Оқулық " Экология"мамандығы



бет44/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   125
treatise95823

Экологиялық популяция – аз дәрежеде географиялық оқшауланған ұсақ аумақтық топасу. Бұлар ұсақ мезо және микроклиматтың айтарлықтай айырмашылығының ерекшеленуінде, зона шегінің ұқсас жағымдылында, жер бедерінде, су режимінде және т.б. пайда болып күшіне енеді. Олар үшін особьтардың барынша тез жаңаруы тән, бірақ қимыл – қозғалысының жылдамдығына тәуелді келеді. (Маусымдық орын алмасу, жас төлдердің таралуы және.т.б.).
Экологиялық популяция өз кезегінде жекелеген особьтар қатарының тобына жіктеледі, қарапайым популяцияны білдіреді. (Н.П. Наумов), субпопуляция (С.С. Шварц), шашыраңқы немесе жергілікті популяция (К.М. Заводский). Популяция құрамы одан да ұсақ топтарға бөленеді (жанұя, парцеллалар ж.т.б.).
Популяцияның жас аралық құрылымы
Осы күйдегі популяциядағы особьтар ара қатынасын популяцияның жастық спектрі деп атайды. Жастық спектр организмдердің өлу және туылу белсенділігімен байланысты. Популяцияның жастық құрылымы сыртқы факторлар әсерінен өзгеруі мүмкін. Өйткені сыртқы факторлар туылу және өлу процестерін қадағалап отырады.
Егер популяцияда барлық жастағы особьтар біркелкі мөлшерде болса соғұрлым өміршең болады. Мұндай популяцияларды қалыпты деп атайды. Егер популяцияларда кәрі особьтар көп болса оны регрессивті немесе өліп бара жатқан популяциялар деп, ал жас особьтар саны көп популяцияларды инвазиялық немесе өсіп келе жатқан популяциялар деп атайды.
Популяциядағы әр жастағы особьтардың сандық мөлшерін салыстыру үшін жастық құрылымының гистограммасы құрастырылады.
Жастық құрылымға талдау жасау жақын арада популяцияның бірнеше ұрпақтарының сандық мөлшерін білуге көмектеседі. Мұндай талдаулар ауланатын балықтардың шамасын білу үшін балық шаруашылығында жиі қолданылады. Егер таңдап алынган табиғи популяцияның жастық құрылымының көрсеткіштеріне ортаның әсері дәл анықталып алынган болса, алдағы бес жылда аулауға болатын балықтардың мөлшері туралы дәлдігі жоғары болжамдар алуға болады.
Популяцияның этологиялық (мінез-құлық) құрылымы - Жануарлар мінез-құлқы ерекшеліктерін этология ғылымы зерттейді, яғни, бір популяциядагы особьтардың бір-бірімен қарым-қатынасын популяцияның экологиялық немесе мінез- құлық құрылымы деп атайды.
Популяциядағы жануарлардың мінез-құлқы түрдің қалай: жеке тіршілік ете ме, әлде топтаньш тіршілік ете ме - соған байланысты
Жеке тіршілік ету көптеген түрлерде, бірақ тіршілік циклының кейбір стадияларында ғана кездеседі. Түрдің өмір бойы жеке тіршілік етуі табиғатта кездеспейді. Өйткені онда негізгі функция - көбею болмайтын еді. Алайда кейбір бірге тіршілік ететін түрлерде өте әлсіз, сирек байланыс болады. Бұған мысал ретінде кейбір су жануарларын айтуға болады. Оларда ұрықтану сырттай жүреді (сегізаяқ). Ал кейбір іштей үрықтанатын түрлерде де аталық және аналық особьтардың байланысы өте қысқа, тек копуляция (шағылысу) кезінде ғана болады (хан қызы, кейбір қоңыздарда, т.б.).
Әр популяцияға белгілі бір тұрақты және орташа жас құрылымы тән. Дәл осы жасқа жас аралық ауытқулар негізделген.


