Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


 Ақын лирикасындағы сыр мен сезім тоғысы



Pdf көрінісі
бет122/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

13.1 Ақын лирикасындағы сыр мен сезім тоғысы
Б. Күлеев – шығармашылық жолын ағартушылық бағытта 
бастаған ақын. Бірақ сыршылдық, сыр мен сезім тоғысы оның 
кез келген туындысына, жалпы өнерпаздық болмысына тəн нəрсе. 
Бұл ақынның алғашқы дүниелері “Ойдағым”, “Өзім” секілді 
өлеңдерінен-ақ көзге шалынады. Мұнда ақынмен бірге лирикалық 
кейіпкердің бүкіл жан-дүниесін сезініп, қуаныш-күйінішін, қайғы-
мұңын, асқақ арманын бірге бөлісіп, романтикалық кейіпкердің 
табиғатына дендей енесің. 
“Өзім” – ерекше бір идеялық жүк көтеріп тұрған өлең. Оның 
өнбойынан лирикалық кейіпкердің өзіндік характері, болмыс бітімі 
бірден танылады.
Өзім деймін, өзгелерді көрмеймін,
Өзімсіздік, “ай, бауырымға” көнбеймін.
Өзім патша, өзім төре, өзім хан,
Өз ойымды сан сабазға бермеймін”.


369 
Өзім бітем, өзім қайта толамын,
Өзім ұшам, өзім жүрем қонамын.
Өз алдыма өзім келе бергенде,
Өзіме-өзім таң-тамаша боламын.
Шағын үзіндінің өзінен лирикалық қаһарманның отты жүрегі, 
қайсар келбеті, жұмбақ жаны, бүтін болмысы айқын танылғандай. 
Бұл ақынның менмендігі емес. Өзіне өзі сенгендігі. Ақын таланты-
на да, дарынына да сенеді. Ол – көптің бірі емес, көпті бастайтын 
көшбасшы. Ол – “Бізбен” бірге өзін-өзі жоғалтып алатын ойсыз-
көзсіз көп тобырдың санатында емес, “мені” айқындалған тұлға. 
Аумалы-төкпелі кезеңде бұл ең бір керек идея еді. “Даналықты” 
ғана емес, даралықты да таныту дəуір сұранысы болатын.
Осы тектес “Мен” деп аталатын өлеңінде де ақын осы бір тұғыр-
тіректі айқын ұстайды.
Жан жайнатқан жастықтың,
Қан қыздырған мастықтың,
Содыр-соқпақ тастықтың,
Жолыменен барамын.
Не кез келсе жолыма,
Оңыма йə солыма,
Қойныма һəм қолыма, 
Бəрін теріп аламын.
Жасымаймын жаспын деп,
Таспаймын да баспын деп.
Тік тілеймін ассын деп,
Таумен талас талабым.
Бұл – 1919 жылдың аумалы-төкпелі кезеңі тұсында асау жүрек, 
албырт ақынның шындықтың бетіне тура қарап жазған өлеңі. Екі 
өлеңнің тізгіні бір ұғымда. Жаңа өмірдің толқынына қайығын 
салған албырт жас – лирикалық қаһарман алғы күннен үміт күтіп, 
неден болса да тайсалмауға уəде береді. “Оң ба, сол ма, жүрер жо-
лым белгісіз” деп өзі айтқандай, ақын таңдау жолды тап басып 
айқындамаса да, үміттің алдамасына сенім білдіріп, тұғырға қонған 
бүркіттей қиырға көз салады. Аласапыран кезіндегі ой еркіндігі, 
сөз еркіндігі ақынға қанат бітіргендей. Ақынның “талапты ерге 


370
нұржауар” тілекті өзіне-өзі тілеуі, осыны меңзесе керек. “Өзім”, 
“Мен” – ақын еркіндігінің – символы.
Бернияз Күлеев – алғашқы өлеңдерінен-ақ бастап өзінің руха-
ни жан-дүниесіне терең үңіліп, жүрек түкпіріндегі құпия сырын 
ашып, өзіндік болмысын тануға ұмтылған сыршыл да өршіл ақын. 
Өршілдік сарын Б. Күлеев лирикасының ерекше сипаты. Ақынның 
дүниетанымы, адам, табиғат, қоғам, өмірге қатысты ой-толғамдары 
поэзиядағы оның осы ерекшелігін танытатын тəрізді. Өйткені 
Б. Күлеев саяси-азаматтық тақырыпта жазылған өлеңдерінде 
көтерілген мəселені, айтылар ойды көңіл-күймен, сол сəттегі 
сезіммен астастырып отырады.
Бернияз Күлеев өлеңді негізінен 1913-1914 жылдары жаза 
бастағанмен, шығармашылығының ең бір жемісті кезеңі – 1918-
1922 жылдар аралығы. Ақынның өндіріп жазған осы бес жылдық 
шығармашылық жолының алғашқысы – 40-қа жуық өлең жазған 
1918 жыл. Көңіл-күй сырларын шертетін “Аңқыған гүлдің исінен”, 
“Көңіліме”, “Қиял сөзі”, “Қайтер едің?”, “Жас жүрегіме”, “Жастық 
күнім” өлеңдерін ақын 1918 жылы жазған. Бұларда Бернияз 
лирикалық қаһарманның сыршыл-сезім күйін көркем бейнелеу-
ге ұмтылады. Ақынның адамның нəзік сезімін жеткізуде қаламы 
ұшқырлана түскенін аңғару қиын емес. Өлеңдерінде ой мен сезім 
тоғысынан бейнелі сурет жасап, шеберліктің қыр-сырын жете 
меңгере бастаған сыршыл ақын, көркем образдарға жан бітірер шы-
найы суреткер ретінде қалыптасқанын танытады.
Б. Күлеев шығармашылығы үшін жемісті болған 1919 жылы 
жиырмаға тарта өлең жазады. Лирикалық кейіпкердің көңіл-күй 
сезімдерін білдіретін ”Жүрегің жанып”, “Жырла да зарла көңілім”, 
“Неге” өлеңдері ақын лирикасындағы сыршыл, күйшіл сарындардың 
көбейе түскенін байқатады. Бұл жыл – ақын жырларының сапалық 
тұрғыдан жетіле түскен жылы. Оның ерекше тоқталуға тұратын 
өлеңінің бірі – “Жырла да зарла көңілім”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет