282
283
кезеңдерінің бəрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты
ұсынуға болады.
Сөздікпен жұмыс кезінде оқушының шығармашылығы,
мүмкіндігіне қарай сөз тіркесін,
сөйлемдерге сөзжұмбақ, ребус
немесе сканворд құрастыру мүмкіндігін тудыру болса, жаңа ма-
териалмен жұмыс істеген кезде өз ойын сызба немесе сурет, тірек
конспектілері арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде
өз пікірін шағын шығарма, өлең, жұмбақ, қағида немесе ереже құрап
жазу арқылы беруге болады.
Бастауыш мектептің оқу үдерісінде модульдік технологияны
тиімді пайдалану
оқушылардың белсенділігін, оның ойлау, есте
сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамы-
тып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп
отыруы, əсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-
қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы
өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның
өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге,
өзін қауіпсіз сезінуіне,
қиындыққа дайын болуға жəне оны жеңуге тырысуына жетелейді.
Сабақ басында бастауыш сынып оқушылары оқу мақсатымен,
модульмен таныстыру қажет. Сабақ барысында оқушылар
оқу мақсатын, өзіне қойылатын талапты, лексикалық жəне
грамматикалық тақырыпты, модульдің мазмұнын, жұмыс-үрдісін,
нəтижесінің бағаланып жəне түзетіліп отыратынын біледі.
Əрбір оқу модуліндегі сабақ
санының ауытқуы тақырыпқа
байланысты бестен тоғызға дейін тиімді деп есептеледі, себебі сөз
қорының молаюы аз мөлшермен беріліп қайта-қайта жаңартылып,
өз пікірін ортаға сала алатындай болуы керек.
Сөйлесу бөлімін педагогика жəне психология ғалымдарының
жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқушылардың қабылдау
деңгейлері мен қабілеттеріне қарай ұйымдастыру қажет.
М. Жанпейісованың сөйлесу бөлімін құру қағидаларына сүйене
отырып, жеке тұлғаны дамытатын кез келген əрекет емес орындау
əрекеті екенін ескере отырып, бастауыш сынып оқушысының
танымдық
қызметпен
айналысуына,
ақыл-ой
жұмысына
қанағаттануына жағдай жасау керек. Міндетті түрде,
сабақ
барысында, бастауыш сынып оқушысының іс-əрекетінің төрт түрін:
тыңдау, оқу, жазу жəне əңгімелесуді қолдану тиімді.
Модульдердің нəтижелі болуын көздеп, сөйлесу сабағының
түрін өзгерте отырып, əртүрлі белсенді формаларды пайдалану
арқылы іске асыруға болады. Олар:
- топтық;
- жұптық;
- жеке топтық;
- ұжымдық
Достарыңызбен бөлісу: