Оқулық " Экология"мамандығы


Бейорганикалық орта – биотоп (



бет69/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   125
treatise95823

Бейорганикалық орта – биотоп (грекше bios – өмір, topes – орын) биоценотикалық жүйені қорғауға қажетті оның тіршілік етуіне қажетті жағдай болып табылады. Академик Сукачев (1964) анықтауы бойынша биоценоз жердің беткі қабатындғы біртекті табиғи құбылыстардың үйлесімділігі (атомосфералар, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер әлемі, топырақ және гидрологиялық жағдай) және осы компонеттердің өзара арнайы байланыстары бар. Ішкі қарама – қарсы жүйе, үнемі қозғалыста, дамуда болады.



Сурет 32.Биогеценоз құрлысы (В.Н. Сукачев сызбасы негізінде).
«Биоценді» «биогеноз» және «экожүйе» терминдері мағынасы бойынша жақын бірдей табиғи құбылысты білдіреді – биологиялық жүйе ұйымдасуының түр үсті деңгейі. Биоценоздың түр тұтастығын эволюциялық қалыптасқан байланыстарды ұстап тұрады, ең алдымен ақпараттық биоценоз деңгейінде ақпараттардың екі жемісі үнемі жұмыс жасайды. Олардың бірі нақты бір түрлердің популяциясының репродукциясын және тұрақты тіршілік етуін қамтамасыз етеді. Бұл жүйе өзін – өзі ұстап тұру (сақтау( және түрлердің дамуы. Екінші биоценозды компонеттерімен бір тұтас ретінде байланыстырады. Бұл – тұтас жүйе құрамында арнайы қызметтері орындауға жеке түрлердің популяциясын «мәжбүр ету». Ақпараттардың осы екі каналының қақтығысында биоценоздың жаһандық қызметін ұстап тұруын анықтайтын механизмдер құрылады (Эчус, 1986).


БИОЦЕНОЗДЫҢ ТРОФИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ.
Биоценоздардың басты қызметі- биосферадағы заттар айналымын ұстап тұру - түрлердің қоректік қарым – қатынасына шоғырланады.
Автотрофты организмдер синтездеген органикалық заттар көптеген химиялық тасмалдауға ұшырайды және соңында ортаға тіршілік әрекетінің бейорганикалық өнімі ретінде оралады, қайтадан айналымға түседі. Сондықтанда, әртүрлі қауымдастықтар құрамына кіретін түрлердің алуан түрлігі кезінде әрбір биоценоз организмдердің барлық үш экологиялық топтарын қажетімен біріктіреді – продуценттер, консументтер және редуценттер. Биоценоздардың трофикалық құрылымының көп мүшелілігі биоценология аксиомасы.
Нақты биоценоздарда продукценттер консументтер мен редуценттер көптеген түрлердің популяцияларынан тұрады, олардың құрамы әрбір жеке қауымдастыққа тән. Энергия ағымы мен заттар айналымының жалпы жүйесінде олардың орнына тәуелді барлық түрлер қызметтері бойынша бірнеше топтарға бөлінеді. Нәтижесінде түрлер нақты трофтық деңгейде қарым – қатынас пайда болады, тікелей және жанама байланыстар қалыптасып, биоценоздың тұтас трофтық құрылымын қалыптастырады.
Продуцент – түрлердің тобы алғашқы өнімділік деңгейін құрайды, оған сыртқы энергия пайдаланылады, және органикалық заттар массасы пайда болады. Алғашқы продуценттер – трофтық құрылымының негізі. Ерекше жағдайда хемосинтетикалық – бактериялар алғашқы продуценттер ретінде болады, негізінен бұл деңгей прокариоттар мен өсімдіктерден құралған.
Автотрофтар синтездеген органикалық заттың биомассасы бірінші өнімділік ретінде анықталады, ал оның қалыптасу жылдамдығы уақыт бірлігінде (немесе энергетикалық эквивалентпен) синтезделінетін биомассаның жалпы қосысындысын жалпы өнім ретінде, өсімді анықтайтын бөлігі – таза өнім ретінде дараланады, айырмашылық тіршілік әрекеттеріне кеткен энергия шығынымен анықталады (тыныс алуға кеткен шығына), мысалы, қоңыржай климатта 40 – 70% дейін жалпы өнімді құрауы мүкін. Авторофты организмдермен биомасса түрінде жиналған таза алғашқы өнімділік , келесі трофтық деңгейдегілер үшін қорек көзі болады. Алғашқы өнімділіктің тұтынушыларды – консументтер – бірнеше қоректік (әдетте 3 – 4 көп емес) деңгейді жоғары деңгейге биомассаның демалуы (көшуі) заттар мен энергияның жоғалуымен байланысты ,әр бір келесі трофтық деңгейге энергияның тек 10% ғана беріледі деп есептейді. Сонымен жалпы биомасса өнім мен энергия, жиі даралардың саясы, трофтық деңгейі бойынша өрлеген сайын алға қарай азаяды. Бұл заңдылықты Ч. Элтон (1927) экологиялық пирамидалар ережесі түрінде қалыптастырылған.
Қоректік тізбектегі органикалық заттардың синтезімен және тасылмалдануымен байланысты процесстер тізбектелу немесе «жайлым тізбегі» деп аталады. Органикалық заттардың сатылы деструкция және минералдану процестері (олар іс – жүзінде барлық қоректік деңгейге кетеді) қоректік құрылымының жеке бөліміне шоғарланады,ол ыдырау тізбектері деп аталады.
Өлі органикалық заттардың ыдырауына топырақтың омыртқасыз жануарларың (буынаяқтылар, құрттар) және микроорганизмдер белсенді қатысады. Деструкция процессі реттілікпен жүреді, сапрофагтардың «толқындары» түрге тән қоректенуге сәйкес бірін – бірі алмастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет