Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет117/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

каралық баспалдақ деп аталатын пішіндер қалыптасады. Олардың 
қалыптасуы тек қазіргі тау-аңғарлық мұз басумен шектелмейді, олар 
төрттік дəуірдегі мұз басу əрекетінен басталған. Олардың ең биік 
бөліктері ғана жаңадан пайда болған каралар, ал ертеректе түзілген 
каралардың басым көпшілігі каралық көлдер табаны мен альпі 
шалғыны белдеуіне айналған.


163
Мұздық-экзарациялық пішіндермен қатар бұл аталған аймақ-
тарда перигляциольдық процестер де қарқынды жүрген. Ондай 
аудандарда суық əрі ызғырық жел əсерінен қалыптасқан ежелгі 
материктік дюналар тізбектері кездеседі, олар биіктігі 10-15 м, 
ұзындығы бірнеше км-ге жететін доға тəрізді жалдар түрінде бола-
ды.
Көпжылдық тоң таралған аудандарда (Солтүстік Америка мен 
Ресей жерінде) жүретін əрекеттер жиынтығын криогендік процес-
тер деп атайды. Тоңдық əрекеттер жүретін аудандар маусымдық 
жəне көпжылдық тоң қабаттарына ажыратылады. 
Тоң қабаттары қалыптасуына қарай эпигенетикалық жəне 
сингенетикалық деп бөлінеді. Эпигенетикалық тоң қабаттары 
шөгінді жыныстар жинақталып біткен соң тоңдануға ұшыраса
ал сингенетикалық тоң қабаттарында тоңдану процесі шөгінді 
жыныстардың жиналуымен қатар жүреді.
Тоңды аудандардағы ең жиі кездесетін құрылымдар – дүмпу 
төбелері деп аталады, ол тоң қабатындағы судың мұзға айналуынан 
пайда болады. Олардың биіктігі 2 метрден аспайды, оның төбесінен 
жан-жаққа жарықшақтар таралады. 
Тоң қабаттары тундра зонасында кең таралғандықтан 
шымтезекті дүмпу төбешіктері басым кездеседі. Олар ұзақ 
уақыт сақталады, арасында биіктігі 3-7 метрге жететін жеке төбелер 
де кездеседі. Оларды иректелген батпақты каналдар жалғастырады. 
Бұл құрылымдарды жергілікті халық ерсей деп атайды.
Осы төбелерге тоң аралық жəне тоң асты сулары келіп келіп 
қосылған жағдайда өте ірі мұзды төбелер пайда болады. Оларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет