Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет155/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   162
kabysheva-topyraktanu

402
Топырақ округі – топырақ провинциясының жер бедері топырақ 
түзуші жынысқа байланысты топырақ жамылғысын біркелкі 
құрылымда кездесетін топырақ провинциясынын бір бөлігі.
Топырақ ауданы – топырақ округінің жергілікті жағдайларға 
тіпті, кейде əкімшілік бөлінісіне қарай бөлінетін ең кіші бөлігі.
Топырақ зоналары  топырақ түрлерінің түзілуі мен генетикалық 
қасиеттері өзіндік биоклиматтық жағдайына сай қалыптасқан табиғи 
аймақтар.
Топырақ типі – топырақ жіктелуінің басты белгісі.
Топырақ құнарлылығы – топырақтың өсімдіктерді өніп-өсуіне 
қажетті су, қорек элементтерімен қамтамасыз етуі жəне олардың 
түсімділігіне керекті жағдай туғызу қасиеті.
Топырақ пісуі – топырақтың жабысқақтығы мен байланысы 
маңызды агрономиялық қасиеті.
Топырақтың тоңдануы топырақтың қысқы аяздарда 
құрамындағы ылғалы мұзға айналып қатуы.
Топырақ тегі – аналық тау жынысы өзгешелігіне орай бөлінетін 
топырақ бөлігі ( кебірленген, сорланған, корбонатты).
Тип – топырақтың жіктелуінің басты белгісі.
Топырақ аймағы – бір немесе екі аймақтық топырақ типінің 
жəне осыларға сəйкес интрааймақтық жəне аймақ ішіндегі топырақ 
типтері таралған жер кеңістігі.
Топырақ аймақшасы – топырақ аймағына сəйкес таралған бір 
топырақ типшесі таралған жер аумағы.
Топырақ фациясы – жылу режимінің жəне жыл мерзімдері 
ішінде ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір 
бөлігі.
Топырақ округы жəне топырақ ауданы – жер бедерінің жəне 
топырақ түзуші тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты 
қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі.
Тиксотропия – мəңгі тоңды өлкелердегі топырақтарда кең 
тараған құбылыс.
Топырақтың тұздануы – өсімдіктер үшін зиянды болып келетін 
тұздардың топырақтың жоғарғы қабатына жинақталу процесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет