Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет28/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Дін үшін жан кешетін ерлер болсын,
Қызбайтын көрінсе де жерік асы.
Алдында алтын жатса алмайтұғын,
Жан-жағын қу болмасын жалмайтұғын.
...Алланың ақ жолымен жүретұғын,
Ерік Аллада екенін білетұғын.
Қызылшыл, жемтікшілді жібермеңдер,
Ит сықылды жетекке еретұғын.
Бүгінгі күннің талабына қарасақ та Мəшhүр Жүсіп Көпеевтің 
сол кездегі айтқаны бұл күнге де ең бір қажетті сөз болып жеткенін 


110
байқаймыз. Жолбасшыға қатысты кешегі тілек те, бүгінгі талап та бір 
деңгейден шығып тұр. Көкірегінде имандылық сəулесі бар жанның 
жол бастаушы болуы – бодандық бұғауындағы халыққа биік арман. 
Осы орайдан келсек, Мəшhүр Жүсіп Көпеев шығармаларына негіз 
болған тақырыптардың бірі əлеуметтік-қоғамдық өмірді қамтитын 
азаматтық тақырып екенін аңғарамыз. 
Мəшhүр Жүсіп Көпеев – ХХ ғасыр басындағы азатшылдық ойды 
алғаш қозғағандардың бірі əрі бірегейі деп саналады. Алғашында 
патшалық саясаттың құпия қитұрқыларын аңдай алмай, оған 
сеніммен қарап, үміт артқанымен, кейін патша манифесінен де, 
əртүрлі реформалар астарынан да халықтың жайын жақсартарлық 
түйін таппай күдер үзіп, оларға өзгеше қарай бастайды. Жан-жағын 
байыппен аңдап, өзге елден өнеге алып ел бірлігін нығайтуға, 
жұртын тікелей азаттық алу жолына үндейді. “Оян, жұртым!” деп, 
жар салады. Мəшhүр Жүсіп Көпеев “Қара өлеңінде“:
Жатқандай тəтті ұйқыда қазақ халқы,
Айрылмай жақсы менен жаман парқы.
Баласы дін мұсылман ояныңдар,
Көрінер өз пайдасы жұрттың нарқы.
Əркімнің өз пайдасы ойлағаны,
Тереңге түсіп жатыр бойлағаны.
Бостандық деген сөзді жоқ қылам деп,
Аш бөрі бізді жеуден тоймағаны.
...Бас қамын жан пайдасын ойлаңыздар
Жақсы емес түсе берсең қармағына, –
деп, қазақты түгелдей бағындырмақ боп қыспаққа алып, жан 
жағынан зорлық көрсетіп, көшпелі халықты адамдық құқынан ай-
ырып, жер суын еріксіз алып, қалаған жерге “омақаны орнатып, 
қазық қағып“ жатқан отаршылдықтың қиянатын көрсетеді. Жалғыз 
қазақ ұлты ғана емес, бүкіл түркі жұртының бірлігіне шақырып, 
ынтымақпен қарсылық көрсетуді насихаттайды. Мұның бəрі елін 
сүйген алып жүректі азаматтың алда күтіп тұрған “қауіптен“ жұртын 
құтқарудың жолын нұсқауы еді. Бодандықтың бұғауын киген елінің 
езілгеніне күйзеліп, азаттықты аңсап, бостандықтың жолын іздеп 
алас ұруы еді ақынның. Ол өз ойын ешбір бүкпесіз, құпиясыз ашық 
айтады. Отаршылдықтың бұғауын жұлып тастауға анық та айқын 
түрде шақырады. 


111 
Шынын айтсақ, бұл қазақ поэзиясындағы отаршылдыққа қарсы 
айтылған алғашқы “тасқа басылған” жан айқай еді. “Сарыарқаның 
кімдікі екені“ кітабына енген “Қазақ жұртының осы күнгі əңгімесі“ 
атты өлеңі - осы ойдың дəлелі. Онда үміт те бар, Ресей патшасының 
өз еркімен еркіндік бермесіне күдік те бар. Ақын:
Биылғы үмітті едік өткен күзден,
Октябрь он жетінші деген сөзден, –
дей келе, ойын былай қорытындылайды:
Жан-жақтан ұшпа бұлт көтерілді,
Қызғанып күннің көзін мұңлы бізден.
Келді деп басыңа от қорқытады,
Іліп ап бес-алты ауыз айтқан сөзден.
Мұнда ақын 17 октябрь манифесі, онан соңғы Дума сайлауы 
жəне сайлаудан кейінгі қудалау мəселесін айқын да ашық айтып 
отыр. Оны əдемі суреттермен жүрегіңде мəңгі қалардай етіп көркем 
жеткізеді. 
Мəшhүр Жүсіп Көпеевтің азаматтық лирикасының негізгі желісі 
– рухани оянуға шақыру. Оның саяси-əлеуметтік тақырыпты арқау 
еткен ұзақ өлеңі – жоғарыда сөз қылған “Қазақ жұртының осы күнгі 
əңгімесі”. Бұл өлеңге қайта-қайта оралуымыздың себебі Мəшhүр 
шығармасының тамыр соғысы осы өлеңнен танылады. Мұнда 
ақын отаршылдық езгінің бедерлі суретін беріп, рухани оянудың 
серпіліске, серпілістің сілкініске жеткізерін сездіреді. Бұл ойлар 
қоғамдық өмірдің жаңа бетбұрысына шақырған белсенді наси-
хатпен ұштасып жатады. Жалпы ақынның осы тектес өлеңдерінің 
көбіндегі ой-таным ұлт-азатшылдық идеямен үндес келіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет