73
беру жүйесінде ынталылық пен өзіндік әрекет ету үшін іс-әрекеттің
аяғына дейін жағдай жасау қажет.
Мектепке дейін білім беру теориясы мен практикасында:
«Шығармашылыққа үйретуге бола ма?» деген сұрақ талқыланып
жүр. шығармашылықты мақсатты түрде
қалыптастыруды елемеу
балалардың шығармашылық қабілеттерін стихиялық, жаппай дамытуға
алып келмейтіндігін практика дәлелдеді. Шығармашылыққа оның
белгілерін біліп және арнайы жағдай жасай отырып (ұйымдастыру-
педагогикалық, психологиялық және т.б.) үйрету керек. Мектеп жасына
дейінгі баланы әрекет жасауға, өздігінен ойлауға, ынталылық көрсетуге
үйрету керек. Шығармашылдық белгілерін білу арқылы оны мақсатты,
бағытты түрде дамыту керек.
Қалыптастыруға жататын шығармашылық іс-әрекет белгілері (И.
Я. Лернер):
• білім мен білікті өздігінен жаңа ситуацияға көшіру;
• таныс ситуациядағы
жаңа проблеманы көру;
• объектінің жаңа функцияларын көру, заттарды тікелей
арналмаған
мақсаттарда пайдалану;
• объектінің құрылымын көру, объектіні бөліктерге бөлу қабілеті,
олардың қатынастары мен байланысын,
маңыздысы мен маңызды
емесін түсіну;
• альтернативті ойлау – бір ситуацияны шешуді, әртүрлі
әрекеттерді, қарама-қайшы фактілерді білу;
• бұрынғы белгіліден өзгеше мүлде
жаңа шешім құру; бұл
шығармашылықтың дамуының ең жоғары деңгейін көрсетеді (мектеп
жасына дейінгі балада көрсетілмеген). Бұл - объективті жаңалықтар
ашу, жаңа теориялардың, заңдардың және т.с.с. пайда болу деңгейі.
Бұл белгілер аралас түрде көрінуі мүмкін
және шығармашыл
тұлғаны сипаттайды. Олар шығармашылдықтың даму бағыттылығын
көрсетеді. Оларды дамытуға болады және дамыту керек те, ол
шығармашыл тұлғаның қалыптасуына алып келеді.
Мектепке дейін білім беру мазмұнының үшінші
компонентінің
ерекшелігі сонда, шығармашылық іс-әререт процедурасында не
істеу қажет екендігіне нұсқау беруге болмайды,
тұлғаны дамытуды
анықтайтын белгілерін дамытуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: