Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет30/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Ғибрат ал атқан таң мен батқан күннен,
Шықпассың адам болсаң айтқан жөннен.
Басыңа қайғы келсе қапа болма,
Тарылып, назаланып шықпа діннен.
Болмайды түн күндізсіз, күндіз түнсіз,
8–853


114
“Ай кірсіз”, – деген сөз бар, – “құдай мінсіз”.
Шаттық пенен қапалық кезек нəрсе, 
Бірінен соң бірі бар артық, кемсіз.
Ақынның мұнысы жай ғана ақылгөйлік емес, адамды, əсіресе, жа-
старды қайраттылық, қайсарлылық, шыдамдылық, беріктік сияқты 
ізгі қасиеттерге тəрбиелеу болып табылады. Бұл ұлы Абайдың 
“Қайғы келсе қарсы тұр құлай бермей” деген қайсарлық пен 
қайраттылыққа баулитын жігерлі ойымен үндестік тауып тұрған жоқ 
па? Екі ақын бір мəселеге екі түрлі келгенімен, заманы бір ақындар 
өмір мəнін терең түсінетіндіктен адамзатқа ортақ ой күйректігі 
тəрізді қасиеттерді жеңуге жетелейтін ақыл кеңесін əрқайсысы өз 
биігі тұрғысынан айтып, ұлылар ойы қашанда үндес келетінін таны-
тады. Мəшһүр Жүсіптің ағартушылық ой-идеясы, тəрбиелік насиха-
ты өлеңдерінде осылайша көрініс табады.
Ақын сананың төңкерісі, адамдық қасиеттердің дамуы, саналы 
жанның қоғам өмірінен алар тұғырлы орны дейтін мəселелерге де 
ой толғайды:
Бостан бос бір іс қылмай бекер тұрма,
Біліп қал іс қылсаң теріс пе, оң ба?..
…Наданның өз басына қылған ісін,
Қылмайды ақылды адам дұшпанына.
Əр түрлі қылып пікір, ойлы сана,
Ғылым, білім іздесең болдың дана…
…Кісілігі жоқ жанмен үйір болма,
Жолдас болсаң, жолдас бол кісіменен.
Пайдасы көпке тисе, əне кісі,
Ұлғаяр өрге басып оның ісі…
Мағынасы терең өлең жолдарының оқырмандарына берер тəлім-
тəрбиелік мəні өте зор. Сыртқы пішінімен де, мазмұн тереңдігімен 
де кəдімгі даналық нақыл сөздермен қатар тұр.
Ақын “Қазақтың қылып жүрген жұмысы” атты өлеңінде сол 
тұстағы қоғамдық-əлеуметтік жағдайға байланысты ел ортасына 
“партия” деген шоқ түсіп, ел арасы екіге жарылып, бүлінгендігін:


115 
Бөлініп жұрт екі жақ партиялап,
Қалмайды ұрғашыдай сол қиялап.
Басқа орын босағадан тимейтін-ді,
Бас қылып, бас жегізіп тəрбиялап, –
деп, жік-жік болып партияға бөлудің астарында жатқан зымиян 
қулықты айқын аңғарады. Ақын “басқа орын босағадан тимейтінді” 
деген жолға ерекше салмақ артқан. Бұл арада ол партияға бөлініп, 
топ-топ болғандарды басқарып жүргендердің ел ішіне іріткі салып, 
содырлыққа бой ұрған тентек, көрсеқызар жандар екенін меңзейді. 
Ал оларды сайлаушы жоғарғыдағылар соларды бас қылып, атқа 
мінер етіп күні ертең ел-жұртына қарсы айтақтамақ ниет ұстанып 
отырғанын астарлап жеткізеді.
Сол түнде азғырушы толып жатыр,
Шайтан да помагайтшы болып жатыр.
Ақын “помагайтшы” деген бөгде сөзді келтіру арқылы қазаққа 
пəле болып жабысқан партияның түп тамыры қайда жатқанын да 
тамыршыдай тап баса көрсетіп отыр. 
Мəшһүр ақынның көптеген өлеңдері терең философиялық 
толғанысқа толы. Олардың дені діни таныммен тығыз байланыста 
болып келді. Онда тіршілік – ғұмырдың реттеуші иесі бар екендігіне 
ой жіберу сарыны басым. Ақынның осы орайдағы кең толғанысты 
өлеңі – “Жеткізер құдай, пенде қылса талап”. Өткен өміріне бар-
лай қараған ақын ақындық талант, дарынның тəңірден келер қасиет 
екенін айтады:
Аузымнан қайтармаймын келген сөзді,
Сөйлесін деп қойыпты тəңірім бізді.
Тағы бір өзінің ақындық өнерін сөз қылатын “Қалмай ма əлі-ақ 
бір күн Мəшһүр өліп” атты өлеңінде:
Жүзінде жалған дүние көп сөйледім,
Ақылға үйлестіріп дөп сөйледім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет