166
қырқалардың өздеріне тəн басты белгісі – жел жақ беткейі мен ық
жақ беткейінің көлбеулігі жөнінен олардың
бір-бірінен айырмасы
жоқ. Құмдарды көбінесе, шөл-шөлейттік өсімдік жамылғысы жауып
жатады.
Аридті-денудациялық жер бедері пішіндері шөлдің барлық
типінде дерлік кездеседі. Биік таулық шөлдерде алма-кезек ауысып
келетін массивтер мен ойыстар жүйесі қалыптасады. Оларды
боль-
сон (испан тілінде – қалта деген мағына береді)
деп атайды. Боль-
сондар Өлі теңіз маңында, Түрікменстан жерінде, Үлкен Алапта, Ти-
бетте кең таралған. Больсондардың ішкі бөлігі біртіндеп аласаратын
жартасты тау алды жазығына ұласады, оны –
педимент деп атайды.
Тектоникалық тыныштық жағдайында
жекелеген больсон-
дар бір-бірімен жалғасып, денудациялық
жолмен тегістелген өте
ауқымды аласа жазықтарға айналады. Оларды
педиплен деп атай-
ды. Олардың арасында денудацияға төзімді жыныстардан құралған,
жекелеген
қалдық массивтер кездесуі мүмкін. Мұндай жер бедері
Африканың құрғақ саванналары мен шөлдеріне жəне Орта Азия
шөлдеріне тəн болып келеді.
Жазық
жер шөлдеріне гамада (хамада) жəне
серир (қиыршық
тасты) тасты шөл ландшафты тəн. Гамадаларда ұсақ тастардан
ірі жартасқа дейінгі үгілу өнімдері жинақталады.
Көп жағдайда
көтеріңкі, биік, өсімдік мүлдем кездеспейтін бөліктерде таралады.
Сахара мен Гоби шөлдерінде көптеп кездеседі.
Серирлер неғұрлым төмен жатқан ойыстар табанында таралады,
жел көтеріп кете алмайтын қиыршық тастардан құралады. Тəуліктік
температура ауытқуы əсерінен тау жыныстарының беткі бөлігі
қабыршықтанып үгіледі, ол процесті –
десквамация деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: