Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектепке дейін білім беру мазмұнын құру принциптері



Pdf көрінісі
бет56/128
Дата08.04.2024
өлшемі2.57 Mb.
#497888
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   128
Снимок экрана 2024—01—22 в 01.35.55

Мектепке дейін білім беру мазмұнын құру принциптері 
(Л. А. Парамонова)
1. Мазмұн баланың әлеуеттік мүмкіндігін ашуға бағытталған дамы-
тушы сипатта болуы керек. Л. С. Выготскийдің бұл тезисі дүниежүзінде 
мойындалған. Дегенмен қазіргі кезеңде оның түсіндірмесі кеңейтілген. 
Бір зерттеушілер (В. В. Рубцов, А. Г. Асмолов) балалар көп нәрсеге 
тек үлкендердің өнегесінен ғана үйреніп қоймайды, сонымен бірге 
бір-бірімен өзара әрекеттесу процесінде де үйренеді деп есептейді; 
басқалары (А. П. Усова, П. П. Поддьяков, А. Н. Поддьяков) нанымды 
түрде дәлелдейді: әртүрлі объектілерді практика жүзінде меңгеру және 
оларды түрлендіру процесінде балалар өз беттерімен де дами алады. 
Мазмұндық өзара әрекет және балалар қауымдастығында дамытушы 
объектілермен өзара әрекетті үлкендер ұйымдастырады, солардың 
көмегімен объектілер жасалатындығын білеміз. Педагог білімнің 
қандай мазмұны (тікелей немесе қосалқы) әрбір тәрбиеленушіні жақсы 
дамытатындығын білуі керек.
2. Білімнің мектепке дейінгі деңгейінің мазмұны жүйелі сипат-
та болады, яғни ол бала танитын, басқа объектілер мен құбылыстар 


86
жүйесінде болатын объектілер мен құбылыстардың өзара байланысын 
қамтамасыз етуі тиіс. Осылайша, оны танудың ақпараттық кеңістігі 
неғұрлым кеңейеді және нәтиже ретінде, бала ересек жасқа келгенде 
бар жүйеде жаңа объектілер құру білігін меңгереді. Бұл білік таным 
құралы болады, яғни нақтылықтың шекарасынан шығып, қорытынды, 
ұсынымдар және тіпті кейбір нәтижелерді болжамдай алады. Жүйелілік 
көзқарас педагогқа практикада маңызды дидактикалық принцип - «жал-
пыдан жекеге» принципін орындауға мүмкіндік береді. Мектеп жасына 
дейінгі балаға әрбір жеке құбылыс қандай да бір жалпының көрінісі 
болып саналады, ол қандай да бір тұтас көріністі жасауға ықпал етеді.
3. Білім берудің мектепке дейінгі деңгейінің жүйелілігі педагогқа 
оқыту процесінде баланың жасына сай келетін сезімдік және 
рационалдық танымды интеграциялауға жағдай жасайды. Бұл мек-
теп жасына дейінгі бала үшін аса маңызды, өйткені оның іс-әрекеті 
көпжақты. Бұл ары қарай абстрактылық танудың негізін қалайды. 
Мұндай көзқарас тұрғысында педагогтың балалардың шынайы дүние 
туралы білгендерін дамытып қана қоймай, әрқайсысының тұтастығын 
сақтауға, сол сияқты, ұтымды уақыт ішінде қажетті білім тиімділігіне 
қол жеткізуіне мүмкінкіндігі бар.
Дегенмен білім берудің мектепке дейінгі деңгей мазмұнын интегра-
циялау тетігі (теориялық та емес, әдістемелік те емес) әзірге жасалған 
жоқ, зерттелу үстінде. Қазір интеграция бірлігі ретінде тақырыптық 
орын алады, ол, өкінішке орай, негізінен ассоциативтік пласты қамтиды.
4. Білім берудің мектепке дейінгі деңгей мазмұны балаларды тек 
қана өз халқының ғана емес, басқа халықтардың да мәдениет әлеміне 
енгізуі қажет, мультимәдениеттік тәрбие беруді қамтамасыз ету керек. 
Балаларды өз мәдениетіміз бен дәстүрлерімізге қатыстыра отырып, біз 
оларда сыйластық, ата-аналарына, туыстарына, өз халқына, балалар 
бақшасына, шағын ауданына, қаласына, жалпы еліне сүйіспеншілік 
және оларды мақтаныш ету сезімін тәрбиелейміз. «Кіші отан» ұғымы 
балаға мектепке дейінгі кезеңде аса маңызды. Оның үстіне өз халқының 
мәдениетін біле отырып бала басқаның мәдениетіне сый көзбен 
қарайды. Ассимиляцияға негізделмеген мультимәдениет тәрбиесі 
көпшіліктің мәдениетіне тартады, аз халықтың дәстүрлерін сақтайды. 
Бұл тәрбиенің басты міндеттерінің бірі.
Қазірде тәрбие процесі баланың әлеуметтік дамуымен, қоғамдағы 
тәртіп ережелерімен және нормаларын меңгергендігімен байланысты-
рылады. Осылар мектепке дейінгі мекемеде, балалар қоғамдастығында 
қалыптастырылуы тиіс. Өзінің «Мен»-ін, мүкіндіктерін түсіну, 


87
серіктесімен тіл табысып, онымен қарым-қатынас орната білу – 
осылардың барлығы балалар қоғамдастығына жүруі тиіс. Егер бала 
топтың бір баласымен байланыс орнатса (диада) – бұл бір жағдай, 
егер ол ойнап жүрген балалардың тобына қосылса, ол – басқа жағдай. 
Бұл күрделірек. Бұл контексте айналасындағыларға, құрбыларына, 
мәдениетке, басқаны қабылдауға және тануға қарағанда төзімділік ту-
ралы айтпауға болмайды.
5. Білім берудің мектепке дейінгі деңгейінің базистік маз-мұнында іс-
әрекеттің әр түрі, сол сияқты іс-әрекеттің өзі мынадай компоненттерінің 
дамуында болуы керек: мақсаты, құрал таңдау, тәсілдерді табу, бақылау 
және т.с.с. Іс-әрекеттік көзқарас балаларға әлеуметтік-мәдени мазмұнды 
меңгерудің субъективтілігін, қайнар көзі үлкендер де, балалар да бола
алатын білім байланыстарын қамтамасыз етеді. Дамытушы заттық 
ортаның рөлі шексіз. Функционалдық түрде іс-әрекет дамуын модель-
деу арқылы, ол оның орындалуын ғана қамтамасыз етпейді, бұл орта-
мен баланың шығармашылық өзара іс-әрекет жасауына ынталандыра-
ды (С. Л. Новоселова).
6. Мектепке дейін білім беру мазмұнының діңгегі баланың психи-
касын қорғаушысы және нығайтушысы - денсаулығына ерекше қарау. 
«Ерекше қарау» ұғымы балалардың салауатты өмір салтын, гигиеналық 
дағдыларын қалыптастырып қана қоймайды – жуыну талаптарын, 
ертеңгісін және кешке тісін тазалау, тамақ ішер алдында қолын жуу, су 
процедураларын ұмытпау, жүйелі түрде жаттығулар жасап тұру сияқты 
дағдыларын қалыптастырады. Әңгіме мектепке дейінгі мекеменің 
тыныс-тіршілігі жайлы болып отыр, өйткені, онда жақсы іс-әрекеттер 
жасау үшін барлық жағдай жасалған, әрбір бала өзінің қорғалғандығына 
сенімді, себебі балабақшасының ахуалы өте тартымды.
Білім мазмұнын таңдаудың бала денсаулығын қорғау принципі, 
ең алдымен барлығына жағымды бағыт. Балаларға дұрыс тамақтану 
жөнінде түсінік бере отырып, педагог организмге не пайдалы 
екендігін айтады; серуенге барарда топтың назарын бақтың, саябақтың 
күтімділігіне назар аударады, сол сияқты ағаштардың көлеңкесінде 
дем алудың жеңіл екендігін айтады. Жағымсыз ақпарат балаға толқу 
сезімін әкеледі. Баланың денсаулығы туралы әңгіме болып тұрған 
жағдайда сұрақ туады: «Ол өзінің құқығы туралы білуі керек пе?». 
Баланы қорғайтын құқықтарды үлкендер – ата-аналар, педагогтар, 
әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер сөзсіз орындаулары тиіс.
Сонымен, біз білім берудің мектепке дейінгі деңгейінің мазмұнын 
жаңарту мен таңдаудың негізгі алты түрін бөліп көрсеттік. Олар 


88
бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды орындау педагогтан толық 
қайтарымды жұмыс істеуді, шеберлікті талап етеді. Жасыратыны жоқ, 
мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс деңгейі біраз төмендеп кетті. 
Оған объективті себептер бар.
Мектепке дейін білім берудің мазмұны мен сапасын өзгертуге 
жағымды тенденцияларды күшейту және кеңейту мүмкіндігі бізге, 
болашақ мамандарға байланысты. Мектепке дейін білім беру, білім 
берудің алғашқы сатысы бола отырып, өзінің «балалық» ерекшелігі бар 
екендігін ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет