Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет54/128
Дата08.04.2024
өлшемі2.57 Mb.
#497888
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   128
Снимок экрана 2024—01—22 в 01.35.55

2. Негізгі мәтін мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен 
тәрбиелеу мазмұнын тақырып, бөлім, жас кезеңі, мектепке дейінгі 
білім беру мекемесіндегі педагогикалық процестің бағыттары бойын-
ша құруды көрсетеді. 
Бағдарламаның негізгі мәтінінде оқыту мен тәрбиелеудің әрбір 
бағыты бойынша педагогикалық іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттері 
болады, балаларға қажетті білім, білік, дағдылар, қалыптастырылатын 
тұлғалық қасиеттері мен қабілеттері, айналасындағылармен орнатыла-
тын қарым-қатынас тәжірибесі, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі 
көрсетіледі. Негізгі мәтінде айқын, жасы және жұмыс бағыттары бой-
ынша балалармен істелетін жұмыстың негізгі мазмұны, оқыту мен 
тәрбиелеудің тәсілдері мен құралдары жазылып көрсетілуі керек.
Бағдарламалардың авторлық бөлімі  негізгі мәтінді нақтылайды. 
Мұнда бағдарлама бойынша жұмыс нәтижелерін диагностикалауға 
арналған материалдар болуы мүмкін; дамытушы ортаны, қажетті 
өзіндік ерекшелігі бар материалдарды бейнелеп жазу; педагогтардың 
өздік білімін көтеру үшін әдебиеттер, бұл бағдарлама бойынша педа-
гогтар мен балалардың іс-әрекеттерінің үлгілері; оны жүзеге асыруға 
әдістемелік ұсыныстар болады. Білім беру бағдарламасына әдістемелік 
ұсыныстар бағдарлама мәтініне жеке басылым болуы мүмкін.
Бүгінде мектепке дейін білім беру жүйесінде әртүрлі көптеген 
авторлық кешенді және парциалды білім бағдарламалары бар, олар 
білім беру жүйесінде бар бағдарламаларға балама ретінде пайда болған, 
пайда бола береді де және апробацияланады.
Әрбір бағдарлама педагогикалық процесті ұйымдастыруға 
әртүрлі көзқарасты негіздейді. Бүгінде мектепке дейінгі мекеменің 
бағдарламаны және оны іске асыру технологиясын таңдауына құқығы 
бар (мұның жағымды да, жағымсыз да жақтары бар). 
Мемлекеттік білім беру стандарты педагогикалық процесті 
шектемейді, белгілі бір қалыппен жүргізбейді, оны біліксіздіктен 
қорғайды және белгіленген минимуммен қатар әртүрлі қосымшаларды 
да беруді көздейді. Стандарт орындау – мемлекеттің бәріне бірдей 


83
тең білім беруді қамтамасыз етумен байланысты баланың, отбасының, 
қоғамның алдындағы міндеттемесін орындау.
Білім беру бағдарламалары жасалу кезеңінде мемлекеттік 
деңгейдегі сараптамадан, тәжірибе-эксперименттік апробациядан өтеді, 
содан кейін ғана енгізілуге жіберіледі. Мектепке дейінгі мекеме маман-
дары кешенді білім беру бағдарламасын таңдауда ерікті. Ол парциалдық 
бағдарламалармен толықтырылуы мүмкін (дайын немесе авторлық), 
бірақ бұл балалардың жүктемесінің олардың денсаулығын сақтау нор-
маларын сақтау және кешенді бағдарламаны орындау жағдайында бо-
луы тиіс.
Ұзақ уақыт мектепке дейін білім беру жүйесінде бір бағдарлама – 
М. А. Васильеваның «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен 
оқыту бағдарламасы» (ол түзетулерімен 1962 жылдан) қолданылып 
келді. Бүгінде бағдарламалардың көптігі жағдайында мектепке дейінгі 
мекемелер білім беру траекторияларын және бағдарламаларын өздері 
таңдайды, оған өзгерістер енгізеді, мемлекеттік стандарт талаптарына 
сәйкес авторлық бағдарламалар енгізеді. Бұл траекторияны анықтау 
кезеңінде мамандарға бірқатар ұйымдастырушылық-педагогикалық 
шарттарды орындау маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет