Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет59/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

7.2 Суреткер ақын
Жас кезіндегі балаң өлеңдерінде көркемдік жағынан кемшіліктер 
болғанымен де, ақын боп туған таланттың алғашқы аяқ алысының 
өзі өлеңді жүректен жазатынының куəсіндей. Оның сол кездің 
өзінде адам мен қоғам, адамның өмір мəні жайлы ой толғап, көркем 
сурет жасауға ұмтылғанын көреміз. Ол қоғамдағы əділетсіздік, 
əлеуметтік теңсіздікті əйел тағдыры арқылы көрсетуге тырысады. 
Дүмше молдалар уағыздаған дін, сапасыз діни оқу сипаты жөнінде 
де ой тербейді. Оларға өз түсінігіндегі, өз білімі жеткен ұғымдар 
тұрғысынан қарсылық білдіреді.
Ақындық өнерді “...бұрын жалғыз оқу еді іздегенім, енді оған 
өлең жазу болсын серік” деп бастаған ақын алғашқы өлеңдерінде-ақ 
туған халқындағы өлең өнерінің үлгілерін еркін меңгеріп, құр ұйқас 
құрмай, өлеңдегі айтар ойдың орамын табуға тырысады. Көбіне са-
лыстыра, салғастыра бейнелеуге тырысады.
“Орнымыз медресе оқып жатқан”, “Кедейлік”, “Байлық”, “Соқыр 
сопы”, “Неке қияр” сияқты тырнақалды өлеңдерінде оқу мен 
надандық, ғылым мен дін, кедейлік пен байлық бір-біріне қарама-
қарсы қойылады. 
Ақын үнемі өзі жазып отырған тақырыптың арғы жағына, 
тереңіне ой жіберуге тырысады. Алғашқы өлеңдерінің өзінде-ақ 
əділеттік, əділетсіздік тəрізді ұғымдарға барып ой елегінен өткізуі, 
өзіндік топшылау жасауы осының айғағы.
 
Жан қайда əділетті іздейтұғын, 
 Адамшылық атақты көздейтұғын.
 Тірлікпен өлген күнді бірдей ойлап...
 Арамдық теңізінде жүзбейтұғын.
Сұлтанмахмұт “Жан қайда əділетті іздейтұғын” атты осы тұңғыш 


186
өлеңінде айтар ойды көркем суретпен өрнектеп, өзі өмір сүрген 
қоғамдағы ең бір өзекті екі мəселеге назар аударады. Бірі – дін 
мəселесі, екіншісі – əйел мəселесі. Дінді бұзып отырған арам мол-
дамен өз қадірін өзі кетірген қыз жайлы түйінді ой айтып, олардың 
есте қалар бейнесін жасауы ақынның жас қаламының ұштала 
басталғанын танытса керек.
Сұлтанмахмұт шығармашылығының өзекті тақырыбы – оқу-
ағарту. Алғашқы өлеңдерінен-ақ көрініс беретін бұл тақырып, ақын 
поэзиясының үзілмес желісіне айналған. ХХ ғасыр басындағы 
ақындар шығармашылығында бұл тақырып үнемі алдыңғы қатарға 
шығып отырғаны белгілі. Бірақ Сұлтанмахмұт поэзиясында 
ағартушылық тақырып тек насихаттық, үгіттік аяда қалып қоймай, 
терең ой, нəзік сезім, көркем тіл арқылы өрнектеліп, оқушының 
“тіліне жеңіл, жүрегіне жылы” тиер күйде жазылған ақындық 
өнердің озық үлгісі болып келеді. 
Ақын оқу-білім тақырыбын ақындық жолының алғашқы 
кезеңінен-ақ өз шығармашылығына өзек ете бастаған. “Орны-
мыз медресе оқып жатқан”, “Оқу”, “Оқып жүрген жастарға”, 
“Талиптарға”, “Оқудағы мақсат не?” өлеңдері осының айғағы. 
Сұлтанмахмұт оқу-ағартуды арқау еткен өлеңдерінде өз мақсаты 
мен қазақ жастарының мақсатын ұштастыра отырып жырлайды. 
Ақынның жеке арманы, мақсаты, білім-ғылым туралы түсінігі жеке 
басының ғана емес, ұлт қамын ойлаған жанның биік азаматтық 
мақсаттарымен айшықталады. Мəселен “Оқуда мақсат не?” деген 
өлеңінде ақынның жалқыдан, жалпының мəселесін тануы нақты 
көрініс тапқан. Өзінің оқу оқып, білім алудағы мақсаты белгілі ақын 
өзгелерге ой салып, санасын оятуға ұмтылады. Жалпы “Оқуда мақсат 
не?” – деген сұрақты қоя отырып, білім алушы шалағай шəкірттерді 
молда я тілмаш болу емес, елді ұлы мəдениетке жеткізер, ел игілігі 
үшін қызмет етер ағартушылық міндетке бейімделуге шақырады. 
Оларды “Молда болып төрде отыруды”, “Тілмаш болып жем табу-
ды” көздемей, елдің ертеңіне ие болып, өрге жетелеуді мақсат тұтуға 
үндейді.
Яки мақсат: өнер, білім алуға,
Алға қарай баруға.
Намыстанып қорланып,
Хұқықтан махрұм қалмауға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет