсырмалар берілуі керек.
Тапсырмаларды орындауда дербес және топтық зерттеу жұмыстарын, жобалау
қызметін көздеуі тиіс. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру оқытудың
инновациялық формалары мен әдістерін қолдануды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: