Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет245/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Аридтік климат – қуаңшылық немесе аңызақ климат.
Астеносфера – Мантия қабаттарын құрайтын заттардың 
балқығын күйде болатын аймақтары. Осы зоналарда вулкан 
ошақтары орналасады, сонымен бірге, Жер қыртысында байқалатын 
тектоникалық əрекеттердің көздері шоғырланады.
Атырау – ірі өзендердің мұхитқа, көлге немесе шығанаққа құяр 
сағасында олардың ағысы кенеттен баяулауы салдарынан ағызып 
əкелген лай-құмдардың су қоймасының түбіне шөгіп, суастында 
ысырынды конус түзуі. Осылайша ол бірте-бірте биіктеп, құрлыққа 
айналып, атырау деп аталатын ерекше бедер пішінін құрайды.
Батиметрия – теңіз жəне мұхит түбінің гипсометриясы.
Батолит – жер қыртысын жарып шыға алмай, жер қойнауында 
қатып қалған интрузифті жыныстардың алып жиынтығы. Олар 
сопақша немесе дөңгелек пішінді болып келеді, жыныстардың ау-
даны бірнеше жүздеген км-ден мыңдаған км-ге жетеді. Батолиттер 
граниттер мен гранитті диориттерден құралады. Аса ірі батолиттер 
жүйесі Аляска жотасы мен Кавказ тауларында таралған.
Бархандар (құм шағылдар) симметриясыз, үстінен қарағанда 
жарты айға ұқсаған немесе орақ пішіндес жел ескен бағытқа 
көлденең орналасқан құм төбелер.
Бедленд – өте жиі тілімделген эрозиялық ландшафт. 
Беткей – көтеріңкі жəне ойыс жер бедері пішіндерін бір-бірінен 
оқшаулайтын еңіс жазықтықтар. 
Биономиялық талдаупалеогеографиялық физикалық-
географиялық жағдайдың уақыт аралығындағы өзгерістерін тірі 
организмдердің қалдықтарын зерттеу арқылы жүргізу.


391
Вулканизм (лат. “вулканус” – от құдайы) – магманың жер бетіне 
тасып төгілуімен байланысты процестер.
Геологиялық карта – топографиялық негізде (бедер-қоңыр 
сызық) белгілі бір аудандағы тау жыныстарының (жер бетіне шығып 
жатқан) таралуын, олардың шекарасын жату жағдайларын, жасы 
мен құрамына қарай жіктеп көрсететін сызба.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет