Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет71/72
Дата10.10.2023
өлшемі0.78 Mb.
#480311
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
panshina-pedagogikalyk

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституция-
сын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан 
Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан 


237
Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күрес туралы», «Неке жəне отбасы туралы», «Қазақстан Республика-
сында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бо-
йынша жəне жасына байланысты берілетін мемлекеттік əлеуметтік 
жəрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды əлеуметтік жəне 
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы 
əлеуметтік қызмет туралы», «Кəмелетке толмағандардың арасындағы 
құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз жəне панасыз 
қалуының алдын алу туралы» Заңдарын жəне басқа да білім беруді 
дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік 
құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық 
психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; 
еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды
еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі жəне өртке қарсы қорғанудың 
ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім
педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Білім беру ұйымы директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары
(бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білім)
Лауазымдық міндеттері: Оқу-тəрбие процесін ұйымдастыруды, 
оқушыларды тəрбиелеу бағдарламаларын жасауды, оларды іске асыру 
бойынша жаңа тəсілдерді қамтамасыз етеді. Тəрбиелеу процесінің про-
блемаларына, тəрбие жұмысының нəтижелеріне, тəрбие жұмыстары 
саласындағы жағдайлар мен перспективалық мүмкіндіктерге талдау 
жасайды. Тəрбие жұмысының ағымдағы жəне перспективалық жос-
парлауын ұйымдастырады. Аға-жетекшілер, ұзартылған күн тобының 
тəрбиешілері (ҰКТ), сынып жетекшілері дене тəрбиесі-сауықтыру 
жəне көркемдік-эстетикалық циклдің қосымша білім беру педагогтері 
қызметін жоспарлауды жəне бақылауды жүзеге асырады. Тəрбие 
жұмысы жөніндегі, мəдени-тəрбие шараларын дайындау жəне өткізу 
жөніндегі қажетті əдістемелік құжаттамаларды əзірлеу бойынша 
жұмысты үйлестіреді; педагогикалық қызметкерлер өткізетін тəрбие 
процесін қамту мен өткізу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асы-
рады. Девиантты мінез-құлықты балалармен жеке тəрбие жұмысына 
бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық кадрларды іріктеуге жəне 
орналастыруға қатысады, тəрбиелік жұмыстармен айналысатын пе-
дагог қызметкерлердің біліктілігін жəне кəсіби шеберлігін арттыруды 
ұйымдастырады. Жұртшылық жəне құқық қорғау органдары, ата-ана-


238
лар, білім беру ұйымының ата-аналар комитеті өкілдерімен тəрбиелеу 
үдерісін қамтамасыз ететін оқу орнының əкімшілік, қызметтер мен 
бөлімшелер өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Оқушыларға 
медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асыра-
ды. Тəрбиелеу процесінде қолданылатын құралдар, техникалық жəне 
көрнекілік құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Белгіленген тəртіпте есеп құжаттамаларының сапалы жəне уақтылы 
жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет