256
Жыныспен тіркескен гендер – жыныс хромосомаларында орналасады
(Х,У), осы гендердің бақылауында болатын белгілер жыныспен тіркескен
тұқым қуалау деп те аталады.
Жиынтық – биометриялық есептеулер жүргізу үшін қажетті,
зерттелетін ортақ белгілері бойынша топтастырылған,
көрсеткіштер сипа-
ты салыстырмалы түрде бірыңғай болғанымен, өзіндік өзгешеліктері бола-
тын дарабастар тобы.
Жиілік – жиынтықтағы белгі мəнінің қанша рет кездесетінін көрсететін
абсолюттік көрсеткіш.
Зигота – жұмыртқа жасушасы мен сперматазоидтың қосылуы
нəтижесінде түзілетін диполидты жасуша.
Идиограмма – хромосомалар жиынтығындағы əрбір
жекелеген
хромосомалардың салыстырмалы мөлшерін, центромераларының,
серіктерінің жəне екінші тартылуларының орындарын, гетерохро-
матиндерінің, иіндерінің ұзындығын көрсететін схемалық бейне.
Инбридинг – туыстас дарабастар арасындағы шағылысу.
Инверсия – хромосомаішілік құрылымдық қайта құрылу нəтижесінде
болатын өзгеріс.
Индекс – күрделі
белгілерді, құбылыстарды салыстыруға қатысты шама.
Ол қарастырылып отырған құбылыстың осы деңгейінің, сол құбылыстың
өткен деңгейімен салыстырғанда қаншалықты өзгеретінін көрсетеді.
Интервал – вариациялық қатардағы екі белгілер көрсеткіштері
арасындағы мəн.
Инсерция – ауысушы генетикалық элементтің хромосома немесе
плазмидтің жаңа бір жеріне қосылуы.
Интеркинез – мейоздың бірінші жəне екінші
бөлінуі арасындағы не-
месе екі митоз арасындағы жасушаның тыныштық күйдегі кезеңі.
Интрон – сплайсинг кезінде транскрипт құрамынан бөлінетін ДНҚ-
ның учаскесі. Нəтижесінде интронның екі жағында орналасқан экзондар
бірігеді.
Кариотип – жануарлар мен өсімдіктердің систематикалық тобының
дене клеткаларындағы хромосомалардың диплоидты жиынтығы.
Кариокинез – ядроның тікелей жолмен бөлінуі немесе митоз
Клон – вегетативтік көбею жолымен
бастапқы особтан алынған
генетикалық тұрғыдан бір типтес ұрпақтардың жиынтығы.
Код – бір əліппеден немесе тілден басқасына ақпарат жеткізудің ереже-
лер жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: