Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет12/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

“На коня потом вскочу,
В степь как ветер улечу” – десе,
Мағжан:
Сонан соң ырғып жүйрікке, 
Желдей ұшып гулейін, –
деп, орыс ақынының сөз өрнегін, тіл кестесін дəлме-дəл түсіреді.
А. Феттің “Шепот, робкое дыханье” деп басталатын атақты 
өлеңін М. Жұмабаев еркін аударма үлгісімен аударған. Аудармаға 
“Біраз Фетше” деп тақырып қойылуы осыны меңзесе керек. Еркін 
аударма болғандықтан да өлең көлемі түпнұсқадан екі есе ұлғайған. 
Алғашқы жəне соңғы шумақтар араластырыла аударылған.
Жүрек мас,
Көзде жас…
Екі жан –
Ыстық қан.


55 
Жан ессіз,
От сүйіс.
Күбір,
Сыбыр, Тұман.
Таң, Таң!
Ақындарды ортақ тақырыпқа қалам сілтеткен бар тілге түсінікті, 
“Көзбен көріп, ішпен білетін” махаббат əлемі. Мағжан өлеңдеріне 
тəн сезім мен тылсым сырлардың бейнелі де бедерлі суреттері, 
сезім бұлқынысының сəттік құбылыстары өлеңнің өн бойынан 
нұр шашып тұр. Тақырып атауы болмаса Мағжанның өз өлеңі деп 
қабылдауға əбден болғандай.
Блок, Фет творчестволарымен таныса, тəржіма жасай отырып, 
солардың рухында өлең жазған Мағжан ақын қазақ поэзиясына 
соны сипат, европалық үлгімен астасқан өзгеше өрнек əкелді. 
Жүсіпбек Аймауытов əйгілі “Мағжанның ақындығы туралы” 
мақаласында: “Мағжан еліктегіш ақын, Еліктеу – ақынға мін емес, 
қандай көрнекті ақындар да алдыңғы ақындарға еліктемей жаза 
алмаған. Романтик Мағжан символистерге, кейде сентименталистер-
ге, орыс ақындарына еліктеп жазса, бұл алданғандық, не адасқандық 
емес, іздену соқпағына өзін-өзі салып, сан түрлі сырлы саздарды қазақ 
поэзиясына əкелу əрекеттерінің басы еді. Орыс поэзиясындағы сол 
кездегі əр түрлі ағымдар бағытын Мағжан жақсы бағдарлап, қазақ по-
эзиясына енгізген…” деп жазады. Мағжан аудармалары өлеңмен ғана 
шектеліп қалмайды. Ол М. Горькийдің “Сұңқар жыры”, “Жұртын 
сүйген жүрек” (“Старуха изергиль”), “Ана”, “Темірді жұмсартқан 
ана”, “Хан мен ұлы” əңгімелерінде қазақша тəржімалады.
Мағжан романтизмінің түп төркіні Батыстағы Байрон, Гейне, 
Мыцкевичтен, Ресейдегі Пушкин, Лермонтов, Баратынский, Блок,
Горькийден келіп шығады деген Жүсіпбек пікірі шындыққа жана-
сымды екенін Мағжан шығармашылығы дəлелдеп отыр.
Романтизм демекші, ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінде 
сыншыл реализммен қабаттаса осы əдіс те өзіндік деңгейде көрініс 
тапты. Кейінгі кезде біз бұл əдісті тек Мағжан шығармашылығына 
қатысты сөз қылып жүргенімізбен, ол көптеген творчесвтолық 
тұлғалардың шығармашылығынан берік орын тепті. Мəселен 
Шəкəрімнің кең құлашты “Еңлік-Кебек”, “Қалқаман-Мамыр” эпи-
калары, Сұлтанмахмұттың “Кеш”, “Жазғы қайғы”, “Түсімде”, “Жас 
жүрек” өлеңдері асқақ романтизмнің озық үлгілері болып табыла-
ды. Сұлтанмахмұттың “Жас жүрек” деген өлеңіндегі:


56
Жас жүрек, қайда сенің ыстық қаның,
Тап мұндай мұздауыңның айтшы мəнін,
Тəтті үміттің қиялы сəуле беріп,
Ұйықтатпайтын толқынның жойдың бəрін…
Жиіркеніп, көргің келмей өзіңді өзің,
Қамығып неге осынша құрыды əлің?
деген жолдар аяулы ақынның биік романтикалық шабытының 
бет-бедерін айқындап тұр.
ХХ ғасыр басындағы əдебиетіміздің дүниежүзілік əдебиетпен бай-
ланысын айтқанда, Мағжан поэзиясындағы сентиментализм, симво-
лизм сарындарының сол байланыс арқылы енгенін атауымыз қажет. 
Аударма жасау барысында Мағжан орыс символистерінен өзіне жаңа 
өрнек, үлгі іздеген. Жаңашылдыққа, əсемдікке жаны құмар ақын өзі 
аударған шығармалардан қазақ құлағына тосын естілетін жаңа та-
раптарды, сөз тіркестерін, ішкі мағынаны іздеп табады. Оны əрлеп, 
жаңғыртып, жандандырып оқырманына жатсынбастай етіп ұсынады.
“Қазақ əдебиетіне Мағжанның кіргізген жаңалығы аз емес
орыстың символизмін (бейнешілдігін) қазаққа аударды, өлеңді 
күйге (музыкаға) айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, жаңа 
өлшеулер шығарды. Романтизмді күшейтті, тіпті ұстартты”, – деп, 
Жүсіпбек Аймауытов бағалағандай, Мағжанның төл шығармалары, 
аудармалары əдебиетімізде бұрыннан бар əдістер мен тəсілдерге 
символизм, сентиментализм ағымдарының элементтерін енгізіп, 
европалық əшекейімен безендіре түсті.
Сонымен тəржімалар арқылы қаламгерлеріміз орыс жəне əлем 
əдебиетінің озық үлгілерімен қазақ оқырманын таныстыра оты-
рып, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін де ашуға тырысты. ХХ ғасыр 
басында жасалған тəржімалар əдебиетті кең өріске шығарып, өз 
бетімен ізденуге жол ашты. Прозадағы сан-салалық тереңдік пен 
кеңдікке, бейнелілік пен суреткерлікке баса мəн беріліп, өлеңдегі 
əуезділік, ырғақ, ұйқас, айшықтау, құбылту, бейнелеу тəрізді 
поэзияның көркемдік құралдары жетілдіріліп, сөз өнерінің құдіретін 
айқындайтын əдіс-тəсілдердің əлем əдебиеті жеткен өресіне бағыт 
ұстау қазақ əдебиетін жаңа бір белеске шығарғандай еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет