Оқулық " Экология"мамандығы


БИОЦЕНОЗДАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАР ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ



бет74/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   125
treatise95823

БИОЦЕНОЗДАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАР ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.
Энергетика, заттар ағымы, өнімділік, қауымдастық пен биоценоз сенімділігі.

  1. Энергия прирамидалар ережесі, Линдеманның 10% ережесі.

  2. Биологиялық күшейту ережесі.

  3. Метаболизм және даралар көлемі ережесі.

  4. Қарқынды өнімділік ережесі.

  5. Экологиялық қайталау ережесі.

  6. Эквиваленттілік қағидасы.

  7. Қозғалмалы тепе – теңдік қағидасы (А.А. Елекин).

  8. Г. Реимерттің өнімділіктің оптимизация қағидасы.

  9. Тұрақтылық қағидасы.

  10. Биоценоз бен қауымдастықтың құрылымы мен түрлік құрамының биоценотикалық сенімділік ережесі.

  11. Пеншеннің биотоптың алуан түрлі жағдай ережесі.

  12. Тиминнің нормадан тіршілік ету жағдайының ауытқу қағидасы.

  13. Р. Макортураның тығыз жабынды қағидасы.

  14. Экологиялық қуыстың міндетіт толу ережесі.

  15. Эктон ережесі.

  16. Биоценотикалық байланыстар мен басқару:

  17. Салыстырмалы сыртқы тұрақтылық ережесі.

  18. Коэволюция қағидасы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Антибиоз, нейтролизм және симбиоз түсініктері өзара қалай байланысады?

  2. Жақын қоректік деңгейдегі организмдердің қарым – қатынасына мысал келтір (өсуі – жануар, жыртқыш – жемтіктің паразиттер – иесі).

  3. Биоценоздағы бәкелестік қарым – қатынастың ролі қандай?

ЭКОЖҮЙЕ ДИНАМИКАСЫ.
Экожүйенің тәуліктік және маусымдық аспектілері.Тәулік көлемінде заңды ырғақты өзгерістері кезінде түрлік құрамның қайта құрылуы жүрмейді және биоценотикалық жүйедегі қарым – қатынас түріндегі өзгерістер болмайды. Сондықтан тәуліктік тепе – теңдік емес, биоценоздың тәуліктік аспектісі деп аталады. Күндізгі белсенді организмдердің түрлік кешенінің осы биоценоздағы түнде тіршілік ететін түрлер жиынтығынан айырмашылығы бар.
Биоценоздың тәуліктік аспектісі олардың «қуыстың» құрылымына әсер етеді. Белсенділік кезеңдерінің бөлуіні уақыт барысында тура бәсекелестік деңгейін (интерференция) төмендетеді және осылайша биологиялық қажеттіліктері ұқсас түрлердің тіршілік етуіне мүмкіндік жасайды. Бұл жағдайда эксплуатациондық бәсекелестік сақталады, бірақ уақытқа тәуелді белсенділік бірқатар қоректік спектрде «қадам» жасай отырып өзіне тартады, бұл аспектіде бәсекелестік байланыс әлсіреуі мүмкін.
Тәуліктік белсенділіктің бүтіндей тарауы биоценоздың жағдайын күрделендіреді, биоалуантүрліктің көбеюі және орта ресурстарын толығымен пайдалануға әкеліп соғады.
Маусымдық өзгерістер экожүйенің іргелі қасиеттерін қозғайды. Ең алдымен бұл биоценоздың түрлік – құрамына байланысты.
Жылдың қолайсыз мезгілдері түрлер қатарының тіршілігіне қолайлы ортаға көшуіне алып келеді.Тұрғылықты түрлер биоценоздың негізгі ядросын құрайды, маусымдық көшуші түрлер оның бет бейнесін, сондай – ақ мінез – құлқын жекеленген кезеңдердегі биоценотикалық байланысын анықтайды.
Бірқатар түрлер маусымдық белсенділікте «жүрек соғу» мінезімен ерекшеленеді. Олар қолайсыз кездерде тіршілік әрекеттерінің бәсеңдеуін басынан кешеді.(Насекомдардағы дипауза, пойкилотермділердің тыныштық күйге енуі, гомойтермді жануарлардың ұйқыға кетуі, және т.б.).
Өсімдіктер қауымдастығы да маусымға байланысты құрылымдық өзгерістерге ұшырайды (жапырақтардың түсуі, шөптесін өсімдіктердің қурауы т.б.), және қызметін (фотосинтез қарқындылығының өзгеруі, биомасса жинақтау және т.б.).
Барлық жағдайларда белсенді түрлер санының азаюы биогенді айналымның жалпы деңгейін төмендетеді. Осылайша, «жасырын» параметрлер түрлер саны, биосфера үрдісінің реттелуінде маңызды фактор болып табылады.
Биоценоздың маусымдық аспектісі ланшафты – климаттық зоналарда анық байқалады, ортаның физикалық параметрлерінің бірден алмасуы яғни қыс және жаз (тундра).
Тропикада биоценоздың маусымдық қызметі айтарлықты ырғақты емес.Су ортасындағы маусымдық биологиялық үрдістер гидрологиялық мезгілге байланысты. Осылайша, биоценоздың тәуліктік және маусымдық аспектілері олардың қағидалы параметрлерін өзгерте алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет