204
салттың
етегіне жабысып, соны негізгі құралы етіп, алдау, арбау,
айла тəсілдері арқылы көрсететін тоғышарлық, қанаушылық мінез-
құлқында деп таниды. Ал жаңа өскін ұрпақтың өкілдерінің бойы-
нан ақын өз заманының саналы да жаңаға жаны құмар жастарын
көреді. Олардың жаңаша көзқарасы мен таным-түйсігін сезінеді.
Сұлтанмахмұт бұл ұнамды кейіпкерлерінің əділдік жолындағы, ма-
хаббат бостандығы жолындағы күрестерін сүйсіне суреттейді.
Романның негізгі кейіпкері – Қамар. Осынау өзінің адамдық
құқын, жасқа тəн махаббат еркіндігін
қорғауға ұмтылған қайсар
қыздың төңірегіне заман туғызған ұнамды образдар жиынтығы
топтасқан. Қазақ қоғамдық өмірін кеңінен суреттеуге тырысқан ав-
тор ізденісіне орай, бұларды қоғамдық ортадан ойып алынған типтік
бейнелер деп айтуға əбден болады.
Қамар – романдағы бүкіл оқиғаның желісін ұстап тұрған негізгі
тұлға. Ақын өз тұсында қазақ қоғамында орын алып отырған түрлі
қайшылықтар мен алға дамуды тежеп отырған кертартпалықты осы
кейіпкердің көзімен көріп, соның түсінік ұғымы арқылы білдіреді.
Қамар – əрекетшіл бейне. Өз бақыты жолында ол əлсіздеу болса да
өмірінің соңына дейін күресіп, қарсылық жасауға əрекеттенеді.
“Қамар сұлу” романының құрылымдық желісі де шымыр шыққан.
Таңдаған тақырыбына орай автор шығарманың құрылымдық
жүйесін оңтайлы да шебер құрып, тартымды өрбіте алған.
Шығармадағы оқиға желісі бірінен-бірі туындап, бір-бірімен тығыз
байланыста өріледі.
Бұлардың оқырманды қызықтырып, тартып
алып кетуі соншалықты оқиға өмірдің өзінен туғандай əсер береді.
Роман Қамар мен Ахметтің хат жазысуынан бастап дамып, Қамарды
Нұрымның айттыруынан бастап шиеленіседі. Оқиға өз арын аяққа
таптатқызғысы келмеген ару қыздың мерт болуымен аяқталады.
Автор шығарманың басында Қамарды еркін өскен, өмірдің
ащы-тұщысын
көрмеген балғын жас, жауқазынды жарып шыққан
қызғалдақтай үлбіреген сұлу қыз күйінде суреттейді. Жазушының
осынау балауса жанды тым елжірей, таңдай қағып, тамсана
суреттеуінен жүрек секем алғандай…
Жіңішке сымға тартқан əні қандай,
Балауыз балбыраған тəні қандай.
Ақыл-ой, мінез-көрік түгел келіп,
Толықсып толып тұрған сəні қандай!
Достарыңызбен бөлісу: