Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


ІІ Жер бедеріне жақындатылған морфоқұрылымдар



Pdf көрінісі
бет126/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

ІІ Жер бедеріне жақындатылған морфоқұрылымдар
Рельефоидтар:
а) гипергипсометриялық (монументті құрылыстар, энергетикалық 
жəне гидротехникалық құрылғылар, жол-көлік құрылыстары, 
жерүсті жəне суасты инженерлік құрылғылар);
ə) гипогипсометриялық (тоннель, бункер, өткел жəне т.б.).
2. Рельефидтер:
а) гипергипсометриялық (көлік түрлері, цистерна, бұрғылау 
мұнаралары, өзен жəне теңіз кемелері жəне т.б.). 
Жер 
бедеріне 
адамзаттың 
екінші 
реттік 
техникалық 
(техноплагендік) əрекеті табиғаттағы тепе-теңдіктің сақталуына 
өзіндік кері ықпалын тигізуде. Жайылымдық мал шаруашылығын 
өркендету, егін егетін жер үлесін көбейту сияқты əрекеттер эрозия 
мен дефляция процесінің қарқын алуына себепші болып отыр. 
Пайдалы қазбалар өндіру, жерасты құрылыстарын салу грунттың 
опырылуы мен төмен түсіне ықпал етуде, Калифорния мен Мехико 
жерінде грунт 9 м, Токиода 7 м, Мəскеуде 1 м төмен түскен.
Су бөгендерін салу жағалаулардың жылына 5-15 м, ал Ресейдегі 
Братск су бөгенінде 4,5 жылда 750 м төмен түсуіне ықпал еткен. 
Ғалымдардың есептеуі бойынша табиғи ортадағы кері 
өзгерістердің 40%-ға жуығы ядролық сынақтардың үлесіне тиесілі.
Жалпы жер бедерінің антропогендік өзгерістерге ұшырау 
дəрежесін анықтауда, оның сыртқы əсерлерге төзімділік дəрежесі 
есепке алынуы тиіс.
С. Ф. Савчиктің пайымдауынша, жер бедерінің тұрақтылығын 
анықтауда мынадай əдістер көмегіне сүйену қажет:
1. 1км

жердегі техникалық өңделген антропогендік жер бедері 
көлемін анықтау, К
т
;


175
2. Табиғи жер бедерінің өзгеру коэффицентін анықтау К
ө;
3. Жер бедерінің тұрақтылығын анықтау, К
т 
= 100% - 2 К
ө
.
Егер К
т
100%-ға тең болса жер бедері антропогендік өзгеріске 
ұшырамаған деп, 100-80%-ға дейін болса жоғары, 50-80%-ға 
дейін болса орташа, 50%-дан төмен болса əлсіз деп жіктеледі. Ал 
көрсеткіш нөлге жақын болса, ол жер түгелімен антропогендік жер 
бедері ауданына айналды деген мағына береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет