310
311
есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға
байланысты есептер 1-сыныптан бастап-ақ енген.
«Кері есеп» ұғымы алғаш көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі
тиімді. Мысалы: столға 5 кітап қойып, оның жанына портфельді
орналастырған соң, мына есеп айтылады.
Столда 5 кітап бар, ал портфельдегі кітаптардың 3-еуі артық.
Портфельде қанша кітап бар?
Бұдан соң: не
белгілі, не белгісіз, артық па, кем бе екенін
анықтауға арналған сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.
Есеп шығарылады. Кері есепке көшер алдында,
столдағы
кітаптарды алып тастап, балалар, портфельде 8 кітап бар, ал столдағы
кітаптың одан 3-еуі кем. Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған
соң, алдынғы есепте не белгілі болды, нені таптық, ал соңғыда ше?
деген сұрақтарға жауаптар алынады.
Белгісізді бірінші жағдайда қандай амалмен тапқанымызды
анықтаймыз. Содан кейін ғана «кері есеп» ұғымы енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: