82
Сырты тегіс сары - 55;
Сырты тегіс жасыл - 51;
Сырты бұдыр сары - 49;
Сырты бұдыр жасыл - 53.
Яғни, фенотиптік кластардың
өзара сандық қатынастары
1:1:1:1 болып шықты. Енді осы ажыраудың цитологиялық
негіздерін қарастырайық. Қандай да болмасын гендердің гомолог-
ты хромосомаларда орналасқанын көрсету қажет болған жағдайда,
зиготалардың генетикалық формуласын жазған кезде хромосомалар-
ды төмендегідей екі сызықша арқылы өрнектеп,
геннің екі аллелін
де көрсеткен жөн:
А А а
= , = жəне = т,б,
а а а
ал, дигетерозиготаның АаВв формуласы былай жазылады:
А В
= =
а в
Гаметаларда гомологты хромосомалардың тек біреуі ғана
болатындықтан жəне онда əр геннің тек бір аллелінің болатындығына
байланысты, гаметалардың формуласын былай жазуға болады: А, В,
а, в, т.с.с.
Енді Мендель жүргізген талдаушы будандастыру сызбанұсқасын
жазайық:
А В а в
Р ♀ = = х ♂ = =
А В а в
гаметалар А В а в
А B
F
1
= =
а в
А В а в
F
1
♀ = = х ♀ = =
а в а в
гаметалар А В, А в а в
а В, а в
83
А В А в а В а в
F
а
= = = = = = = =
а в а в а в а в
Гомозиготалы
болғандықтан, бастапқы ата-аналардың əрқай-
сысы гаметалардың тиісті А В жəне а в сорттарын түзеді. Ал
ұрықтанудан соң пайда болған дигетерозигота
А
=
а
В
=
в
гаметалардың
бірдей сандық қатынастағы (1:1:1:1) 4 сортын түзеді, олар А В, А
в жəне а в . Гаметалар түзілуі кезінде əр хромосомада орналасқан
аллельді емес гендер бір-біріне тəуелсіз түрде өзара комбинацияла-
нады. Осыған байланысты ата-ана гендерінің үйлесімі сақталған екі
гаметадан (А В жəне а в) өзгеше, гендердің
жаңа комбинациялары
бар тағы екі гамета (А в жəне а В) пайда болады. Гаметалардың
төртеуі де рецессивті аллельдері бар бір сортты гаметалармен (а в)
ұрықтанғанда генотиптері төрт түрлі
А В А в а В а в
( = =, = =, = = жəне = = )
А в а в а в а в
тұқымдар алынды. Осы тұқымдардан өсірілген өсімдіктер фенотипі
бойынша 1:1:1:1 қатынасында ажырайды. Гендердің жаңа үйлесіне
сəйкес талдаушы буданның ұрпағында белгілердің жаңа үйлесімі –
сырты тегіс жасыл жəне сырты бұдыр сары тұқымдар алынды. Бу-
дандастыру нəтижесінде белгілердің жаңа комбинацияларының пай-
да болуы
комбинативтік өзгергіштік деп аталды.
Дигибридті будандастыруға есеп шығару жолдары жəне есеп-
тер жинағы:
Бұл екі, үш немесе көп жұп белгілер бойынша берілетіндіктен,
есептің шығарылуы күрделене түседі. Жыныстық көбею кезінде
будандық дарабастардың гаметалар саны да артады. Осы типтік
есептерді шығарған кезде буданды дарабастар ұрпағының
генотипінің барлық қисындарын (комбинацияларын) анықтау үшін
Пеннет торын құрастыру ұсынылады. Жаттыққан соң дигибридтік
будандастыруда екінші ұрпақтың фенотиптік
ажырау формуласын
пайдалануға болады: 9А-В- : 3А-вв : 3ааВ- : 1аавв. Яғни 9/16 дарақ
екі жұп аллель бойынша доминантты, 3/16 бірінші жұп аллель бо-
йынша доминантты, 3/16 екінші жұп аллель бойынша доминантты,
1/16 екі белгі бойынша рецессивті гомозиготты.
Доминантты гендер
гомо- жəне гетерозиготты жағдайда бола алады.