Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет121/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. М. Жұмабаев өмірінің басты кезеңдері қандай тарихи оқиғалар, 
əлеуметтік өзгерістермен байланысты?
2. М. Жұмабаев өлеңдеріндегі ұлт-азаттық идея көрінісі.
3. М. Жұмабаев лирикасындағы сыр мен сезім тоғысы жəне 
ақындық шеберлігі.
4. М. Жұмабаев көркемдік əлеміндегі шығыс пен батыс 
поэзиясының дəстүрі жəне жаңашылдық.
5. М. Жұмабаевтың эпикалық жанрдағы көркемдік ізденістері.


366
13 ТАРАУ
 БЕРНИЯЗ КҮЛЕЕВ
(1899-1923)
13.1 Шығармашылық ғұмырнамасы
Ақын өмірбаянының тұңғыш ғұмырнамашысы – ақынның за-
мандасы, журналист Мерғали Ешмұхаметұлы. Сол кісінің деректері 
бойынша Бернияз Күлеев 1899 жылы бұрынғы Торғай облысы 
Ақтөбе уезіне қарайтын Бөрте болысының бесінші аулында (қазір 
Орынбор облысы) дүниеге келеді.
Əкесі Бекен Берниязды 8 жасы да мұсылманша сауат ашу үшін 
ауыл молдаларына оқуға береді. Болашақ ақын елдегі медресе, мек-
тептерден əуелі ескіше (қадымша), кейін жаңаша (жəдитше) білім 
алады. 
Бернияз азамат қатарына қосылған соң, сол кездегі қазақ зиялы-
ларына бағыт-бағдар сілтеген, саяси көзқарастарын қалыптастыруда 
шамшырақ іспетті болған қазақ, татар тіліндегі басылымдар “Қазақ”, 
“Айқап”, “Шора”, “Уақыт”, “Тəржіман” секілді газет-журналдар-
мен танысып, олардан өзінің көп керегін табады. Орыс, қазақ, татар 
классиктерінің шығармаларын оқып, көңіліне көп нəрсе тоқиды. 
Сонымен бірге өзінің замандас ақын-жазушылары А. Байтұрсынов, 
М. Дулатов, С. Торайғыров, М. Жұмабаев шығармашылығына 
мейлінше назар аударып, ой елегінен өткізе оқиды. Мұнда 
поэзиясының болашақ бағытына ерекше əсер еткен М. Жұмабаев 
шығармашылығы болғандығын атап өткен орынды. 
Ресейдегі мұсылман қозғалысы, содан қуат алған қазақ 
зиялыларының саяси күрестегі іс-əрекеті, 1916-1917 жылдардағы 
оқиғалар мен өзгерістер, рухани сілкіністер ақынның ой санасы-
на қозғау салғаны анық. Бернияз елдегі оқуды бітірген соң, 1917 
жылы күзде Орынборға барып, сондағы қазақ мұғалімдер семи-
нариясына оқуға түседі. Бірақ ақын онда көп оқи алмайды. 1918 
жылғы Ресейдегі басталған азаматтық соғыс ел ішін өртке орап
қазақ даласы ақ пен қызыл майдандасқан соғыс даласына айналады. 
Жұрт қамын ойлаған ақын туған жерге оралады. Замана толқынына 
қақпақыл болған ел тірлігіне араласып, сəлде болса септігін тигізбек 
жолда жүреді.


367 
1918 жылы қызылдар жеңіп, ақтар Орынбор қаласын босатқан 
тұсында Бернияз Күлеев Орынборға келіп, қызметке араласа 
бастайды. Торғай облысының кеңестік съезінде облыстық ко-
митетке, оқу бөлімінің президиумына мүше болып сайланады. 
1919 жылы Орынбор қаласындағы қазақ даласын басқару үшін 
құрылған революция комитеттің Ақтөбе қаласындағы төтенше 
комисары болады.
1920 жылы Қазақ АССР Халық ағарту комиссариаты Бернияз 
Күлеевті Қазан қаласына көркем əдебиет шығармалары мен оқу 
құралдарын бастырып шығарушы өкіл етіп жібереді. Сол жылда-
ры Бернияздың тікелей басшылығымен ұлтымыздың мақтаны Абай, 
Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев 
шығармалары басылып шыққанын ерекше атап айтуға болады. 
Қазақ əдебиеті жаңаша даму жолына түскен осы бір тұста Бернияз 
Күлеев туған əдебиеті үшін аянбай еңбек етті, қазақ мəдениетінің 
дамуына үлкен еңбек сіңірді. 
Бұл қызметті ақын өмірінің ақырына дейін, жауапкершілікпен 
атқарды. 1923 жылы 29 қаңтарда ақын өмірі күрт үзіледі. Бұған 
жастық кездегі махаббат-сүйіспеншілік пен бірге, үміті алданған 
ақын трагедиясы себеп болған. Қазанда жиырмасыншы жылда-
ры татар зиялылары ұйымдастырған “Шығыс клубы” деп атала-
тын жастардың пікір алысып отыратын үлкен мəдени орталығы 
болған. Бұл орталақ ұйымдастырған кештерге өзгелермен бірге 
Қазан университетінің медицина факультетінің студенті Зей-
неп Ахмерова үнемі қатысып жүрген. Бернияз бен Зейнеп осы 
кештерде танысады. Бірін-бірі сүйген екі жас тіл табысып, отау 
құрмақ болады. Бірақ Зейнептің ата-анасы жастар шешіміне қарсы 
шығады. Бұл қарсылық өмірден түңілген арманшыл ғашықтардың 
атылып өлуіне алып келеді.
Поэзиясынан өзінің отты жырларының ұшқынын танып, ақынды 
жанындай жақсы көрген Мағжан Жұмабаев Бернияз өліміне азалы 
өлең жазады. Онда:
Жаны жалын, жаны шерлі жеткіншек,
Күлсін саған, сөксін мейлі көк есек.
Мен сөкпеймін, сені сонау толқынмен,
Қан майданға неге ғана кірдің деп.
Мен күңіренем ұлы ойлар кеп басыма,
Жырласаң ед шомылып көз жасыңа.


368
Тұңғиық түбіндегі тамаша
Өзі-ақ көшіп келмес пе еді қасыңа… –
деп күйінеді жас ақын өліміне Мағжан.
Осылайша Бернияз Күлеев өз жырын тамсана оқыған қалың 
оқырманын, өзінен үлкен үміт күткен аға толқынды қайғыға баты-
рып, бар болғаны 24 жыл ғұмыр кешіп, көк өрім кезінде көз жұмады.
Өмірден ерте кеткен ақынның өзіне соққан ескерткішіндей болып, 
оның артында мəңгілікке жалғасқан биік рухқа толы, сыршылдық 
пен сезім тоғысынан жаралған жалынды жырлары қалды.
ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетіне тұнба тұнық жыр, көрікті 
де көркем поэзияны əкелген көрнекті ақынды тану ға, танытуға біраз 
зерттеушілер өз үлестерін қосты.
Олар – Бер нияздың ақындығын əр қырынан зерттеп жан-
жақ ты танытуға лайықты үлес қосқан көрнекті ғалымдар Ы. Дүй-
сенбаев, Б. Кенжебаев, Ə. Дербісалин, К. Шəменов жəне жас ғалым 
С. Жəмбеков.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет