Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет23/113
Дата11.04.2024
өлшемі3.34 Mb.
#498392
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   113
burunbetova-genetika

47
5-суретСперматогенез жəне оогенез
Сперматогенезде өткен фазалар, негізінде оогенезде де жүреді, 
бірақ біршама өзгешеліктері болады. Мысалы, І сперматоциттен 
айырмашылығы І ооциттің өсу стадиясы айқын көрінеді. І ооциттің 
көлемдері екі жасушаға бірдей емес: бір үлкен (екінші ооцит) – ке-
лешек жұмыртқа жасушаға жəне бір кіші – бірінші редукциялық не-
месе полярлы денешікке бөлінеді.
Бұл бөлінуде хромосомалар санының редукциясы жүреді, 
жəне түзілген екі ооцитте де гаплоидты жиынтық болады. Сонан 
соң екінші бөліну жүреді: нəтижесінде іріректеу жұмыртқа жасу-
шасы жəне екінші редукциялық денешік пайда болады. Бірінші 
редукциялық денешік те екі жасушаға бөлінеді. Оогенез нəтижесінде 
бірінші ооциттен жетілген бір жұмыртқа жасушасы жəне аналық 
гаметалардың функциясын атқаруға жарамсыз үш редукциялық 
денешіктер пайда болады да, соңында олар өліп қалады. Соны-
мен, аталған өзгешеліктерге қарамастан сперматогенез бен оогенез 
үдерістерінде өте ұқсастықтар байқалады. Бұлардың ең бастысы 
хромосомалар санының екі есе кемуі.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің мейозы үдерісі кезінде пайда 
болатын аталық жəне аналық жыныс жасушаларын микроспоралар 
жəне мегаспоролар деп атайды. Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктер-


48
дегі тозаң түтігі, сол сияқты тұқым бүрінің ұрық қалтасы жыныс 
жасушалары емес, қатты редукцияға ұшыраған гаметофит болып 
табылады. Жануарлардағы жыныс жасушаларына өсімдіктердің 
ұрық қалтасындағы жұмыртқа жасушасы жəне тозаң түтігіндегі 
генеративтік ядро сəйкес келеді. Бұл жағдайда хромосомалардың 
редукциясы тұқым бүріндегі аналық гаметофиттердің жəне тозаң-
дықтағы аталық гаметофиттердің пайда болуы кезінде өтеді.
Сонымен гаметофиттік ұрпақ гаплоидты болып шығады. 
Нəтижесінде өсімдіктердің жыныс жасушаларында хромо 
со 
ма-
лардың тек жартысы ғана, яғни гаплоидты жиынтығы болады. 
Ұрықтану үдерісінде гаметалардың қосылуынан зигота түзіледі де, 
ол бөлшектеніп одан əрі қарай дамиды.
Өсімдіктер мен жануарлардың жынысты жəне жыныссыз көбею 
үдерісі кезінде жасушаның бөлінуі, жыныс жасушаларының дамуы 
жəне ұрықтануы ұрпақтар арасындағы материалдық жалғастықты 
қамтамасыз етеді.
Ұрықтану – аналық жəне аталық гаметалардың гаплоидты хро-
мосомалар жиынтығының қосылу үрдісі. Екі гаметаның ядролары 
пронуклеуске: сперматазоидтар – аталық, аналық жұмыртқаның 
ядросы – аналық пронуклеуске айналады. Пронуклеустердің 
қосылуы кариогамия деп аталады. Бұл кезде хромосоманң диплоид-
ты саны қалпына келеді, ал ұрықтаған жұмыртқа зигота деп атала-
ды. Бұдан кейін ағзаның жеке дамуы немесе онтогенез басталады. 
Біржасушалы зиготаның ары қарай дамып, көпжасушалы ұрыққа, 
одан соң ересек ағзаға айналуы митоз бен мейоздың нəтижесінде 
іске асады. Жыныстық жолмен көбейетін ағзалардың тіршілік айна-
лымы ұрпақтан-ұрпаққа осылайша қайталана береді. 
Ұрықтану негізіне жынысты көбею жəне ата-анасынан ұрпағына 
тұқым қуалайтын белгілердің берілуі жатады. Ұрықтану көптеген 
өсімдіктерге де тəн. Оның іске асуына ең алдымен гаметалар да-
митын жыныс мүшелерінің түзілуі (гаметангий) əсер етеді. Кейде 
бұл үрдісті жыныс үрдісі деп біріктіріп қарайды. Ұрықтану бакте-
рияларда, көк жасыл балдырларда жəне саңырауқұлақтарда болмай-
ды. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде жыныс үрдісі əр алуан. Кейбір 
жасыл балдырларда ұрықтану гамета түзбей-ақ, екі бір ағзалардың 
қосылуы нəтижесінде жүзеге асады, оны гологамия деп атайды. 
Пішіні мен көлемі бірдей талшығы бар гаметалардың қосылуы изо-
гамия деп аталады. Бұл көптеген балдырларға тəн. Бір жасушалы 
балдырлар мысалы, хламидомонадалар өздері гамета түзе отырып 


