Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


 Бағыттың белгілі өкілдері



Pdf көрінісі
бет19/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

 3.2 Бағыттың белгілі өкілдері
Мақыш Қалтаев (1869-1916). Ақмола маңында туып өскен. 
М. Қал таев шығармаларында діншілдік сарын өте басым болып 
келеді. Жалпы адамзаттық имандылыққа көбірек үндейді. Дінді – 
адам жанының рухани тазаруы ретінде ұсынады. 1907 жылдан ба-
стап шығармашылықпен айналысып, 1907-1913 жылдар арасында 
сегіз кітап шығарған. М. Қалтаев – ХХ ғасырдың басында ең көп 
кітап жазған ақынның бірі.


88
М. Қалтаевтың “Қалтайұлының қазақ ахуалынан бəхас еткен 
манзұмасы“ (1907) “Қазақтың айнасы (1910), “Біраз ғибрат сөз“ 
(1910), “Насихат қазахия“ (1911), “Бар оқиға“ (1912), “Тура жол“ 
(1912) атты жинақтарының тақырыптары ортақ, бір сөзбен айтқанда, 
қазақ жайы. Татар ақындары З. Кəрими мен Ғ. Рашидиден аударған 
“Айна“, “Сақ-сұқ“ өлеңдер жинағы бар. Бұл аудармаларда ақынның 
өзіндік қолтаңбасы айқын сезіліп тұрады. 
Діни көзқарас жетегінде бола тұра, Мақыш – өз кезінде зама-
на шындығын дұрыс пайымдай білген ақын. Оның жинақтарына 
енген өлеңдерінен (“Аплотондай адамдар кедей болып“ т.б.) 
қазақ қозғалысындағы əлеуметтік теңсіздікті көре алғанын айқын 
байқаймыз. Ақын дүние, тіршілікке өз көзқарасын білдіріп, 
өлеңдерінде өзіндік ой-пікір қорытуға өте шебер. Шығармаларында 
Алланы шын сүю, Мұхаммедтің үмбеті болу тəрізді рухани 
тазарудың ұлы мақсаттарына жетелеумен қатар, ой астарында 
өмірдің қиындығына төзу, алланың бергеніне масаттанбау тəрізді 
адами асыл қасиеттерге тəрбиелеу мақсаты басымдау жатады. М. 
Қалтаев өлеңдерінде ұлттық мүдде жоғары қойылып, Отанға, туған 
жерге деген сүйіспеншілік ерекше шабытпен жырланады.
Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ əдебиетінде сана-
луан өнерпаз тұлға еңбек етіп, əрқайсысы өз дарынының биігінен 
əдебиетімізге шама-шарқынша үлес қосқаны белгілі. Олардың 
ішінде оза шапқан жүйрігі де, кейіндеу қалған шабаны да кездеседі. 
Бірақ кеңестік кезеңде дүлдүліміз қарабайырға, қойторымыз 
жүйрікке айналып шыға келгені жалған емес. Өйткені замана талабы 
сондай болды. «Ақты ақ, қараны қара» деп айта алмадық. Жалтақтық 
«жан серігімізге» айналды. Əдебиет əлемінің жұлдыздары Ахмет, 
Міржақып, Мағжан саясаттың құрбаны болса, Мақыш, Мəшһүр 
Жүсіптер идеология сойылын соққан солақай сыннан көз ашпады. 
Соңғылары ұстанған наным-сенімдерінің, содан нəр алған өзіндік 
танымдарының құрбанына айналды. «Екінің бірі – ақын, екі өлең 
жазған ірі ақын» демекші, екі өлең жазып, бір кітап шығарғанды 
«бұлбұл» танып, алты кітап шығарған Мақыш Қалтаевты «ала 
қарға» атандырдық. Жазығы не десек, жазығы – дінді уағыздап, 
діни танымды негізге алып ой айтуы.
1959 жылы Алматыда өткен қазақ əдебиеті тарихының 
мəселелеріне арналған ғылыми-теориялық конференция қаулысынан 
кейін М. Қалтаев шығармашылығы ХХ ғасыр басындағы əдебиет 
тарихын зерттеуші ғалымдардың назарына іліге бастады. Мақыш 


89 
Қалтаевтың шығармашылығы енді-енді ғана күрделі ғылыми-
зерттеулерге арқау болып келеді.
Жалпы, шығармашылығы туралы алғаш сөз қозғаған əдебиетші 
ғалым Бейсенбай Кенжебаев. Ол «Əдебиет жəне искусство» журна-
лында жарияланған «Мақыш Қалтаев» атты мақаласында: «Мақыш 
– молда ақын. Оның дүние тануы, көзқарасы – діни. Мəселені тал-
дау, түсіндіру əдісі шариатша, мысалдары, дəлелдері көбіне шариат-
тан, діни кітаптардан алынып отырады», – дейді.
Мақыш Қалтаевтың шығармашылығының басым бөлігі – поэзия. 
Мақыш – замана-дəуірдің құпиясына үңіліп, құбылмалы дүниенің 
болмысын тануға ұмтылған, соны өз поэзиясына арқау ете білген 
ақын. Ол сан тарау тақырыпқа барып, олардан өзара байланыс та-
уып, бір желіге біріккен бірлік іздей білген ойлы ақын. Жырларын 
оқымай жатып, мансұқ еткен сонау бір тұста кейбіреуге Мақыштың 
көр-жерді өлең етіп, жоқтан бар жасаған ақындай боп көрінгені рас, 
бірақ үңіле қарап, зерделей оқысаңыз, Мақыш поэзиясы əсте олай 
емес. Ол – ілімі мен білімін өзі көтерген тақырыпқа арқау ете оты-
рып, айтарын тереңнен тартып айтқан шығармашылық тұлға. Ақын 
шығармашылығында шығыс поэзиясына тəн өмір мен өлім, кəрілік 
пен жастық, жақсылық пен жамандық, достық пен қастық, білім 
мен надандық туралы мəңгілік егіз, салыстырмалы тақырыптар бой 
көтерген. Ол бұл мəселелердің бəрін де дін жөнімен сөз етіп, діни 
ұғым тұрғысынан түсіндіреді. Бір сөзбен айтқанда, қарапайым да 
ойлы діни насихат айтады. Сондықтан да біз Мақыш Қалтаевты Б. 
Кенжебаев дəл танып, тауып айтқандай, «діни ақын» деп білеміз. 
Өйткені, оның өлеңдеріне арқау болған бар тақырыптың түйісер 
тұсы – дін. 
Мақыш барлық нəрсеге өзі жеткен биіктен, яғни діни ілім биігінен 
қарайды. Сол арқылы түйсінеді, сол арқылы түсіндіргісі келеді. 
Мəселен, «Қалтайұлының қазақ ахуалын бəйіт еткен манзұмасы» 
(1909) дейтін алғашқы кітабының өзінен-ақ бұл анық көзге түседі. 
Ақынның қоғам, дүние, ғылым, өнерге деген көзқарасында өзіндік 
ой-тұжырымы бар:
Мал-жанымнан қылмаймыз дінге пайда,
Хан сегіз ұжымақ бізге қайда!
Дін жолына малменен ихсан қылса,
Себеп болып дін миллат кетер алға. 


90
Мақыш ең басты мəселе ретінде діни ұстанымды алып, 
ағартушылық көзқарастарын сол арқылы білдіруге, қазақ 
арасындағы мəселелердің шешімін дін жолымен табуға ұмтылады. 
«Ұлттың, мемлекеттің өркендеуіне тек шариаттың ақ жолын ұстану, 
дін қағидаларын құрметтеу арқылы жетеміз» деген ойды айтады.
Нағыз ақындар өзі өмір сүрген заманына көп жағдайда көңілі 
толмай, оның мінін ашып, келеңсіз жайттарын сынап отырған. Бұл 
жағдай Мақышқа да жат емес. Өйткені ол – өз заманының перзенті. 
Сондықтан өзі байқап, көріп отырған қоғамдық ортаның кері кеткен 
тірлігін оның сынамауы мүмкін емес еді. Екіжүзділікті «иманына» 
серік еткен ишан, хазірет, қожа-молданың оның қаламының қырына 
ілігуі, сөйтіп, ащы сынның астында қалуы осыған байланысты. 
Ол хазірет дін сатқан ел аралап,
Дұғасын алмағандар болар харап.
Дұғасын алмағанды тозаққа атып,
Алғанға ұжмақ берер анық қалап.
Ақын өлеңдері арқылы діни уағыз айта отырып, дүние-тіршіліктен 
алшақ кетпей, бақилық шындықтан, фəнилік шындықтың бол-
мысын ашады. Аллаһты адамға қуат берер рухани күш деп біліп, 
тіршілік тірегі – іс-əрекет, ізденіс деп түсінеді. Діни-философиялық 
түйіндері көбіне қарапайым қазақи ұғыммен астарлас болып келеді. 
“Бар оқиға”, “Насихат“ жинақтарындағы өлеңдерінде пайдалы 
іске ұмтылу, еңбекқорлық сияқты жақсы қасиеттерді дəріптейді. 
Дінді арамдық істеріне бүркеу еткен екіжүзділікке қарсы болып 
(“Қаж хаhында“), дін тазалығы үшін күрес жүргізуге тырысады. 
“Өнерге тағлым үшін бала берді“, “Өнерге жабыспасақ іс бітпейді“, 
“Михнат босқа кетпес қиналсаңыз“ атты өлеңдерінде өнерді 
дəріптеу айқын көрініс табады. М. Қалтаев шығармашылығының 
басты тақырыптарының бірі – əйел теңсіздігі. “Сəбия қыз“ өлеңі – 
осының нақты мысалы.
“Қазақтың айнасы“, “Біраз ғибрат сөз“ жинақтарының өлеңге 
қойылар талап тұрғысына сапасы өте жоғары. “Біраз ғибрат сөз“ 
жинағындағы мысал өлеңдерінің (“Есектің ойнауы“, “Аз үмітпен көп 
зарар берер“, “Бал құрты мен шыбын“, “Жақсылыққа жамандық“, 
“Пақырлық пен Байлық“ жəне т.б.) тəрбиелік мəні зор. Мақыш – қазақ 
əдебиетіндегі мысал жанрын дамытушы, өркендетушілердің бірі.
“Тура жол“ жинағында дүние, жан, рух туралы түсініктер діни 


91 
ілім-біліммен астасып жатыр. Ақынның қазақ тарихына көз жіберіп, 
хандар мен төрелердің озбыр іс-əрекеттерін ашар тарихи деректерді 
алға тартуы (“Қазақтың ханы болған төрелері“) – оның өткенге 
өзінше қарайтындығының белгісі.
М. Қалтаев шығармашылығына тəн басты ерекшелік адамдық, 
адамгершілік қасиеттерді ардақтап, жалпыға ортақ ілгерішілікті 
қолдайтыны. Мақыш – өмірден түйгендерін, оқыған-білген 
нəрселерін қарапайым қазақы тілмен ұйқас, ырғаққа түсіріп, баян-
дау тəсілінде жазуға бейім ақын. 
М. Қалтаев поэзиясының идеялық маңыздылығы, мазмұн 
байлығы көбіне уақыт тынысын тап басып, замана құбылысын 
дəл танып, өз өлеңдерінде күрделі ойларды арқау еткен пікірлер 
толғайтынынан көрініс табады. 
М. Қалтаев поэзиясында жалаң дидактиканың көрініс беріп 
қалатынын жасыруға болмайды. Ақынның тіл шұбарлығына 
жол беріп алатындығы да бар. Өлең жолдары араб, парсы, та-
тар тілдеріндегі сөздермен араласып кетіп, қазақ тіліне тəн ұйқас, 
үндестік заңдары бұзылып отырады.
Жалпы алғанда, М. Қалтаев – өз дəуіріндегі күрделі мəселелерді 
қозғап, халықты оятуға күш салып, өнер-ғылымды насихаттап, 
ағартушылық əдебиетке елеулі үлес қосқан ақын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет