Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет62/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

ганн Карл Фридрих Гаусс күрделі есептеулер негізінде оның орнын 
анықтап берді. Айтылған жерден Церераны қайтадан тауып алды. 
1802 жылы астрономиямен айналысатын неміс дəрігері Генрих 
Вильгельм Маттеус Ольберс Церерамен қатар тұрған Паллада 
астероидын ашты. 1804 жылы неміс астрономы Карл Людвиг Хар-
динг Юнонаның, 1807 жылы Ольберс Вестаның орнын анықтады. 
Нептун орбитасынан 55 астрономиялық бірлікке тең қашықтықта 
екінші астероид белдеуі орналасқан. Оны Койпер белдеуі немесе 
осы белдеу орнын анықтаған ғалымдар құрметіне Эджворт – Кой-
пер белдеуі деп атайды. Бұл белдеудің ұзындығы негізі астероид 
белдеуінен 20 есе, аспан денелерінің массасы жөнінен 20-200 еседей 
артық деп жорамалданады.
1930 жылдан бастап ғалымдар Нептун орбитасынан тыс 
орналасқан аспан əлемінде тағы бір астероид белдеуі болуы 
мүмкіндігі туралы пікірлер тұрақты айтылып жүрді. 1943 жылы Ир-
ланд астрономы Кеннет Эссекс Эджворт бұл пікірдің дұрыстығын 
растады, ал 1951 жылы Америка астрономы Джерард Койпер 
Нептун орбитасы аймағында ертеректе болған аспан денелерінің 
жиынтығы сақталу мүмкіндігін негіздеді. Алайда ұзақ уақыт бойы 
осы аралықта Плутон мен оның серігі Хароннан басқа объект 
табылған жоқ.
Койпер белдеуінің бар екендігі 1988 жылы ғылыми-теориялық 
тұрғыдан дəлелденіп, 1992 жылы Койпер белдеуіндегі бірінші объ-
ект анықталды. Ол астероидқа QBI (ресми емес атауы – Смайл – 
күлегеш) деген ат берілді. 1993 жылы ашылған астероид – FW (рес-
ми емес атауы – Карла) деп аталды. Бүгінгі таңда Койпер белдеуін 
құрайтын аспан денелерінің мыңнан астамының диаметрі 1000 км 
асады, 7000 астамының диаметрі 100 км астам, ал 450 000 астамының 
диаметрі 50 километрден кем емес. 


82
Койпер белдеуін құрайтын аса маңызды аспан денесі – Плу-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет