Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет110/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Жұрттың қамын көп ойла,
Уайым қайғы жеп ойла!
Артта қалған сорлы жұрт 
Алға бассын деп ойла.
Аты еліткіш болса да, заты терең өлеңнен биік өреге қанат қаққан 
бала қыранның шаңқылы естіліп тұрған жоқ па?! Бірте-бірте ақын 
үні ширыға түсіп, дауылпаз дабылына ұласты.
1922 жылы Бернияз Күлеев Қазан баспасынан шығарған “Мағжан 
Жұмабаев өлеңдері” атты кітабы мен 1923 жылы Сұлтанбек Қожанов 
басшылығымен Ташкент баспасын шыққан өлеңдер жинағына ен-
ген өлеңдері қазақ поэзиясына “ешкімге ұқсамайтын біртума… 
өзіне ғана тəн үні, таңғажайып əуенді жыры бар…” (С. Құдаш) ақын 
келгенін паш етті. Өйткені ондағы өлеңдер ғасырлар тоғысында 
орын алған тарихи оқиғалардың, аласапыран күрделі кезеңдердің 
шындығы мен дауылды жылдардың тулаған толқынында арпалысқан 
ақынның жан жүрегін жарып шыққан жырлар еді.
Бұл кездегі ақын шығармашылығынан жан-жақты ізденіс көзге 
шалынады. Ол тек алдыңғы аталған ұстаздар шығармашылығынан 
үйреніп ғана қоймай, орыс, европа ақындық мектептерінен өзіне 
қажетті өлең жасам тəсілдерін бойына жұқтырып, қазақ поэзиясына 
жаңаша бір леп əкелуге ұмтылады. Жəне де көп ұзамай бұл ізденіс 
өз жемісін берді де. Яғни əлемдік ақындық тəжірибеден берік 
орын тепкен бейнешілдік (символистік) əдістің əуезді үні Мағжан 
ақындығымен біте қайнасып, қазақ поэзиясындағы сырлы дүние 
ретінде Мағжанның өзіне ғана тəн өлең өрнегін қалыптастырды. 
“Өзінің қайталанбайтын ерекшелігімен М. Жұмабаев поэзия-
сы А. Ахматова, Б. Пастернак, А. Блок творчествосын еске са-
лады” депті, башқұрттың халық ақыны Сəйфи Құдаш. Мағжан 
замандасының, оның шығармашылығымен жақсы таныс жанның 
бұл пікірінде түйінді шындық бар. Өйткені Мағжанның өмірі мен 
шығармашылығын ерекше құлшыныспен зерттеп жүрген ғалым 
Шерияздан Елеукеновтың төмендегі ойларынан Сəйфи Құдаш 
пікірінің бар сыры ашыла түскендей: “Өткен ғасырдың аяқ шенінде 
орыс əдебиетінде декаденттік ағым күшейді. Оның көрнекті 


340
өкілдері К. Бальмонт, В. Брюсов, Д. Мережковский, Ф. Сологуб, 
жас А. Блок өз туындыларына символизм айдарын тақты. Симво-
листер ақиқат ауылын реальды дүниеде іздеу адасқандық деп жар 
салды. Олардың пікірінше, көркем шығарма шындықтың құпия 
сырын ашуға тиісті. Ол үшін мистикалық о дүниені ой көзімен 
елестету керек. Жалт берген тылсым түйсіктерді ұстап, тілін тау-
ып сөз кестесіне түсіре алсаң, міне, нағыз поэзия сол. Шындықты 
интуициямен, емеурінмен сезіп, белгілі символмен жеткізе алатын 
суреткер ғана нағыз ақын болмақ”. Міне, Мағжан осы ақындарға 
еліктеді. Бірақ оның еліктеуі жалаң емес, жалпы символдық поэзия 
өнері атаулыға тəн қасиеттерді ала отыра, оны ұлттық эстетикалық 
бейнелеу жүйесіндегі таза сипаттармен тығыз байланыста ұстайды. 
Сөйтіп екі арнаның асыл қасиеттерін өз өлеңдерінің табиғатына 
терең үйлестіріп, өзіндік үнін таныта білді. Мағжан поэзиясының 
сыршылдығы мен сырлы əуезінің бар құпиясы осында жатыр.
Европа ақындарының бейнешілдік ағым-əдісінің ішкі əлемін, 
сыртқы түрін тез қабылдап, өзінің бағытын айқындайтын мектеп 
ретінде таныған ақын туған халқының тағдырымен ұштасып жатқан 
терең толғанысты, мұңлы сарындағы өлеңдерді көптеп жазды. Көп 
ретте ақынның өмірден түңілуі ретінде қабылданған бұл өлеңдер 
шындығында ұлтының басына түскен сергелдең кезеңдердің ақын 
жүрегінде шемен болып қатып, поэзия арқылы зарлы саз болып 
төгілуі еді.
Мағжанның терең толғаныс, ішкі қайшылықтың толқы-
нысынан туған торығу сипаты мұңлы сарындағы өлеңдеріне: “Мен 
сорлы”, “Жар”, “Жаралы жан”, “Алыстағы бауырыма”; “Батқан 
күн”, “Атқан таңның жыры”, “Бүгінгі күн өмір, өлім менікі”, 
“Сарғайдым”, “Өмір”, “Қысқы жолда”, “Жазғы жолда”, “Жиегіңде 
қара орман”, “Алдамшы өмір”, “Күзгі күні”, “Мені де, өлім, 
əлдиле”, жəне т.б. жатады. Осы өлеңдердің жазылу себептерін, 
ел басына замана əкелген ауыртпалықтарға тоқтала келіп, Ж. Ай-
мауытов Мағжанның түңілу сарынындағы өлеңдерінің мəнісін: 
“Бейнеттен қашсаң дөңбекке” дегендей қайда барсақ та, кімді 
паналасақ та “Қорқыттың көрі дегендей” қалың бұқара əркім-ақ 
«көй-көйді тартты. Қорқыттың қобызын қолына алып, “көй-көйді” 
Мағжанда тартты. Қазақ ашаршылық ауыртпалықты көтере алмай 
жоғалып, құрып кете ме деген қауіп туды. Табан тірейтін нəрсе 
қалмады. Жалғыз сенетіні – қызмет басындағы қазақ азаматтары 
болса, ақын олардың қызметтеріне де қанағаттана алмады” – деп, 


341 
түсіндіреді. Шындық осы емес пе?! Ұлтым деп жаралы жүрегі зар 
жылаған ақынның басқа жолы қалды ма?…
Елінің мұң мен зары кенеуінен асып тұрған кезеңдерде жазылған 
“Қысқы жолда” деген өлеңінде жасырын тұрған символикалық 
меңзеу бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет