Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


Саралап оқыту технологиясы



Pdf көрінісі
бет28/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   131
boribekova-kazirgi

Саралап оқыту технологиясы
Саралап оқыту – бұл:
- оқу үдерісінде мұғалімдердің, оқушылардың білімдерін есепке 
ала отырып, жұмыс істеуі;
- əр түрлі топтарды оқыту үдерісінде жалпы дидактикалық 
жүйенің бөлімі;
- когнитивтік ерекшеліктерін есепке алу мақсатында əр түрлі 


70
71
мектептер мен сыныптар, топтар үшін оқытудың жағдайларын құру.
Оқу үдерісін саралау – педагогикалық жүйелер қатарында 
өзіндік айқын мақсат көздейтіндігімен ерекшелеп те аталып жүр. 
Саралап оқыту əдісі оқу үдерісінің белгілі бір білігін қамтитын 
саралап оқытуды ұйымдастырудың, құралдары мен əдістерінің 
жиынтығы болып табылады. Оқыту жүйесінің кез келгенінде қандай 
да болсын оқушыларды саралауы жүзеге асып отырады. Сондықтан 
саралап оқыту əдісінің өзі əр түрлі əдістемелік құралдарды қолдану
арқылы енген.
Сипат бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
- жас ерекшелігі бойынша;
- жынысына байланысты;
- қызығушылығы бойынша;
- ақыл-ой деңгейінің дамуы бойынша;
- тұлғалық-психологиялық типтері бойынша;
- денсаулық деңгейі бойынша.
Мақсаты: əркімді мүмкіндігіне сай оқыту. Əр түрлі топтағы 
оқушыларды ерекшелігі бойынша оқуға бейімдеу.
Ерекшелігі:
- үлгерімі жақсы оқушыға көңіл бөлініп, нашар оқушыларға 
көмектесу мүмкіндігі туады;
- қиын балалармен тиімді жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады;
- жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай 
туады;
- оқушылар қабілеті артады;
- əлсіздер оқу мүмкіндігіне ие болады;
- деңгейлері бірдей оқушыларды оқыту мен тəрбиелеуде 
қиындық кездеспейді.
Сынып ішілік саралау. Балалардың дамуы, қабілеті, қабылдауы 
əркелкі болғандықтан, бір сыныптың өзінде үздіктер, жақсы 
оқитындар жəне нашарлар пайда болады. Сондықтан мұғалім 
балалармен сабақ жəне оның барлық кезеңдерді жаңа материалды 
түсіндіру, ұсыну, сабақты қорытындылау, қайталау, білім, білік, 
дағдыны тексеру барысында саралау жұмысын жүргізеді. Жаңа 
материалды түсіндіру кезінде мұғалім мынадай мəселелерге көңіл 
аударады.
І. Ең басты негіз, ядро – білім мазмұны, пəннің теориялық 
мəні, тірек мəліметтері. Алғашқы деңгей əрбір тақырыптың ең 
негізгі де, басты қарапайым мазмұнын ашып, толық болғанмен, сол 
тақырыптың білуге міндетті тұтас бейнесін береді. Бұл базалық 
деңгей ретінде қабылданған.
ІІ. Қосымша мəліметтер алғашқы деңгейде алған білімді одан 
əрі кеңітіп, дəлелдеп, тиянақтайды, негізгі мазмұнын нақтылайды, 
ұғымдардың не үшін қалай қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгей 
мəліметтер көлемін арттырып, негізгі материалды тереңірек түсінуге 
көмектеседі.
ІІІ. Дамытушы мəліметтер – материалды біршама тереңдетіп, 
оған логикалық негіз береді, болашақ шығармашылықпен қолдануға 
жол ашады. Бұнда бала өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. 
Мұғалім бүкіл сыныпқа берілетін материалды екінші деңгей 
көлемінде оқушылар білім мазмұнын, ең болмағанда бірінші 
деңгейде (стандарттық деңгей) меңгеруі міндетті екенін ескере 
отырып, өз бетімен жұмыс (барлық материалды қамтитындай) 
арқылы қорытындыланады.
Үшінші деңгей өз бетімен орындалатын жеке тапсырмаларды 
жалпылама қайталауды меңгеруді толықтырады.
Өз бетімен жұмыс үшін дидактикалық материалдың үш нұсқасы 
іріктеледі.
І. Нұсқа міндетті білім деңгейіне сəйкес келеді.
ІІ. Нұсқа оқулықтан есептер мен жаттығулар қосымша 
ұсынылады.
ІІІ. Нұсқа көмекші оқу-əдістемелік əдебиеттерден алынған 
тапсырмалардан тұрады.
Қандай деңгейдегі тапсырманы таңдау оқушылардың өз 
еріктеріне беріледі. Сөйтіп, барлық оқушылар үшін білімнің базалық 
минимумы қамтамасыз етіліп, сонымен қатар əр жеке тұлғаның 
шығармашылық қабілетінің дамуына кең жол ашады.
Білімді тексеру кезінде саралау тереңдеп, кеңейіп, əр оқушының 
жеке табысқа жетуін есепке алуға ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет