Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет252/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Минералдардың жылтырлығы – оның бетіне түскен жарық 
сəуленің шағылуына, сынуына, жұтылуына байланысты жіктелуі.
Мұздар жер бетінде ұзақ уақыттар бойына сақталатын 
кристалды мұз шоғыры.
Мұхиттық жер қыртысы  шөгінді (1,5-2 км); базальтты (4-8 
км) қабаттардан тұрады, гранит қабаты мұхит түбінде болмайды.сол 
себепті мұхиттық жер қыртысы жұқа əрі қозғалмалы болып келеді.
Мономинералды таужыныстарыбір ғана минералдан 
тұратын тау жыныстары, грек. “моно” – бір деген мағына береді.
Мобилизм болжамы оны жақтаушылардың пайымдауынша, 
ірі континеттік блоктар (литосфералық плиталар) судағы сең тəрізді 
үнемі теңселіп, жазық бағытта орнынан жылжып жүреді. Жылжуы 
мыңдаған километрге де жетуі мүмкін.
Неотектоникалық қозғалыстар  неоген-төрттік кезеңде етек 
алған, əлі де аяқталып бітпеген тектоникалық қозғалыстар.
Нивальдық климат жылдың барлық мезгілдерінде жауын-
шашыны көп мөлшерде жəне қатты (қар, бұршақ) түрде түсіп, 
жылдың жылы мезгілінде қары еріп, суы буланып үлгермейтін 
климат типі. 
Нунатака тасты жартастардың мұздықтың бетінде оқшаула-
нып көрініс беруі.
Оза – мұздық шөгінді жыныстар – мореналардың жинақталуы-
нан түзілетін, жіңішке, бірақ ұзын əрі иректелген бұйраттар тізбегі. 
Ұзындығы бірнеше км, көлденең қимасы бірнеше жүздеген м, ал 
биіктігі ондаған м аспайды. Озалар мұз денудациясы басым болған 
аймақтарда таралған. 
Ортаңғы мантия 400 км-ден 1000 км-ге дейінгі аралықты 
қамтиды. Бұл зонаны алғаш рет орыс академигі Б.Б. Голицын (1912) 
анықтады, сол себепті ол “Голицын шекарасы” деп те аталады.
Пайдалы қазбаларбір минералдан, көп жағдайда бірнеше 
минералдар жиынтығынан тұратын металдық жəне бейметалдық 
кен көздері.
Палеогеографиялық карталар – белгілі бір тарихи-
геологиялық кезеңге (эра, дəуір) арналып жасалатын карта. Онда 


397
ежелгі қатпарлықтар мен майысу аудандары, ежелгі жыныстардың 
жинақталу жəне шайылу аудандары, ежелгі құрлық пен су ба-
сып жатқан алаптардың арақатынасы, палеоботаникалық жəне 
палеофауналық аймақтар көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет