Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15


Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі



Pdf көрінісі
бет67/72
Дата10.10.2023
өлшемі0.78 Mb.
#480311
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
panshina-pedagogikalyk

Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі 
орта, жалпы орта жəне қосымша білім беру ұйымдарында 
педагогикалық кеңес қызметінің жəне оны сайлау тəртібінің 
үлгі ережелері
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің 2008 
жылғы 16 мамырдағы №272 Бұйрығымен бекітілген
1. Жалпы ережелер
1. Осы Педагогикалық кеңес қызметінің жəне оны сайлау тəртібінің 
үлгі ережесі (бұдан əрі – Ереже) 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім ту-
ралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес мектепке дейінгі 
тəрбие жəне оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта жəне қосымша 
білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңес қызметінің тəртібін 
айқындайды.
2. Білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі (бұдан əрі 
– Педагогикалық кеңес) білім беру ұйымдарын алқалы басқару 
нысандарының бірі болып табылады.
3. Педагогикалық кеңестің басты міндеттері: білім беруді дамытудың 
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі педагогикалық 
ұжымның күшін біріктіру, білім беру ұйымдарының педагогикалық 
ұжымының қызметін педагогикалық жұмысты жəне оқу-тəрбие 
жұмыстарын жетілдіруге бағыттау, педагогикалық ғылым мен озық 
тəжірибелер жетістіктерін практикаға енгізу, білім алушылардың 
(тəрбиеленушілердің) ауысуына жəне бітіріп шығуына қатысты 
мəселелерді шешу болып табылады.
2. Педагогикалық кеңестің құрамы
4. Педагогикалық кеңестің құрамына: білім беру ұйымының бас-
шысы (төраға), оның орынбасарлары, педагогтар, тəрбиешілер, психо-
лог, əлеуметтік педагог кіреді.
5. Педагогикалық кеңестің отырысына ата-аналар комитеттерінің 
мүшелері шақырылады.
6. Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына білім беру 
ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі.
7. Педагогикалық кеңестің өз құрамынан 1 жылдық мерзімге хат-
шы сайлайды.


231


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет