Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет18/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. ХХ ғасыр басындағы əдеби бағыттардың басты ерекшеліктері.
2. ХХ ғасыр басындағы жазба əдебиет өркендеуінің негізгі си-
паттары.
3. Қазақ əдебиетіндегі жанрлардың өркен жаюы.
4. ХХ ғасыр басындағы əдебиеттегі Абай дəстүрі жəне 
жаңашылдық. 
5. ХХ ғасыр басындағы көркемдік əдіс тұрғысындағы ізденістер.


85 
3 ТАРАУ
ДІНИ-АҒАРТУШЫ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР
3.1 Бағыттың басты сипаты 
Бұл бағыттағы ақын-жазушылар негізінен діни білім алып, 
шығыстық өркениетті мұрат тұтқандықтан замана сыры, қоғамдық-
əлеуметтік өзгерістерге сол көзқарас тұрғысынан қарайды. 
Сондықтан да, олардың көпшілігі батыстық үрдістен өріс алған 
Ресейдегі қоғамдық өзгерістердің шынайы себебін, олардың сан 
қырлы сыр-сипатын нақты ажырата алмағанын ашық айту керек. 
Бұлардың шығармашылығында ел қамын ойлаған тынышсыздану, 
халықты қайтсем түзу жолға салам деген қиналыс бары рас, бірақ 
бұл халден арылар нақты жолды олар түптеп көрсете алмады. Өз 
заманына қарай ілгерішіл ой-пікірлері мол болғанымен, кейбірі 
көбіне біржақтылыққа бой ұрып, жалаң түрдегі діншілдікті наси-
хаттау жолымен кетті.
Шығармашылық тұрғыдан алғанда бұл бағыттағы ақындар өздері 
нəр алған шығыстың озық үлгілі əдебиетінен үйреніп қана қоймай, 
шығыс шайырларының көрнекті шығармаларының бірсыпырасын 
қазақ тіліне аударды. Шығыс сюжетіндегі тақырыптарға негіздеп 
өздері де шығармалар жазды. Сөйтіп нəзирашылдық дəстүрді дамыт-
ты. Шығыстың классикалық əдебиетінің қазақ сахарасына кеңінен 
таралуына ең игілікті еңбек еткен осы бағыттағы ақын-жазушылар. 
Діни-ағартушы ақындар шығармашылығына тірек болған қазақ 
поэзиясының арғы арналарындағы Ахмет Яссауи, Рабғузи, Ах-
мет Жүйнеки жəне т.б. шығармашылықтары, əдебиеттегі діни са-
рындар. Бұл бағыттағы ақындардың бір тобына тəн ерекшелік 
– қиссашылдық, кітаби сюжеттерге еліктеушілік. Жалпы алғанда
діни-ағартушы ақындар өз дəрежесінде қазақ поэзиясының 
көркемдік деңгейін биікке көтерді. ХХ ғасыр басындағы поэзияның 
жанрлық тұрғыдан баюына елеулі үлес қосты.
Діни-ағартушы бағытта шығармашылық мүмкіндіктері əртүрлі 
ақындар еңбек етті. Бірақ шығармасының мазмұны, түрі əрқилы, 
идеялық көзқарастары сан алуан, шеберлік деңгейі түрліше 
болғанымен, бұл бағыттағы ақындарға тəн бірнеше басты белгілер 
бар. Бірінші белгісі – бұлар – діни мектептерде оқып мұсылманша 


86
білім алған ақын-жазушылар. Олардың орыс оқуымен, орыс 
жазушыларының шығармаларымен атүсті ғана таныстығы болды. 
Екіншіден, бұлар – шығыс əдебиетін, оның түрлі əдеби мектептерін 
жетік біліп, озық үлгілі дəстүрін, көркемдік тəсілдерін өз бойына 
үйір етіп, өз шығармаларын сол деңгейде жазуға талпынғандар. 
Yшіншіден, олар қаршадайынан діни тақырыптағы шығармаларды, 
ертегі-аңыздарды, қисса-дастандарды жаттап, ондағы кейіпкерлерге 
еліктеп, сондағы өсиет-өнегеге тұщынып өскендер. Кейін құрғақ 
еліктеуден, мағынасыз жаттаудан құтылып, діни ілім-білімге бой 
ұрып, іздегендерін дін жолынан тапқандар. Төртіншіден, бұлардың 
көпшілігі ірі медреселерде білім алып, Ташкент, Бұқара, Қазан, 
Стамбул сияқты діни орталықтарда болып, ислами əдебиеттің 
классикалық үлгілерімен танысып, діни ілімнің қыр-сырын жетік 
меңгергендер.
Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың кейбірі Шəді Жəңгіров, 
Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы, Шораяқтың Омары, 
Мəулекей Жұмашев жəне т.б. бірыңғай қиссашылдықпен айналы-
сып, шығыс, ислам сюжеттеріне шығарма жазып, нəзирашылдықты 
дамытты. Олардың шығыс сюжетінен, діни кітаптардан аударып, 
өз бетінше жазған шығарма-дастандарын мынадай топтарға бөлуге 
болады. Діни тақырыптағы қиссалар: “Зарқұм”, “Мəлікаджар”, 
“Кербаланың шөлінде”, “Сал-Сал”, “Мұхамед-Ханафия”, “Сүлей-
мен пайғамбар”, “Жұм-Жұма”; Қиял-ғажайып ертегі іспетті қис са-
лар: “Шəкір-Шəкірат”, Сейфіл-Мəлік – Бəдіғұл-Жамал”, “Шаһ марал”, 
“Абушахма”; Ғашықтық қиссалар: “Жүсіп-Зылиқа”, “Та һир-Зухра”, 
“Лəйлі-Мəжнүн”, Мұңлық-Зарлық”, “Боз жігіт”; Батыр лық қиссалар: 
“Рүстем-Дастан”, “Кескен бас”, “Ескендір”, “Қисса Баһ рам” т.б.
Міне осы шығармаларды жазған, тəржімалаған ақындарды 
қиссашыл ақындар деуіміз керек. Өйткені оларға тəн шығармашылық 
ізденістің негізгі өзегі осы қиссашылдық. Ал енді бізде қиссашыл-
кітаби ақындар деген ұғым бар. Бұл ұғым əлі күнге дейін түрлі 
пікір таластарға арқау болып келеді. Бұл туралы кезінде ғалым 
Ы. Дүйсенбаев “Кейбір зерттеушілер “Кітаби ақын”, “Қиссашыл 
ақын” деген терминдерді жиі қолданатын болып жүр. Бірақ осы 
бір ұғымдардың қалайша туып, нені қамтитынын ешкім жөнді 
білмейді” деген болатын. Негізінде бұл топқа бұрынғыдай М. 
Қалтаевты, Н. Наушабаевты, М-Ж. Көпеевті қосу өте қате болар 
еді. Олар – өзіндік стилі, əдеби беті, бағыты қалыптасқан ақындар. 
Кітаптарында кейбір арабтан, парсыдан, татардың жазба тілінен 


87 
ауысқан сөздер жүр екен деп “кітаби” ақын атандыру – ешбір əдеби 
танымға сиымсыз нəрсе. Онда “Оян, қазақты” жазған М. Дулатовты 
да осы топқа жатқызуға тура келеді. Оның осы кітабында түсініксіз 
сөздер жетерлік.
Əңгіме кітаби сөздерде емес, ақынның мақсатында. Біз ХХ ғасыр 
бас кезіндегі түрлі кітаптардағы шығармаларды мейлі ол қарасөзді 
болсын, мейлі өлең түрінде болсын тəржімалап немесе сол сюжетті 
негізге ала отырып соған еліктеп шығарма жазған, яғни қисса-дастан 
тудырған, өзгедей шығармашылықпен айналыспаған ақындарды 
кітаби-қиссашыл ақындар деуіміз керек. Бұларға Ақылбек Сабалұлы, 
Мəулекей Жұмашев, Жүсіпбек Шайхысламұлы т.б. жатады. Себебі 
олар өзіндік өлең жазып, оны кітап етіп бастырған емес. Жəй ауыл 
арасындағы тіршілікте айтқандары бар шығар, бірақ олары көп 
емес, əрі сапасы да талапқа сай емес. Олардың сіңірген еңбегі – 
шығыстық үлгідегі қисса-дастандарды көбірек жазып қалдыруы 
жəне оны өзгеше бір əдеби дəстүр, əдеби мектеп дəрежесіне көтеруі. 
Бұл дəстүр Қазақ даласына кеңінен қанат жайған. Ол Алатауда да, 
Алтайда да, Атырауда да, Сырда да, Жетісуда да өз жемісін беріп, 
небір майталман жүйріктерді еліктірген. 
Кеңестік кездегі əйтеуір сол тұстағы идеяларға жат көзқарасты 
айдар тағып, ат қойып аластауды əдетке айналдырған мақсаттан 
туған “Кітаби-қиссашылдықты” Мəшһүрдей, Мақыштай, Нұржан-
дай ақындық өнердің, асыл сөздің шеберлеріне айдар ғып тағу, 
олардың “шекпендеріне” тарлық жасайды. Олар – діни ағарту 
тұрғысынан ұлт тық поэзиямыздың өресін биікке көтеріп, əдебиет 
тарихында өзі не ғана тəн ақындық қолтаңбасын қалдырған 
өнерпаздар. Бұл ба ғыттың көрнекті өкілдеріне төменгі ақындарды 
жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет