65
Егер бұршақ өсімдіктерінің бірінші будан ұрпағы F
1
өздігінен
тозаңданса,
онда олардың екінші F
2
-де екі
ата-анасының да белгі -
лері көрінетін болады. Мысалы, бұршақтың сары жəне жасыл тұ-
қым жарнақтары бар түрлерін будандастырудан алынған бірінші
ұрпақтың түсі сары болады. Ал
осы F
1
будандарын өздігінен
тозаңданудан алынған F
2
ұрпағында сары жəне жасыл тұқымдары
бар өсімдіктер пайда болады. Яғни, бірінші
будан ұрпақта көрінбе-
ген белгілер немесе жасыл түс екінші ұрпақта көрінеді. Доми-
нантты жəне рецессивті белгілер F
2
ұрпағында белгілі бір сандық
арақатынаста болады. Мендельдің тəжірибесінде F
1
-де алынған 258
өсімдіктің өздігінен тозаңдануынан F
2
-де 8023 тұқым алынды. Осы
тұқымдардың ¾ бөлігі (яғни, 6022) сары ал ¼ бөлігі (яғни 2001) жа-
сыл түсті болып шыққан.
Сонымен F
2
-де алынған доминантты жəне
рецессивті белгілері бар тұқымдардың сандық арақатынасы 3:1 бол-
ды. Бұл жұп белгілердің осындай арақатынаста ажырауы
Мендель-
дің екінші заңы немесе
ажырау заңы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: