34
пайда болуымен байланысты, сондықтан оларды ядрошықты
ұйымдастырушылар деп атайды. Бұндай екінші тартылыстарда
рРНҚ синтезіне жауапты гендер орналасады. рРНҚ-ның синтезі мен
пісіп жетілуі ядрошықта жүреді.
Кейде екінші бунақталудың көрінуі соншалықты анық,
хромосома иықтарының біреуінің шеткі
бөлігі ол хромосомамен
тек жіңішке жіп арқылы ғана жалғанған сияқты болып көрінеді.
Ондай хромосома
«спутникті» (қосшылы) хромосома деп аталы-
нады, кейде екінші тартылыс тіл центрлік хромосома да болады
(3-сурет).
Теломерлер немесе хромосомалардың соңғы ұшында орналасқан
бөліктері. Олар хромосомалардың жеке құрылым ретінде
тіршілік етуіне жауапты бөліктер болып табылады. Жұлынып
қалған хромосомалардың ұштары бір-бірімен байланысып
қосылуы мүмкін, бірақ теломері бар жерлермен қосыла алмайды.
Яғни, сол теломерлер хромосомалардың
жабысып қауына кедергі
келтіреді.
Дифференциалдық бояудың С-əдісі хромосома құрамындағы
гетерохроматин бөлігін, яғни хромосомалардың басқа
эухрома-
тин бөліктеріне қарағанда, өте тығыз спиральға оралған хромо-
сомаларды табуға мүмкіндік берді. Гетерохроматин
констутивті
жəне
факультативті болып екіге бөлінеді. Мұның біріншісін
хромосоманың белгілі бөлігінен үнемі табуға болады,
ал екіншісін
жасуша тіршілігінің белгілі бір кезеңдерінде ғана, тек кейбір ұлпалар
жасушаларының хромосомасында ғана көруге болады. Констутивті
гетерохроматин үнемі гомологты хромосомалардың ұқсас
бөлікте-рінде болады, көпшілігінде центромераға жақын орнала-
сады. Факультативті гетерохроматин – генетикалық белсенділіктен
толық айырылған хромосомалардың бөлігі. Мұндай хроматин
гомологты хромосоманың бір сыңарында ғана болады.
Кейбір
жағдайларда жеке хромосомалар тұтасымен тек гетерохроматин-
дерден тұруы мүмкін. Митоздың белгілі бір стадиясында гетеро-
хроматин мен эухорматин бөліктерінің орналасуы əр хромосомада
тұрақты.
Əрбір ядрода хромосомалардың тұрақты саны жəне олардың
əрқайсысының өзіне тəн генетикалық мəні болады. Əрбір хромосо-
ма
хромонема деп аталатын ДНҚ жіпшесінен тұрады, ол жіпшенің
бойында тізілген моншақ сияқты құрылымдар –
хромомерлер
орналасқан.