Өсуші Тұрақты Қартаюшы
Әртүрлі жастық класстардағы даралардың салыстырмалы саны %



Сурет 20. Популяциялардың жастық құрылымы


Реттеуші факторлар әсерін организмдердің түраралық және түріші қарым-қатынастары деңгейінде қарастыруға болады. Гомеостаздың тұраралық механизміне жыртқыш-жемтік, иесі- паразит, бәсекелестік қарым-қатынастары жатады. Бәсекелестік популяция іші гомеостазының негізінде жатыр. Ол қатты және Щмсақ формада болуы мүмкін. Қатты формасы особьтардың өліміне алып келеді. Мысалы, орман қауымдастықтарында өскін кезінде 1 га жерде ағашты өсімдіктердің бірнеше жүз мың особы кездеседі. Қылқан жапырақты ағапггардың саны 100-120 жылдан кеиің, жапырақты ағаштар саны 50-70 жылдан соң 1 га жерде әдетте 1000 особьтан, көбіне бірнеше жүзден аспайды. Көпшілігі бәсекелестік әсерінен өледі.
Жануарлар әлемінде түріші күресі каннибализм (өзі сияқтыларды жеу) арқылы көрініс береді. Мысалы, каннибализм құбылысы кейбір кемірушілерге, жәндіктер личинкаларына, алабұға, шортан балықтарына тән.


Популяцияның динамикалық мінездемесі
Популяциялардын ішкі тұрақтылығын өз механизмдері арқылы реттеуін гомеостаз, ал популяцияның сандьш, мөлшерінің орташа шамадан ауытқуын олардьщ динамикалық тепе-теңдігі gen, яғни, белгілі бір жагдайдағы популяцияльщ өз саньш бір қальтты ұстап тұруьш атайды. Әрбір жүйенің тіршілік етуі - оның құрамы мен құрылымы, ішкі байланыстары және уақыт пен кеңістіктегі өзгерісі өзін-өзі реттеу арқылы жүзеге асып отырады. Өзін-өзі реттеу - организмдердің үнемі өзгеріп отыратын орта жағдайларында тіршіліктерін сақтап қалу үшін бейімделуі, ыңғайлануы. Популяцияның өзін-өзі реттеуі табигатта тең екі күш арқылы жүзеге асып отырады. Бір жагынан, бұл популяция санының өсуіне алып келетін барлық факторлардың жиынтыгын құрайтын биотикалық потенциал (туылу, жаңа жерлерге қоныстану, қорганыс механизмдері, т.б.), ал екінші жағынан - популяция санын азайтатын факторлар жиынтығы (судың, қоректің тапшылығы, ауа-райының қолайсыз жағдайлары, жыртқыштар, паразиттер, бәсекелестер, аурулар).
Сонымен популяция санының өсуі, азаюы немесе бір қалыпты болуы биотикалық потенциал мен орта салмағының ара салмағына байланысты. Түр популяциясы санының өзгеруі — оның биотикалық потенциалы мен қоршаған орта жағдайлары арасындағы тепе-теңдіктің бғзылуының нәтижесі.
Екі негізгі өсу типтері көрсетілген: J-типті жіне S-типті көрсетілген кисықтық өсу.


Сурет 21. Популяциядағы даралар санының өсуі
J – экспоннциальды қисық
S – логистикалық қисық
А – ортаның кедергісі
J типтік қисықта тығыздық экспонента бойымен тез өседі,бірақ орта мен лимиттік фактор әісер ете бастағанда өсу тез арада тоқтайды.
S типтік қисықта популяция басында ақырын өседі (оңтайлы жылдамдық фазасы) кейіннен тезірек өсіп отаның әсерінен бәсеңдеп тепетеңдік халге келеді.
Популяция даралары оқшаулануға байланысты көршілес популяциямен салыстырғанда барлық қасиеттері мен белгілері бойынша өзара өте ұқсас болып келеді.Топтық ерекшеліктер – популяцияның ең негізгі сипаттамасы.
Оларға мыналар жатады:
1.Саны – белгілі бір территориядағы даралар саны.
2.Популяция тығыздығы – сол популяцияның алып жатқан кеңістігінің немесе аудан көлемінің бірлігінің орташа даралар санына қатынасы.
3.Туу –көбею нәтижесіндегі бір уақыттағы жаңа даралар саны.
4.Өлім – белгілі бір уақыт мөлшеріндегі популяция ішіндегі өлген даралар саны.
5.Популяцияның өсуі - туу мен өлім арасындағы айырмашылық.
6.Өсу темпі – бір уақыттағы орташа өсу.
Әр түр, белгілі бір территорияны (ареал) ала отырып,популяция жүйесін құрады.
Түр → түрасты (нәсіл) → географиялық популяция → экологиялық популяция → жергілікті, локальды немесе элементарлы популяция. Популяцияның белгілі бір нақты құрылысы болады: жыныстық, жастық, кеңістіктік және этологиялық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет