Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет17/72
Дата10.10.2023
өлшемі0.78 Mb.
#480311
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72
panshina-pedagogikalyk

Макаренко А. С. Педагогическая поэма. 
М.: Детская литература, 1986, 524-525 б.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Г. П. Щедровицкий, 30-60 жылдардың басқару тəжірибесін тал-
дай отырып, КСРО-да басқарушылардың дайындығына бағытталған 
жоғары оқу орындарын құру себептерін түсіндіреді (1-ҚОСЫМША 
МАТЕРИАЛ). Сіздің пікіріңіз бойынша, заманауи білім беру 
мекемелерінде, оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастыруда болған қандай 
өзгерістер педагогикалық менеджменттің ғылыми пəн ретінде пай-
да болуына жəне оның білім беру мекемелерін басқару бойынша 
тəжірибелік қызметін енгізуіне себепші болды?
2. А. С. Макаренконың келтірілген дəйексөзінің негізінде (2
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ) оның қай идеялары Фредерик У. Тейлордың 
ғылыми басқару мектебінің жəне А. К. Гастевтің əлеуметтік инжене-
ризм идеяларына жақын екенін анықтаңыз?
3. Жаңашыл-педагогтардың мектеп, оқу-тəрбие үдерісін басқару 
тəжірибесімен танысыңыз (Педагогический поиск / Құрастырушы. 
И. Н. Баженова. М.: Педагогика, 1988. 544 б.). Ұсынылған ғылыми-
тəжірибелік педагогикалық инновацияларының бірін тандаңыз. 
Оның негізінде басқарудың қандай тұжырымдамалары жатқанын 
анықтаңыз.
4. Ф. Тейлор, А. Файоль, Э. Деминг, TQM тұжырымдамасы 
қағидаттарының салыстырмалы талдауын жүргізіңіз. Жалпысын жəне 
əртүрлілігін табыңыз.
5. Білім беру мекемесінде (мектепте, колледжде, ЖОО-да) осы 
қағидаттарды жүзеге асырудың ерекшеліктерін қарастырыңыз.
1. 4. Менеджменттің негізгі функциялары
Жоғарыда көрсетілгендей менеджменттің функцияларын бөлгенде 
əртүрлі авторлардың пікірлерінің едəуір үйлеспеушілігі байқалуда. 


45
Əсіресе, осы мəселеде педагогикалық менеджмент саласындағы 
жұмыстардың авторларының нұсқаулығы ерекше жоғары.
П. И. Третьяков «Нəтижелер бойынша мектеппен басқару» 
кітабында [104] басқарудың келесі функцияларын бөлді:
1. ақпараттық-талдау;
2. уəждеу-мақсаттық; 
3. жоспарлы-болжамдық;
4. ұйымдастырушылық-атқарушы;
5. бақылау-диагностикалық;
6. реттеу-түзету.
Ол басқарудың функциялық буындары қызметінің салыстырмалы 
дербес түрлері ретінде қарастырылса да, олардың барлығы өзара бай-
ланысты жəне бірыңғай басқарушы циклді құрай отырып, бірін-бірі 
кезең-кезеңімен ауыстыратынын көрсетті.
Ақпараттық-талдау функция
үш деңгейдегі ақпарат ағысын 
көздейді:
– əкімшілік-басқарушы (директор, оқу-тəрбие жөніндегі орынбаса-
ры, сыныптан тыс жəне мектептен тыс жұмыс жөніндегі орынбасары
əкімшілік-шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары, диспетчер жəне 
басқалары); 
– ұжымдық-алқалық басқару деңгей (мектеп кеңесі, педкеңес, 
əдістемелік кеңес, қоғамдық ұйымдар); 
– оқушылардың өзін-өзі басқару деңгейі.
Ақпараттық-талдау қызметінің тиімді жүйесі П. И. Третьяковтың 
пікірі бойынша, біріншіден, жүйелі болуға тиіс; оның құрылуы жəне 
қызмет етуі кезінде мазмұнын, көлемін, дереккөздерін, ол кімге 
арналғанын анықтау маңызды. 
Уəждеу-мақсаттық функция
өзіне басқарудың бірінші кезеңі, 
оның шығармашылық құрамдас бөлігі болатын мақсаттың таңдауын 
енгізеді. Мақсаттар дереккөзі жəне пайда болу тəсілі бойынша адам-
мен немесе əлеуметтік жүйемен өздігінен қалыптасатын не ішкі, егер 
сырттан берілсе, сыртқы болу мүмкін. Педагогикалық жүйелерде 
сыртқы мақсаттар ең маңызды жəне жаһандық болады, өйткені 
қоғаммен байланысты. Білім беру мекемесінің мақсаттық бағдарларын 
анықтағанда «мақсат», «міндет», «мұрат» деген ұғымдарды саралау 
қажет.
Уəждеу-мақсаттық функцияның негізгі міндеті келесідей: 
«педагогикалық ұжымның барлық мүшелері оларға жүктелген 
міндеттер мен жоспарға сəйкес, сондай-ақ жеке жəне ұжымдық 
мақсаттарға жетуде қажеттіліктері бойынша жұмысты нақты атқаруға 
тиіс. Мектеп менеджерлерінің басты міндеті – педагогикалық үдерістің 


46
барлық қатысушылары үшін тəсілдерді, керек-жарақты қамтамасыз 
ету, осы қажеттіліктерді қанағаттандыру» [104, 23 б.].
Жоспарлы-болжамдық функциясы
 - болжау мен идеалды 
жəне нақты мақсаттардың оңтайлы таңдауына, оларға қол жеткізу 
бағдарламаларын əзірлеуге бағытталған қызмет ретінде жоспарлау 
да кіреді.
Жоспарлы-болжамдық функциясының жетілуі мектептің 
өзекті («айқайлап тұрған») мəселелерін шешуге бағытталған кешендік-
мақсаттық жоспарлауды енгізуімен байланысты.
Ұйымдастырушылық-атқарушы функция
 – білім беру мекемесінің 
жұмыс сапасына тікелей əсер ететін ерекше кезең.
Жоспарланғанды жүзеге асыру үшін көзделгенді атқаратын адам-
дарды белгілеу, яғни басқару субъектілерін атау, əр субъект нені атқару 
керектігін тұжырымдау қажет, басқалай айтқанда, оның функционал-
дық міндеттерін анықтау керек. 
Автор осы функцияның жүзеге асыруының тиміділігін арттыруы-
ның негізгі бағыттарына келесілерді жатқызады:
– қызметті ұйымдастыруға жеке-бағдарлық көзқарастарды жүзеге 
асыру; 
– мектеп басшыларымен жəне педагогикалық ұжым мүшелерімен 
басқару аппаратының ішінде функционалдық міндеттерді ғылыми 
жəне тəжірибелік негіздемелік бөлу;
– еңбекті тиімді ұйымдастыру;
– мектепішілік басқарудың қатыстық автономдық жүйелерін 
қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет