Оқулық " Экология"мамандығы


Популяция биологиялық жүйе ретінде



бет43/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   125
treatise95823

Популяция биологиялық жүйе ретінде.Популяция (биологиялық жүйе ретінде) осы түрге жататын жеке организмдерге тән емес арнайы қасиеттерімен ерекшеленеді. Тек қана популяциялық деңгейге тән қасиеттерді сипаттайтын көрсеткіштерге сан мөлшері мен тығыздығы, жыныстық және жастық құрамы, көбею деңгейі мен өлімі және т.б. жатады. Осы және басқа да белгілері бойынша популяция биологиялық жүйенің организмдер деңгейінде ұйымдасуынан сапалы түрде өзгешеленеді. Осылайша, популяцияда сыртқы ортадан басқа популяциядан организмдерге тән морфологиялық шекарасы жоқ, популяция құрлысында морфологиялық өзгеше бөлігі болмайды, организмдер жүйесі қызметінің физиологиялық ұқсастығы, жекеленген особьтарар қызметі, популяцияны сапалы орындалуын организмдердегі мүшелер қызметі.
Биологиялық жүйе ретінде организмдер көп өмір сүре алмайды, ал популяция қажетті жағдайы сақталған жағдайда ұзақ өмір сүреді.Осы уақытта популяция жүйе ретінде организмдердің кейбір ұқсастығын ала алады, популяцияның өзіне организмдер деңгейінде биологиялық жүйе ретінде мамандануына тура келеді. Көп жағдайда, осындай ұстамды қасиеттер, құрамдық бөліктер (бүтіндей), өзіндік реттелу және бейімделу реакциясына қабілеттілік, - барлығы популяцияларға тән, және басқа деңгейдегі биологиялық жүйе ретінде организмнен биосфераға дейін тән.
Популяциядағы кеңістіктік және қызметтік құрлысы негізінде жекеленген және топтасқан формалар дамиды, популяциялық деңгейде өзіндік реттелуді құрайды, қоршаған орта жағдайының ауытқуына популяцияның жүйе ретінде тұрақтылығын анықтайды.


5.2.ТҮРЛЕРДІҢ ПОПУЛЯЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ.
Популяцияға және оны құрайтын біртұтас түрге құрылымдық тән. Түрасты – таксономдық санат, бірақ бұл сонымен қатар жалпы түрлердің ірі аумақтық топтасуы. Экологиялық тұрғыда түрасты особьтар жиынтығы, біртекті географиялық бөлікті мекендеуші түрлер ареалы және особьтардан басқа тұқымдастардың тұрақты морфологиялық белгілері бойынша айырмашылығы.
Географиялық популяция – бір түрге жататын особьтар жиынтығы, (немесе түрасты), тіршілік шарттары біркелкі жағдайдағы аумақты мекендейтін морфологиялық жағынан ортақ типті, тіршілік ырғағы біркелкі болып табылады. (Н. Г. Наумов, 1963).
Экологиялық популяция – жергілікті популяциялардың жиынтығы негізінде қалыптасады (биотоптар), биологиялық айналымның ортақ ырғағы және өмір сүру салтымен ерекшеленеді. (Н.П. Наумов, 1963).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет