ТРИЗ технологиясы
ТРИЗ (Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы)
Бұл технологияның негізгі мақсаты – оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту, қалыптан тыс ойлайға үйрету.
Демек, жаңа нəрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу
деп түсіну керек. Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес,
шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Шығармашылық ойлау
деп ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дəлдігі алынады.
Осы технологиямен жұмыс істеу барысында тез ойлап, жылдам
шешім қабылдауға шорқақ балалар жыл аяғында шапшаң жауап
беруге үйреніп, тапқыр, қызықты шешімдер құруда жетістіктерге
жете бастайды.
Дамытушылық мақсаттағы ойындар.
1. «Ол не?» (сипаттама бере білуге үйрету) оқушы өзінің
əкелген затына ауызша сипаттама береді.
Мысалы: Менің затым дөңгелек. Ол секіреді. Резеңкеден
жасалған. Үлкені, кішісі болады. Оны балалар өте жақсы көреді.
2. «Қарама-қарсылықты шешу».
Бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың
«пайдалы» жағын көруге тырысу. Мысалы: «Төбелес».
Жақсы жақтары: өзімді қорғадым; əлсіз досымды қорғадым;
күшті екендігімді дəлелдедім; шындық үшін күрестім.
Жаман жақтары: киімімді жырттым; бетім көгерді; ата-анам
ұрысты; жыладым; досыммен араздастым.
3. Шығармашылық деңгейді көтеруге берілетін тапсырмалар.
Бір-біріне қосылмайтын, жалғаспайтын заттармен объектілерді
байланыстыруға берілетін тапсырмалар.
1. Сиқырлы дəрі ішіп, көзге көрінбейтін болып қалған тышқанды
мысық ұстау үшін не істеуі керек деп ойлайсың?
Жауаптың үлгісі: – Ол үшін мысық еденге ұн сеуіп қоюы керек,
сонда ізі түсіп қалады.
- Төбеден ұнды себелеп тұруы керек.
- Үлкен-үлкен дəндермен тамақтандыру керек. Сонда үлкейіп
көрінеді, т.б.
4. Ой шабуылы (Дүниетануда).
– Жаңбыр, қар, кемпірқосақ – бұлар шын табиғи құбылыстар.
Енді фантастикалық табиғи құбылыс ойла.
ɌɊɂɁ
ɋɢɦɜɨɥɢ-
ɤɚɥɵԕ
ɚɧɚɥɨɝɢɹ
Ⱦɚɦɵɬɭ-
ɲɵɥɵԕ
ɦɚԕɫɚɬɵɧ-
ɞɚԑɵ ɬɚɩ-
ɫɵɪɦɚɥɚɪ
Ɉɣ ɲɚɛɭɵɥɵ
Ɍɿɪɟɤ
ɤɨɧɫɩɟɤɬɿ
Ɂɚɬɬɚɪɞɵ
ɫɚɥɵɫɬɵ-
ɪɭԑɚ ɛɟɪɿɥ-
ɝɟɧ ɬɚɩ-
ɫɵɪɦɚɥɚɪ
ɛɿɪ ɡɚɬɬɵ
ԧɡɝɟɪɬɭ,
ɠɚԙɚɪɬɭ
(ɞɢɚɥɨɝ)
ɫɢɩɚɬɬɚɭ
Ԕɢɹɥɞɚɭԑɚ ,
ɮɚɧɬɚɡɢɹɥɚɭ
ԑɚ ɛɟɪɿɥɟɬɿɧ
ɬɚɩɫɵɪɦɚɥɚɪ
ɀɚԙɚ ɛԝɣɵɦ
ɨɣɥɚɩ
ɲɵԑɚɪɭ
Ɇɨɪɮɨɥɨ-
ɝɢɹɥɵԕ
ɬɚɥɞɚɭ
Ɏɚɧɬɚɡɢɹ-
ɥɵԕ
ɚɧɚɥɨɝɢɹ
ɗɦɩɨɬɢɹ
ɋɢɧɟɬɢɤɚ
Достарыңызбен бөлісу: |