Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


 Бастауыш білім берудегі оқытудың қазіргі заманғы



Pdf көрінісі
бет59/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   131
boribekova-kazirgi

9.3. Бастауыш білім берудегі оқытудың қазіргі заманғы 
педагогикалық технологиялары
Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» 
атты Республика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым 
бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын 
жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, қазіргі 
заманғы педагогикалық технологиясын қалыптастыру – өмірдің 
талабы болып отыр, осыған сəйкес сабақта Д. Б. Эльконин, 
В. В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В. Ф. Шаталовтың 
«Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», Ж. Қараевтың 
«Деңгейлеп оқыту технологиясы», М. М. Жанпейісованың 
«Модульдік оқыту технологиясы», т.б. технологияларды тиімді 
қолданып өткізуге болады.
Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы 
мəселелер соңғы жылдары педагог-ғалымдардың назарын аударып, 
əр түрлі қырынан зерттелуде.
Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру үйреншікті жəй ғана 
шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. 
Сондықтан қазіргі педагогика жаңалықтарын пəн ерекшелігіне 
қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. 
Осы жолда педагогикатық технология оқыту мақсатына жетудің 
тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың қазіргі заманғы 
педагогикалық технологиясы іс-əрекеттің жоспарланған нəтижесіне 
жетудің шартты тəсілі ретінде қарастырылатын жаңа əдістердің 
жиынтығынан тұрады. Оның дəстүрлі оқыту технологиясынан 
ерекшелігі мынада:
а) бастауыш сынып оқушысының интеллектуалды дамуы аз 
уақыт ішінде қабылдау дəрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне 
бағытталғандығы;
ə) бастауыш сынып оқушысы мен мұғалімнің белсенділігінің 
сайма-сай болуы;


132
133
б) бастауыш сынып мұғалімі мен оқушының өзара қарым-
қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.
Оқытудың дамыту функциясы оқушы тұлғасын жетілдіруге 
бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, 
əдістемелік жүйелері мен əдістерде жүзеге асырылады. Оларға 
бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы қазіргі заманғы 
педагогикалық технологияларды жатқызуға болады. Олар: «Дамыта 
оқыту жүйесі», «Ақыл-ой іс-əрекетінің кезең бойынша қалыптасу 
теориясы», «Танымдық іс-əрекетті жандандыру тəсілдері», 
«Деңгейлеп саралап оқыту», «Модульдік оқыту» технологиялары 
жəне т.б.
Оқыту технологиясы тұлғаның дамуына емес, білімді, 
шеберлікті, дағдыны меңгеруге бағытталған.
Оқыту технологиясының мақсаты – бұл берілген қасиеттері бар 
тұлғаны тəрбиелеу.
ЮНЕСКО-ның құжаттарында оқыту технологиясы оқытудың 
құрылу, қолдану жəне анықтау барысының жүйелі əдісі мен адамның 
қорлары, оның өзара қатысы болып табылады. Ол білім беру түрлерін 
оңтайландыруды өзінің алғышарты деп есептейді.
Бір жағынан, оқыту технологиясы – ол ақпаратты өңдеудің, 
ұсынудың, өзгертудің əдістері мен тəсілдерінің жиынтығы, ал екінші 
жағынан, оқыту үдерісінде бастауыш сынып мұғалімінің қажетті 
техникалық, ақпараттық тəсілдерді қолдана отырып, оқушыға 
əсер ету құралдары жайлы ғылым. Оқыту технологиясында оқу 
мағынасы, əдістері, тəсілдері өзара тығыз байланыста болады.
Мұғалімнің 
педагогикалық 
шеберлігі 
қойылған 
оқу 
тапсырыстары мен бағдарламасына сəйкес оқыту тəсілдерінің, 
əдістерінің ең оңтайлы, қажет мағынасын тыңдай білуде. Оқыту 
технологиясы жүйелі ұғым. Оның құрылымына мыналар кіреді:
- оқыту мақсаты;
- оқыту мағынасы;
- педагогикалық өзара қатынас құралдары;
- оқу үдерісін ұйымдастыру;
- оқушы, мұғалім;
- іс-қимыл нəтижесі.
Қазіргі бастауыш мектептерде мақсаттар біршама өзгертілді – 
идеологизация жойылды, жан-жақты үйлесімді дамудың үндеулері 
алынып тасталынды, өнегелі тəрбие үлгісі өзгертілді, бірақ негізгі 
мақсаттардың міндеті алдын ала жоспарланған сапалы білім алу 
стандарттары сол күйінде қалды.
Дəстүрлі технологиямен оқытатын бастауыш мектептердің 
алдында қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің жағдайында жаңа 
əлеуметтік талаптарға, бастауыш сынып оқушыларының жеке 
басының даму мүмкіндіктеріне сай оқудың мазмұны мен əдістерін 
жетілдіріп, оқу құралдарының жаңа түрлерін жасау қажеттілігі туды.
Бастауыш мектепте оқытудың мазмұнында ғылымның соңғы 
табыстарына сай теориялық материал көлемінің артуы, оқытудың 
дамып келе жатқан саласында бастауыш сынып оқушыларының 
танымдық дарыны мен қабілеттілігін жетілдіруге баса назар 
аударылуы қазіргі педагогикалық технологияны обьективті 
қажеттілік тұрғысынан зерттеп-тануды талап етеді.
Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты – бірғана міндетті 
нəтижеге жету емес, ол өмір теңізінде жақсы бағдарлай алатын, 
өзіндік көзқарасы бар, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны 
қалыптастыру.
Сондықтан əрбір бастауыш сынып мұғалімі алдындағы 
ұстаздық жəне адамдық мақсаты: бастауыш сынып оқушысының 
еркін, шығармашыл, жауапкершілігі мол жеке тұлға етіп 
қалыптасуына жағдай жасау. Бұл мақсатқа жету үшін түрліше жаңа 
əдістемелермен тəсілдерді қолдануға тура келді. Бір технологияның 
өзі əртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты əрқилы жүзеге 
асырылуы мүмкін. Соңғы жылдары М.Жанпейсованың «Оқытудың 
модульдік технологиясы – оқушының дамыту құралы» əдісін жəне 
В.М.Манаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тəсілі, сондай-
ақ профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру 
ұстанымдарына негізделген технологиясын кеңінен қолдану қажет. 
Оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясының 
бастапқы бір формасы болып табылатын бағдарламалап оқыту 
мəселелері В. Беспалько, М. Кларин, И. Лернер, В. Оконь, 
Н. Талызина жəне т.б. еңбектерінде көрініс табады.
Дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технология 
Л. Выготский, Д. Эльконин, В. Давыдов, Л. Занковтың, ал жеке-
бағдарлы оқыту технологиясының жобасы Ш. Амонашвили 
еңбектерінде жан-жақты зерттелген.
Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласын-
дағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, қазіргі заманғы 
педагогикалық технологияларды оқу-тəрбие үдерісінде қолдана 


134
135
алатын бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау – оларды кəсіби 
даярлаудың ең көкейкесті аспектісінің бірі жəне бастауыш сынып 
мұғалімінің жеке тұлғасын қалыптастыру үдерісіндегі іс-əрекеттің 
нəтижесі болып табылады. Бұл мəселе бойынша жүргізілген зерттеу 
жұмыстарын зерделеу барысында бастауыш сынып мұғалімдерін 
дайындаудың бірнеше бағыттары бар екенін байқадық.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер 
ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, 
адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты 
міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет 
жаңару бастауыш сынып мұғалімінің қажымас ізденімпаздығы мен 
шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да əрбір бастауыш 
сынып оқушысының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, 
ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын 
жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен 
бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты 
деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру қазіргі заманғы педагогикалық 
технологияларды ендіруді міндеттейді.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің алдына қойылып отырған 
міндеттердің бірі – бастауыш мектепте оқытудың əдіс-тəсілдерін 
үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі заманғы педагогикалық 
технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда бастауыш сынып 
мұғалімдері инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ 
барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне 
ықпалын тигізуде. 
Сонымен, қазіргі заманғы педагогикалық технология бастауыш 
мектепте оқытудың ұтымды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде 
жұмыс істейді жəне оқуда қолданылатын тəсілдер жүйесі ретінде, 
оқытудың шынайы барысы ретінде де қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет