Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет49/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Ойласам, сол тышқандай бұзықтар көп,
Сырты сопы, іші арам қылықтар көп.
Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп,
Адалымсып жүретін ұлықтар көп... 
Бір ұрты май, бір ұрты қандар да бар,
Қой терісін жамылған жандар да бар.
Жазасыздан жазалап атақ алып,
Ақ жүрексіп жүретін паңдар да бар…
“Епті тышқан бидайды таси берген” деп басталатын осы мы-
сал өлеңде пернелеу арқылы жеткізген ақын кейіпкерінің шынайы 
иесі кім екені бесенеден белгілі. Бұл – қоғамдағы ілгершіл ой 
пікірге тұсау болар, кері кеткен, кесірлі жандардың нақты бейнесі. 
Олардың іс-əрекетін көрсету арқылы ақын одан жирендіре отырып, 
оқырманды адамдық ұлы мақсатқа жетелейді. 
Осы сарындас өлеңдер тобына “Ашу мен ынсап”, “Шаруа 
мен ысырап”, “Анық пен танық”, “Ер қоспақ пен сөз сөйлемек”, 
“Дүние мен өмір”, “Мақтау мен сөгіс”, “Міндеу мен күндеу” тəрізді 
шығармалары жатады. Мұндағы мақсат айқын, міндет анық. Ақын 
өмірлік топшылауын алға тартып, оны өлеңнің құдіреті арқылы 
оқырман жүрегіне жеткізуге тырысады. Жеке адам бойындағы 
кемшілік, қоғамдағы жалпы құбылыспен астасып кетеді. Осыдан 
келіп, Шəкəрім шығармасындағы жеке тұлғадан бүкіл қоғамдағы 
өзгерістерге тəн типтік образ жасалады.
Шəкəрім ұстанған сыншылдықтың басты міндеті - өмір 
шындығын нақты көрсете отырып, салмақты əлеуметтік ой айту, 
өмір құбылыстарын, заман мен қоғам шындығын шынайы бейнелеу 
арқылы оқырман мен тыңдарман ойын ояту болса керек. 
Шəкəрім – айналасындағы болып жатқан қоғамдық-əлеуметтік 
өзгерістер мен жаңғыруларға үнемі үн қосып өзгелерге жөн сілтеп, 
жол басшы болған кісі. Ол ақын ретінде де, қазақ қоғамының 
белгілі қайраткері ретінде де өмір көшінің алдында жүріп, замана 
желінің қайда соғарын тап басып танып отырған. Керек кезінде 
қазақ жұртшылығын бұйығы тұрмыс-тіршіліктен оятуға ұмтылған 
ақын, ұлы өзгерістер тұсында өзгеше түлеп шыға келеді. Сөйтіп 


154
“Бостандық таңы атты”, “Бостандық туы жарқырап” деген топта-
ма өлеңдер тобын жазады. Онда ақын алдыңғы өмірден үлкен үміт 
күтеді. 
Бостандық таңы атты қазағым көріңдер,
Арға ие басшының соңынан еріңдер,
Таң артынан хақихат күн шығады,
Еріншек, жалқаулық əдеттен безіңдер.
Өлеңнің өн бойынан ақынның болашаққа деген сенімі есіп тұр. 
Бірақ ол – құрғақ қиял емес, шынайы сенім. Осы тұста Шəкəрім по-
эзиясына тəн азаматтық сарын тағы алға шығады. Тағы да тұлға мен 
халық бейнесі сабақтаса өріледі. Халық сонда ғана бостандыққа қол 
жеткізеді, егер “Арға ие басшыны” таба білсе. Ақынның лирикалық 
кейіпкері болашақ өмірді сол “арға ие басшылармен” тығыз байла-
ныстырады. 
Шəкəрім шығармашылығында таза ағартушылық тақырыптың 
да орны ерекше. Шəкəрім жəй оқуға шақырушы емес, Шəкəрім 
үшін оқу-білім, ғылым жолы. Оның бұл ойлары “Сен ғылымға”, 
“Сынатарсың өзіңді”, “Ғылымсыз адам хайуан” т.б. өлеңдерінда 
анықта, нақты көрініс тапқан. Ол – əйтеуір оқудың жоқшысы емес, 
сол оқу апарар танымның жол басшысы. 
Ғылымсыз адам – айуан,
Не қылсаңда ғылым біл.
Ғылымға да керек жан,
Ақылсыз болса ғылым тұл.
Шəкəрімнің ғылымға үндеудегі мақсаты тым алыста. Ол - 
алдыңғы толқын қалыптастырған ағартушылық бағытты одан да 
əрі жетілдірмек ниетте жүрген “Жаңа жолдың басшысы”. “Оқу 
білім бұлағы, білім өмір шырағы” деген қағиданы ұстанған
білім шырағының таным шамшырағына айналуын аңсаған ұлы 
ағартушы. 
Үш-ақ түрлі өмір бар: бəрі де мас,
Бір рəуішті болады шал менен жас.
Ең керекті дегенің – ортаншы өмір,
Түгел қолың жетпейтін бір жанталас.


155 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет