Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет107/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

12.2 Мағжан – лирик ақын
Қазақ поэзиясында лирикасының сыршылдығы мен ойшыл дығы 
қат-қабат келіп жататын өлең өлкесінде өшпес мұра қалдырған 
ұлы ақын – Мағжан Жұмабаев. Мағжан поэзиясының тіл кестесі, 
лирикасындағы сыр мен сезім тоғысы, суреткерлік пен ойшылдық 
оқырманын талай рет тамсандырып, небір дуалы ауыздардың 
ілтипатына ие болып, өзіне тəнті еткен. Атын атауға жасқанып, 
бұқпантайлаған заманда да тасты жарған тас бұлақтың суындай 
нəрлі поэзия жасырып оқыған талай жүректі өзіне баурап, өзгеше 
күйге бөлегені шындық. Мағжан поэзиясының осынау құдірет 
күшін өз замандастары толық мойындап, кейі ашық, кейі жұмбақтап 
болса да жазып та, айтып та кеткен. Мұндайда ауызымызға 
алғаш ілінері – Мағжанды өнерпаздықпен түйсініп, жанымен 
түсінген Жүсіпбек Аймауытов пікірлері. Ғаббас Тоғжановтың 
сыни оймен айтқан “Мағжанның ақындығы, Жүсіпбектің сыны” 


332
деген (кітабының аты. – Ө. Ə.) сөзімен бұл күнде ақындық пен 
сыншылдықтың үлгісіндей қалыптасып кеткен, қанатты сөзге 
айналған Жүсіпбектің Мағжан туралы орнықты ойлары сонау 1925 
жылы айтылған еді. Ташкент студенттерімен болған мəжілісте 
жасаған баяндамасында Жүсіпбек, Мағжан шығармашылығын кең 
көлемде талдап, Мағжанды солақай сыншылардың зорлығынан 
арашалауға бар күшін салып, оның ақындық құпиясын ашып берді. 
Ол Мағжанның ақындық өнері туралы: “Суретті, кестелі, көркем 
сөз Мағжаннан табылады, Мағжанды ақындық жағынан сөзсіз 
суретші деп айтуға болады. Суретшілік жағынан Мағжанды сөзсіз 
Пушкинге теңеуге ауыз барады”, – деп анық та ашық жар салды. 
Мағжанның ақындық табиғатын тап басып таныған ол Мағжанды 
“ұлт ақыны”, яғни ұлтын сүйген ақын деп біледі. Оны Пушкин-
ге теңеуінде де осы негіз жатса керек. Мұның өзі ұлылардың ең 
алдыменен ұлтына қызмет етерінің, ұлтына еткен еңбегі арқылы 
өзгелердің де жүрегіне жол табарын танытса керек. Ал Мағжанды 
ақындық шеберлігі мен суреткерлік шеберлігі жағынан Пушкин-
ге теңеген тек Жүсіпбек Аймауытов қана емес, Валерий Брюсов те 
оны “қазақтың Пушкині” деп атаған. 
Мағжанның өнеріне бас иіп өткен, дүрбелең жылдарда да 
Мағжанға деген біржақты пікірінен айнымағандардың бірі – 
М.Əуезов. Дарынды бағалай білетін ұлы жазушы Мағжан тура-
лы: “Қазақ жазушыларынан, əрине, Абайды сүйемін. Бұдан соң 
Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған əшекейін сүйемін. 
Қазақ ақындарының қордалы ауылында туып, Европадағы 
мəдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа 
қызын көріп сезінген боламын. Мағжан культурасы зор ақын. 
Сыртқы кестесінен келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір 
заманның шегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан 
ертерек шыққандай, бірақ, түбінде əдебиет таратушылар газетпен 
қосақталып, күндегі өмірінің тереңін терген ақын болмайды, за-
маннан басып озып, ілгерлеп кеткен ақын болады. Əдебиет үшін де-
ген таңба айқын болмай нəрлі əдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан 
бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, 
артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан 
басқамыздың бəрімізді күмəнді, өте сенімсіз деп білемін”, – деген 
көрегенді ой айтады.
М. Əуезовтің 1929 жылы топшылаған бұл пікірі күні бүгін тура 
келіп отырған жоқ па?! Ұлылардың ұлылығын айтқан сөздерінен, 


333 
өнегелі істерінен танитын болсақ керек. Кезінде “социалистік ре-
ализм” сынының отына қақталған Мағжан ақынның бүгінгі күні 
халқының жүрегіне сара жол табуы данышпан Əуезов таныған 
ақындық құдірет күшінің əсері болса керек.
Əдетте, көркем сөздің кереметі одан рухани азық алып, 
жандүниеңді байытып, өмір құбылыстарына деген көзқара-
сыңды кеңейтіп, қоршаған ортаның қыр-сырын түсінуге 
көмектесетіндігінде болса керек. Мағжан поэзиясы – міне осы 
айтылған жағдайларды терең сезінуге негіз боларлық көркем 
дүние. Оның ақындық шабытынан туындаған кестелі өлең жолда-
рын құныға оқи отырып өмір болмысына, адами қасиеттерге, сезім 
құпиясына, айналаға, табиғатқа ақынша қарап, ақын жүрегімен 
ұғынуға ұмтыласың. Өйткені оқырманның жан-дүниесі ақын 
түсінігімен ұштасып, жалғасын таппаса, оның жыр əлеміндегі 
əуезді ұйқастармен ұштасқан тұнба тұнық сырға, мұңлы күйге 
толы поэзиясын түсіну де, түйсіну де қиын-ақ. Мағжан – сыршыл 
да өршіл маржан жырларының құдіреті арқылы өзінің бүкіл бол-
мысы мен поэзиясының ерекшелігін танытып кеткен ұлы ақын. 
Мұның бір дəлелі “елу жылда ел жаңа” деген түсінік тұрғысынан 
алғанда, жарты ғасырдан кейін ұлтымен қайта қауышқан ақын 
жырларының көз көргендер мен атын естігендер ғана емес, жас 
буынның да жүрегіне жол табуында деп білеміз. 
Ақын жырларының бұлай бірегей қабылдануының себебі əу баста 
Мағжанның ақындық өнердің тура жолын тап басып, таңдап алуында 
жатса керек-ті. Ақындық міндетті арына жүктеп, халыққа жеткізер 
ойдың ұшығын анық та айқын көре білген Мағжан өз бағытынан 
еш айныған емес. Құбылмалы өмір күйінен өз əуезін таба білген 
ақын қашанда тек ұлтының керегін іздеп қайғысын жеңілдетуге, 
мұңы мен зарын жоқтауға, қуанышын көркейтуге, жеңісін тойлауға, 
жаманын жасырмай, жақсысын асырмай жырлауға берік бекінген. 
“Мақсаты тіл ұстартып, өнер шашпақ” болған ұлы ұстазы Абайша 
бар мақсаты ұлтының азаттық пен бостандыққа қол жеткізуі болған.
Мағжанның алғаш жарық көрген өлеңінің өзінен-ақ ақынның 
кейінгі ұлы мақсаттары көзге шалынды. Мəселен “Айқап” 
журналының 1911 жылғы 2-санында жарияланған “Жатыр” атты 
өлеңінің соңғы шумағында ақын былай дейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет