Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет8/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Байланып қорыққандықтан жүрді тілім,
Қазағым, қайран жұртым, халқым елім.
Мұжық кеп, қара шекпен крестьян,
Жеріңді қылмады ма тілім-тілім, –
деп, қазақ жағдайына жүрегі қарс айрылса, ағартушы-демократ 
Сұлтанмахмұт Торайғыров:
Сұмдар салған жүректе
Аз ба біздің жарамыз?
Тепкісінде басқаның,
Қор боп жүдеп барамыз, –
деп, ұлтының қасіретті жағдайының ең негізгісін нақты атай оты-
ра, елін серпілтер ой-идеяны өзіндік өршіл үнмен көтереді. Бұл 
құбылысты Абайша терең сезіне жырлаған ұлт-азатшыл бағыттағы 
Ахмет Байтұрсынов:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
 Сынуға тұр таянып,
Талауда малың,
Қамауда жаның,
 Аш көзіңді, оянып, –
деп, халықтың мүшкіл халіне себеп болған басты жағдайлардың 
түп-тамырын даналықпен көре біліп, ұлт санасын “ояту” идеясын 
алға тартады.
Міне, осы тұрғыдан алғанда ХХ ғасыр басындағы əдебиеттің ба-
сты белгісі – ең алдымен азаттыққа ұмтылу, соған “ояту” əдебиеті 
болғандығында деп тануымыз керек.
Бірақ “оятудың” жолын əрбір өнер иесі өз көзқарасы арқылы 
айқындады. Мəселен, бірі (ағартушы-демократтар) оны тек 
ағартушылықта, əлеуметтік теңсіздікті жоюда, екіншісі (ұлт-
азатшылдар) ұлт болып азаттыққа, теңдікке, бостандыққа ұмтылуда, 
соған қол жеткізуде деп білсе, үшіншілері (діни-ағартушылар) 


41 
адамгершілік тəрбиесінің негізі діни-рухани бостандыққа насихат-
тауда деп ұқты. Сондықтан да Сұлтанмахмұт: 
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін 
Жылытуға мен кірермін, –
деп, өз поэзиясының, өмірінің мақсаты ағартушылық екенін
қараңғылықпен айқас екенін асқақ романтикалық үнмен жеткізді. 
Мен жазған кеңес,
Мақтаныш емес,
 Ат шығармақ ақындық.
Ер батқанда жорғалық,
Молда жақта молдалық, –
деп, Ахаң өзін ақын еткен басты себеп ақындықты елінің азаттығы 
жолындағы саналы күресте басты қаруы ретінде жұмсауға бекінген 
ниеттен екендігін нақты да айқын білдіреді. Халқының бостандығы 
үшін өзінің бүкіл ғұмырын арнаған ақын қашан да азаматтық 
міндетті жоғары қояды. Азатшыл ақындар өлеңдеріндегі:
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты,
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты, –
деген азатшыл, тəуелсіздікшіл сарындар олардың бүкіл шығар-
машылығына негізгі желі болып тартылды. Бұл бағыттағылар өздері 
жазған өлең, поэма, роман, повестерінде осы азатшыл идеяны алға 
ұстады. 
Діни бағыттағы ақын-жазушылар да орыстың езгісінде езіліп, діні 
мен имандылығынан айрылып, “ұйқышыл” халде күн кешкен қазақты 
оятуға үн қосты. Бұлар негізгі идея ретінде діни ағартуды ұсынды. 
Қазақ өміріндегі кесір-кесапатты дінге көзқарас салқындығынан, 
дінді уағыздаушы шала молдалардың надандығынан деп білді. Бүкіл 


42
Россия мұсылмандарының бірлігінен ғана қазақ ұлтына жарық күн 
туады деп сенді. Мəселен, Мəшһүр-Жүсіп:
Тауып ал, тұман түспей тұстасыңды,
Жолдас бол, сынап ал қостасыңды.
Баласы дін-мұсылман ұрандасып,
Қосыл кісі санына қос басыңды.
Немесе:
Болып тұр мұсылманға Қазан басшы,
Сен де соған жейтұғын асыңды асшы,
Дін исламның бір болып ынтымағы,
Патшаның қол астында бір жарасшы, –
деп, Ресейдің басқа мұсылман халқымен бірігіп, дін үшін, жер үшін 
күреске шығуға, ынтымақшы болуға үндеді.
Дінімізді кемітіп қорламасын,
Көзімізді бақырайтып ұрламасын.
Баламызды билетсін өзімізге,
Оқытсын деп орысша зорламасын, –
деген батыл талаптар да қоя білді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет