198
тұлғаға
тәрбиелік, оқытушылық, дамытушылық әсерін және қазіргі
заманғы балалардың іс-әрекетін айқын түсінудің негізінде жүзеге асы-
рылуы тиіс. Бұл процесте түрлі факторлар кешенін есепке алу қажеттілігі
мектеп жасына дейінгі балалар үшін дамытушы орта құрудың жалпы
тұжырымдамасын жасаудың маңызының жоғары екендігін көрсетеді.
Ол педагогиканың онымен сыбайлас ғылымдардың ғылыми негізделген
деректеріне сүйенуі тиіс, оған қойылатын неғұрлым жоғары талаптар-
ды ескеруі керек және жергілікті жерлерде педагогтардың нақты білім
беру мекемелерінің ерекшеліктеріне
бағытталған шығармашылығына
кең жол ашып беру қажет.
Тұжырымдама – жобалау түрі, ол арқылы негізгі көзқарас,
жүйені құрудың жетекші ойы баяндалады. Оған оны негіздейтін тео-
рия
қосылады, қарастырылатын құбылыстың түсініктемесі енгізіледі,
жүйені тікелей ұйымдастырудың теориялық қағидалары беріледі.
Мектепке дейінгі педагогикада дамытушы ортаны жобалаудың
тұжырымдамалақ негізін жасау С. Л. Новоселованың, Л. М. Кларинаның,
В. А. Петровскийдің, Л. П. Стрелковтың, М. Н.
Полякованың және
т.б. аттарымен байланысты. В. А. Петровскийдің басшылығымен
жасалған тұжырымдамада мектепке дейінгі мекемеде дамытушы орта
құрудың маңызы мен принциптері анықталған, оны іс жүзіне асырудың
нұсқалары ұсынылған.
М. Н. Полякова мектепке дейінгі мекемеде дамыту ортасының жал-
пы сипаттамасын анықтаған, онда дамытушы ортаны құру принциптері
берілген, бұл принциптерді педагогикалық практикаға енгізу мектепке
дейін білім беруді гуманизациялауды қамтамасыз етеді.
С. Л. Новоселованың жетекшілігімен Мәскеу аймақтық «Астана-лық
білім беру» бағдарламасы аясында біртұтас тұжырымдама жасалды, ол
тұжырымдаманың ғылыми психологиялық-педагогикалық негіздерін;
балалық шақтың дамытушы заттық
ортасының тұжырымдамасының
негізгі қағидаларын; мектепке дейінгі мекемеде дамытушы заттық орта
жүйесінің базалық компоненттерін негіздеуді қамтыды.
Тұжырымдамамен дамытушы ортаның базалық компоненттерін
жобалау жөнінде әдістемелік ұсыныстар бірге жүреді.
Мынадай сұрақтарға жауап бере отырып, С. Л. Новоселованың
тұжырымдамасына қысқаша сипаттама берейік: мектеп жасына дейінгі
балалар үшін дамытушы ортаны жобалағанда педагог қандай теориялық
негіздерге сүйенуі тиіс? Ортаның маңызды компоненттерін іріктей оты-
рып нені ескеруі керек? Тұлғаны қалыптастыру
және балалардың іс-
әрекеті үшін, олардың субъективтік қасиеттері үшін олардың қайсысы
199
қажетті (базалық)? Бала толыққанды, жан-жақты даму үшін орта қандай
қандай негізгі талаптарға сай болуы тиіс?
Достарыңызбен бөлісу: