40
Кейбір қосқанаттылар (Diptera) мүшелерінің жасушаларынан
алып (политенді) хромосомалар табылған. Мұндай хромосомаларды
бірінші рет 1881 жылы Италия ғалымы Е.Бальбиани
хирономустың
(масаққұрттың) сілекей бездері жасушаларынан тапты. Одан кейін
осындай алып хромосомалар қосқанаттылардың дернəсілдерінен
(мысалы, дрозофиланың),
ішек жасушаларының, мальпиги түтікше-
лерінің жасушалары ядроларынан табылды.
Алып хромосомалар, сол сияқты кейбір өсімдіктер синергидте-
рінің ядроларына, қарапайым жануарлардан да табылды, соны-
мен қатар кейбір өсімдіктерде синергид жасушаларында, мысалы,
бұршақта. Интерфазалық сомалық жəне жыныс жасушаларындағы
хромосомаларға қарағанда, алып хромосомалар олардан 100-200
есе ұзын жəне 1000 есе жуан.
Алып хромосомаларды қарағанда,
олардан көлденең жолақтар көрінеді. Ондай жолақтар ашығырақ
жəне күңгірттеу дискілердің кезектесуінен түзіледі. Ол жолақтар –
дискілер бір-біріне тығыз жанасқан, күшті ширатылған хромоне-
малар учаскелері немесе
хромомерлер болып табылады. Бұл хромо-
мерлер
политенді хромосомалар деп аталады. Дискілердің көлемі
мен морфологиясы
өте өзгергіш келеді, бірақ əр хромосома үшін
ол тұрақты жəне оны ұқсастыру (идентификациялау) үшін маркер
қызметін атқара алады.
Алып хромосомаларға тəн аса үлкен көлемділік пен пішіндер,
олардың барынша көп тарқатылуы жəне хромосомалардың ажырап
кетпей ұдайы өзін-өзі өндіруі нəтижесінде пайда болады.
Ядро мен жасушаның бөлінуінсіз-ақ, өзін-өзі өндіру есебінен
хромосомалар санының көбеюін
эндомитоз деп атайды. Осының
арқасында өндірілген хромотидтер ажырап кетпейді жəне
бір-біріне
тығыз жанасып қала береді.
Сонымен, митоз барлық, ядросы бар эукариотты, ағзалардың өсуі
мен вегетативті жолмен көбеюін қамтамасыз етеді. Митоздың басты
маңызы бірдей жасушаларды қалыптастыру, тұрақты хромосома-
лар санын сақтау жəне генетикалық ақпаратты тасымалдау. Осыған
орай
ағзалар бірдей даралар немесе клондар арқылы көбейе алады.
Клондану төменгі сатыдағы эукариоттарға: саңырауқұлақтар, бал-
дырлар, қарапайымдылар жəне көптеген өсімдіктерге тəн. Клонда-
ну төменгі сатыдағы жануарлардың арасында – омыртқасыздардан
ішекқуыстылар мен құрттарда да бар, олар денесінің біраз бөліген
бүкіл ағзаны қалпына келтіре алады. Омыртқалы жануарларды клон-
дау тек эмбриональды дамуының алғашқы сатыларында ғана мүмкін.
41
Мысалы, біржұмыртқалы егіздер ұрықтанған бір жұмыртқаның
митоздық бөлінуі нəтижесінде пайда
болған бір-бірінен аумай-
тын ұрпақтар. Кейбір жануарлар, мысалы, сауытты аңдардың
Dasipus hibridus аналығы, бір жолы 12 дейін бір жынысты ұрпақ
əкеле алады.
Достарыңызбен бөлісу: