Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет97/128
Дата08.04.2024
өлшемі2.57 Mb.
#497888
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   128
Снимок экрана 2024—01—22 в 01.35.55

Интеллектуалды дайын болу деп баланың оқу әрекетіне көшуін 
қамтамасыз ететін іштей ойлауының сәйкес деңгейін айтамыз. 


167
Балалардың мектепке интеллектуалды дайын болуына себепші болатын 
оқушының жетекші іс-әрекеті – балалардан ой еңбегін, қабілетін және 
таным әрекетін белсенділендіруді талап ететін оқу. Баланың мектепке 
интеллектуалдық дайын болуы бірнеше өзара байланысты компонент-
терден тұрады, оларға мыналар жатады:
 баланың қоршаған дүниеге бағдар алуы;
 жаңаны білуге құлқы;
 білуге әуестігі;
 бейнелеу түсінігінің дамуы;
 қарапайым оқу дағдыларының қалыптасқандығы;
 психикалық процестердің дамуы;
 сенсорлық даму;
 білім қоры – ой-өрісі;
 білімнің сараланғандығы;
 жүйелі меңгерілген білім;
 танымдық іс-әрекеттің даму деңгейі;
 ойлау әрекетінің жалпы деңгейі (жалпылау, салыстыру, 
объектілерді классификациялау қабілеті);
 ойлау әрекетінің өзінділігі;
 балалардың оқу әрекеті элементтерін меңгеруі;
 қарапайым математикалық түсініктерді, ана тілін, сауаттың 
алғашқы негіздерін меңгеруде білім, білік, дағдылардың аясының кең 
болуы.
Е. Н. Ращикулина ойлау процесінің тұтастық идеясын және 
ойлаудың вербалдық компоненттерін (Р. Арнхейм, Л. М. Веккер, Л. А. 
Венгер және т.б.), сол сияқты ойлау принциптері – табиғатбейнелеушілік, 
мәдениетбейнелеушілік және толықтырушылық принциптерін негізге 
алып мектепте оқуға интеллектуалдық дайын болу көрсеткіштерін атап 
көрсетті. 
Одан басқа, мектепте оқуға интеллектуалдық дайын болу 
көрсеткіштерін жасағанда ол Н. Н. Поддьяковтың бала ойлауының 
өзіндік даму идеясын ескерді. Бала ойлауының өзіндік даму идеясы, 
біріншіден, әрбір ойлау қадамы қандай да бір нәрсені түсіндіргенде, 
жаңа, тиянақты нақты білім берген жағдайда, екіншіден, білім жаңа 
диффуздық, «анық емес», танылатын объектінің аса белгілі емес 
жақтарын көрсететін интуитивтік білімнің туу негіздері болған 
жағдайда болады. 


168


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет