79
Сырты бұдыр сары дəн ¾ х ¼ = 3/16
Сырты бұдыр жасыл дəн ¼ х ¼ = 1/16
Бұл алынған сандар Пеннет торындағы 9:3:3:1 қатынасына сəйкес
келеді жəне белгілердің фенотип бойынша ажырауын көрсетеді.
Мендель F
2
тұқымдарының генотиптерін де зерттеді. Ол
F
2
тұқымдарынан өсіріп, өздігінен тозаңданған өсімдіктердің
тұқымдарына талдау жасады. Сонда, F
2
-де алынған тұқымдардың
генотиптері Пеннет торындағыдай болып шықты: 1/9 бөлігі тек
тегіс сары тұқымдар берді (генотипі ААВВ). 2/9
бөлігі тегіс сары
жəне бұдыр сарыға 3:1 қатынасында ажырады, яғни генотиптері
ААВв. 2/9 бөлігі тегіс сары жəне тегіс жасылға 3:1 қатынасында
ажырады, яғни генотиптері АаВВ. 4/9 бөлігі F
2
-дегі сияқты 9:3:3:1
қатынасында төрт фенотиптік қатынастарға ажырады:
тегіс сары,
тегіс жасыл, бұдыр сары, бұдыр жасыл, яғни генотиптері АаВв. F2-
дегі тегіс жасыл тұқымдардан өсірілген өсімдіктерінің ішінен 1/3
бөлігі тек тегіс жасыл дəндер болды, яғни генотиптері ааВВ. 2/3
бөлігі тегіс жасыл жəне бұдыр жасылға 3:1 қатынасында ажырады,
яғни генотиптері ааВв. F
2
-дегі бұдыр сары тұқымдардан өсірілген
өсімдіктердің ішінен: 1/3 бөлігі тек бұдыр сары дəндер берді, яғни
генотипі ААвв. 2/3 бөлігі бұдыр сары жəне бұдыр жасылға 3:1
қатынасында ажырады, яғни генотиптері Аавв болды.
Ақырында
F
2
-дегі бұдыр жасыл тұқымдардан өсірілген өсімдіктердің бəрі,
күтілгендей-ақ тек бұдыр жасыл тұқымдар берді, яғни олар
қосарлы
рецессивтер болып шықты.
Сонымен будандардың екінші ұрпағы F
2
фенотиптері бойын-
ша 9:3:3:1
қатынасында, ал генотиптері бойынша 1:2:1:2:4:2:1:2:1
қатынасында ажырайды. Бұл ажырауды Пеннет торынан көруге де
болады.
Дигибридті будандастырудың нəтижесінен жалпы мынадай
қорытынды шығады: бір-бірінен тəуелсіз ажырау гендердің екі
жұбында да жүреді, осыған байланысты екі жұп гендері бойын-
ша гетерозиготалы ағза бірдей сандық
қатынаста гаметалардың
төрт сортын түзеді. Оның екеуіндегі гендер үйлесімі бастапқы
ата-аналардағы сияқты болады да, ал қалған екеуіндегі гендер
кері үйлеседі немесе
рекомбинацияланады. Мендель ашқан,
кейін
сан алуан ағзалармен жүргізілген тəжірибелерде дəлелденген осы
заңдылық тəуелсіз тұқым қуалау немесе
тəуелсіз комбинациялану
заңы деп аталады.