49
гаметангиге айналады. Көп жасушалы балдырларда бір-біріне ұқсас 
бірнеше жасушалар тобы гаметангий түзеді, мысалы, улотрикстер. 
Конъюгат балдырларға, мысалы, спирогираға конъюгация тəн. 
Көлемі əртүрлі талшығы бар гаметалардың қосылуын гетерогамия
талшығы бар, талшығы жоқ гаметалардың қосылуын оогамия деп 
атайды. Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктер оогамды, бірақ олар-
да ұрықтану əртүрлі жүреді. Бұлардағы гаметангилер – антеридий 
немесе аталық жəне архегоний көп жасушалы болады. Жұмыртқа 
жасушасы архегониде біреуден, ал сперматозоидтар антеридий 
көптеп түзіледі. Мүк жəне қырыққұлақ тəрізділерде ұрықтану үшін 
сулы орта керек, яғни антеридиден шыққан сперматозоид архегони-
ге құйылады. Ашылған, ұрықтануға дайын, архегонийдің төбесінде 
шырыш бөлінеді. Онымен сперматозоид жұмыртқа жасушасы-
на жетіп қосылады. Тұқымды өсімдіктерде антеридий болмайды. 
Кейбір ашықтұқымдыларда жəне барлық жабықтұқымдыларда ар-
хегоний болмайды жəне жұмыртқа жасушасы аналық өскіншеде 
болады. Тұқымды өсімдіктерде ұрықтану тек тозаңданудан кейін 
ғана жүзеге асады. Спермия түзетін тұқымды өсімдіктерде спер-
миялар тозаң түтігі арқылы жұмыртқа жасушасына жылжиды. 
Жабықтұқымдыларда қосарлы ұрықтану жүреді, яғни бір спер-
мия жұмыртқа жасушасымен, ал екіншісі ұрық қапшығындағы 
орталық жасушамен қосылады. Адам мен жануарларда ұрықтану екі 
жыныстық гаметалардың қосылуымен немесе сингамиямен сипат-
талады. Бұларда ұрықтанудың екі маңызы айрықша көрінеді:
1) спермияның жұмыртқа жасушасымен қосылуы жұмыртқа 
жасушасын тыныштық күйден дамуға итермелейді;
2) гаплоидты жұмыртқа жасушасы мен спермия ядроларының 
қосылуы немесе кариогамия аталық жəне аналық тұқым қуалау 
факторларын біріктіретін диплоидты синкарионның пайда болуына 
əкеледі. 
Осындай ұрықтанудан пайда болған жаңа гендер жиынтығы 
генетикалық əртүрлілікті тудырып, табиғи сұрыптауға жəне түрдің 
эволюциясына əсерін тигізеді. Ұрықтану ең алдымен мейоз кезінде 
жүретін хромосома санының екі есеге кемуімен сипатталады. 
Мұндай бөліну аталықтарда спермия түзілгенге дейін жүзеге асады. 
Жұмыртқа клеткасының пісіп жетілуі мен ұрықтану əртүрлі жануар-
ларда əртүрлі болады.
Сперматозоид пен жұмыртқа жасушасының қосылуы негізінен 
ата лық гаметаның суға немесе аналық жыныс жолына шыққанда 
4–1156


50
жүзу қозғалысымен іске асады. Гаметалардың кездесуіне спермия-
лардың қозғалысын жақсартатын жұмыртқа жасушаларынан бөлі-
нетін гормондар əсер етеді. Сперматозоидтар ретсіз жылжиды жəне 
жұмыртқа жасушаларымен кездейсоқ соқтығысуы нəтижесінде 
қосылады. Пісіп жетілген жұмыртқа жасушасы қабықшамен қор-
шалып жатады, кейбір жануарларда микропиле немесе спермия 
енетін тесік болады, бірақ жануарлардың көпшілік түрінде мик ро-
пиленің орнына акросома немесе сперматозоидтың арнайы орга-
ноиды болады. Акросома ашылған жерде жұмыртқа жасушасының 
плазматикалық мембранасымен спермияның мембранасы қосылады 
да, акросомды жіпше немесе түтікше құрады. Жануарлардың 
түріне қарай бұл жіпшенің ұзындығы 1-90 мкм жəне жұмыртқа 
жасушасының қалыңдығына байланысты. Спермиялары микро-
пиле арқылы енетін жануарларда мысалы, жəндіктер, басаяқты 
моллюскалар, бекіре жəне сүйекті балықтарда, акросома өзінің 
алғашқы қызметін жоғалтады, кейде олар редукцияға ұшырайды 
не кейбір сүйекті балықтарда мүлдем жойылады. Сүтқоректілерде 
овуляцияға немесе пісіп-жетілген жұмыртқа жасушасының жа-
тыр түтігіне өту үрдісіне ұшыраған жұмыртқа жасушасы бірнеше 
қабат фолликулярлы жасушаларымен қоршалып жатады. Жылқы, 
сиыр, қойларда фолликулярлы жасушалар овуляциядан кейін ыды-
рап, спермиялар жұмыртқа жасушасы қабығының үстіне еркін 
жетеді. Сүтқоректілердің көпшілік түрінде фолликулярлы жасуша-
лар бірнеше сағат аралығында сақталады. Бұл кедергіден өту үшін 
спермиялар гиалуронидаза ферментін бөледі. Бұл фермент акросо-
мада болады. Ол фолликулярлы жасушаларды өзара байланыстырып 
тұрған затты ерітеді. Ағзада спермиялардың эякуляциясы жүргеннен 
кейін ол фермент бөлуге қабілетсіз болады. Мұндай қажеттілік 
аналық жыныс жолдарында кейбір физиоллогиялық өзгерістердің 
əсерінен туындайды, мұны капацитация үрдісі деп атайды.
Партеногенез – (гр. Parthenos-тың, genesis – шығу, пайда болу) 
жыныстық көбеюдің бір түрі, көптеген өсімдік жəне жануарлар 
ағзаларына тəн, мұнда аналық жыныс жасуша жаңа дарабасқа аталық 
гаметамен ұрықтанбай дамиды. Көптеген бунақденелілерде, олар-
дың ішінде жарғаққанаттыларда немесе аралар мен құмырсқалар -
да гаплоиды партеногенез байқалады, ал өсімдіктерден күрделі
гүлділер, раушангүлділер, астық тұқымдастыларда кездеседі. 
Олардың аналық жəне аталықтарында гаплоиды гаметалар 
түзіледі. Кейбір аналық жұмыртқа жасушалар ұрықтанып, олардан 


51
диплоиды аналық дарабастар, ал ұрықтанбаған жұмыртқа жасу-
шалардан фертильді гаплоидты трутеньдер немесе аталық ағзалар 
дамиды. Трутеньдердің аналық жыныс жасушаны ұрықтандыра 
алатын сперматозоидтары мейоз жолымен емес, митоз арқылы іске 
асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет